astana-view

Бизнес түйткілдері шешімін табады

2015 жылғы 25 Тамыз
9670 просмотров

«Атамекен» ҰКП кәсіпкерлер түйткілінің 10 пайызын ғана шеше алмай отыр

Ұлттық палата Басқарма Төрағасының орынбасары Гүлнар Құрбанбаева palata.kz тілшісіне бүгінде бизнесті алаңдатып отырған жүйелік түйткілдердің (яғни заңнамадағы кемшіліктерден туындайтын түйткілдер) қалай шешіліп жатқаны жайлы айтып берді.

«Атамекен» ҰКП кәсіпкерлер үшін жасақтаған танымал өнімдерінің бірі – бұл бизнес субъектілері түйткілдерінің Тізілімі. «Кәсіпкерді толғандырып жүрген түйткіл Ұлттық палатаны да толғандырады. Түйткілдер тізілімінің арқасында әрбір кәсіпкер шынайы уақыт режимінде ҰКП сайтына тәуліктің кез-келген уақытында кіріп, Ұлттық палатаның қандай мәселелер төңірегінде жұмыс жасап жатқанын, оның қандай дәрежеде орындалып жатқанын, нені шеше алғанымызды, қандай да бір түйткілдің шешілуі үшін, тағы қандай қадамдар жасалатынын көруге болады», - деп атады Гүлнар Құрбанбаева.

Оның айтуынша, 2014 жыл мен 2015 жылдың 8 айы ішінде бизнесті толғандырып жүрген 400-ден астамнан тұратын түйткілдер «пулы» қалыптасты. «Тізілімге кәсіпкерге жеке кездескен түйткіл емес, көптеген кәсіпкерлерге ұшырасатын жүйелік түйткілдердің енетінін түсіндіріп кетейін», - деді ҰКП басқарма басшысының орынбасары.

Бизнестің дамуына жәрдемдесу жөнінен Палатаның барлық құрылымдық бөлімшелері орталық аппаратта да, өңірлік филиалдарда да белсенді жұмыс жүргізуде. «Түйткілдерін айтып отыратын кәсіпкерлердің де, Палата қызметкерлерімен бірге осы түйткілдерді шешуге қатысатын бизнес-қауымдастықтардың да белсенділігін атап өту керек. Бұл нәтижелілігімізді арттыруға сеп болды: бүгінде түйткілдердің 60%-ға жуығы, яғни жартысынан астамы құқықтық актілерге өзгертулер енгізу жолымен шешілді. Біз оларды кез-келген кәсіпкер қандай да бір ауданда немесе қалада осындай түйткілге тап болып жатса, тізілімге қарап, өзгертуді көре алсын деген оймен тізілімде қалдырып отырамыз. Сонда ол прокуратураға, біздің өңірлік палатаға немесе өзге де органдарға қандай да бір шенеуніктердің әрекетіне шағымдану үшін жүгіне алады», - деді ол.

Гүлнар Құрбанбаева сонымен бірге жүзден астам түйткілдің соңғы 3-4 айда ғана пайда болғанын атап өтті. Қазір Ұлттық палата қызметкерлері оларды шешу жолдарын іздеуде, мемлекеттік органдармен келіссөздер жүргізеді, заңнамаға өзгертуді ұсынып мемлекеттік басқару органдарына шығады. «Бүгінгі күні тек 38 түйткіл шешімін таппай отыр, себебі әзірше біздің аталмыш түйткілдерді шешу жөніндегі ұсыныстарымызды мемлекеттік органдар қолдамай отыр», - дейді сарапшы.

Ұлттық палата өкілі кәсіпкерлердің ҰКП-ға деген сенімінің артқанын да хабарлады. «Статистика осы жылдың 7 айында кәсіпкерлерден 2,5 мың өтініш келіп түскенін көрсетеді. Бұл көрсеткіш былтырғыдан жоғары», - деді Гүлнар Құрбанбаева.

Ол сонымен қатар бизнестің кейбір түйткілдерінің жыл сайын қайталанып тұратынын баса көрсетті.

«Бұл негізінде салық салу, экологиялық реттеу, ауыл шаруашылығы, қаржыландыру, мемлекеттік қолдауды ұйымдастыру, рұқсаттар беру мәселелері. Олар мемлекеттік органдардағы заң талаптарының аса жиі өзгеруі тенденциясы салдарынан қайталана береді», - деп түсіндірді Палата басқарма төрағасының орынбасары.

«Бір түйткілдердің бизнес үшін біршама өткір болуына, келесісінің қарапайым болуына қарамастан, бәрін де шешуге тырысамыз. Біреу үшін салықтық әкімшілік ету мәселесі өзекті, басқа біреу үшін жарнама түйткілін шешу маңызды. «Мына мәселе маңыздырақ, соны ғана шешеміз», - деп айтуға құқымыз жоқ. Бұл жерде кәсіпкерлерімізді сабырға шақыруымыз керек. Барлық өтініштеріңіз бірдей өзекті, олармен жұмыс жасалып жатыр және бәрі де біздің бақылауымызда», - деп қорытты Гүлнар Құрбанбаева.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер