astana-view

Жастарға қажетті жағдай жасалған ба?

2015 жылғы 20 Мамыр
9662 просмотров

«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы жанынан ашылған пікірталас клубы бизнестің жиналып қалған түйткілдерін талқылауды мақсат тұтады. Алғашқы отырыс жастар кәсіпкерлігінің қалыптасуындағы қиындықтарға арналды.

«Атамекен» ҰКП Басқарма Төрағасы Абылай Мырзахметов клуб отырысын аша отырып, бұл кездесулердің ай сайын өткізіліп тұратынын, оның үстіне көшпелі түрі де ұйымдастырылатынын баса айтты.

«Атамекенде» көптеген бастапқы құжаттамалар жиналып тұр, оның пікірталас үшін ғана емес, бірлескен ұсыныстар мен заңнамалық бастамалар даярлау үшін де қажет боларына сенеміз», - деді Абылай Мырзахметов.

Отырыста «Қоғамдық пікір» зерттеу институты жастар және кәсіпкер жастар арасында жүргізген әлеуметтік-экономикалық зерттеу нәтижелері таныстырылды.

Сауалнама жастарды көбінесе сыбайлас жемқорлық, жұмыссыздық және кедейшілік мәселелері қаймықтыратынын көрсетті. Бір қызығы, жастар үшін өз ісін ашудағы басты кедергі «батылсыздық» болып шыққан.

Ауылдық жерлердегі жас азаматтардың қалалық тұрғыластарына қарағанда жеке іс ашуды жиі қолға алатыны жайлы да жаңалық ерекше естілді. Олар басты түрткі материалдық жағдайын жақсартуға ұмтылыс деп көрсетіп отыр.

«Қоғамдық пікір» респонденттері бизнесінің дамуына көбінесе коммерциялық жылжымайтын мүлікті жалдаудың қымбаттығы, кредиттің қолжетімсіздігі, кәсіпкерлік білімнің жоқтығы және жеке істі дұрыс ашу, салықты дұрыс төлеу жолдары жайлы ақпараттың тапшылығы, т.б. бөгет жасайтынын айтып шағынды.

Әлеуметтік сауалнама қорытындысына берілген түсініктер де әрқилы болды. Сонымен, саясаттанушы Берік Әбдіғали өңірлерден келген жас кәсіпкерлермен таныстықтан алған әсерімен бөлісті.

«Жеке бизнес жүргізу ниеті олардың бойында баршылық, бірақ олар қандай да бір себептен кредит алғылары келмейді. Көпшілігіне ешкімге міндетті болмау, өз бетінше қалуды қалау синдромы тән», - дейді саясаттанушы.

Блогер Ғалым Байтүк жаңа бизнесті ашу тұрғысынан көпшілік жастардың батылсыздығына таң қалмайтынын атады.

«Ісін бастаушы кәсіпкерлер сенімділігін көтеру үшін кәсіп түрлері бойынша семинарлар қажет, егжей-тегжейлі консультациялар берілуі керек… Жастық – қамығуға сылтау емес. Facebook әлеуметтік желісінің негізін қалаушы Марк Цукерберг те жас кәсіпкер», - деп есептейді Ғалым Байтүк.

Пікірталас клубының отырысында бірсыпыра ой айтылды. Айтпақшы, «Атамекен» Ұлттық палатасы пікір-пайымы мен идеологиялық тұғырнамасы әр түрлі сарапшылар мен практиктерді шақырып қана қоймай, онлайн-трансляция да ұйымдастырды. Ісін бастаушы кәсіпкерлер клуб жұмысын тегін де шынайы уақыт режимінде тамашалау мүмкіндігін алып, қажет ақпаратқа қанықты.

«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының Қазақстандағы алғашқы онлайн-кеңесшіге айналғанын да атап өту қажет. Сондықтан, құрметті www.palata.kz сайтының оқырмандары, біздің әлеуметтік желідегі аккаунтымызға жазылуға шақырамыз, сонда бизнес бағыттан ауытқымайтыныңыз анық.

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер