astana-view

Райымбек Баталов СҚО кәсіпкерлерімен кездесті

2022 жылғы 12 Тамыз
- Солтүстік Қазақстан облысы
9760 просмотров

 ЖЭО-2-нің жылу беру маусымына дайындығы, құрылыс материалдарына бағаны индекстеу, жер мәселелері, ауыл бизнесін қолдау үшін жаңа құралдар жасау, астыққа баға белгілеу. Осы және басқа да мәселелер Солтүстік Қазақстан облысы әкімі және «Атамекен» ҚР ҰКП Төралқа төрағасы Райымбек Баталовтың өңірдің бизнес қауымдастығымен кездесуі барысында айтылды.

Жиынды ашып, облыс әкімі Құмар Ақсақалов мұндай кездесулерде негізгі басымдық шағын бизнестің дамуы және өңір кәсіпкерлерінің құқығын қорғауға берілетінін атап өтті.

«Өңірдің шағын және орта бизнес өнімдерін шығару 5 жыл ішінде 2,4 есеге – өткен жылдың қорытындысы бойынша 370 млрд теңгеден 912 млрд теңгеге дейін өсті. Бүгінде Қазақстанның ЖІӨ-дегі ШОБ үлесі 30,5% - ды құрайды, ал біздің облыста бұл көрсеткіш 5 жыл ішінде 7%-ға өсіп, 31,5%-ды құрайды. Бес жыл ішінде шағын және орта бизнестен түсетін салық аударымдары 2,3 есеге өсіп, 70 млрд теңгені құрады», – деп атап өтті Құмар Ақсақалов.

Сондай-ақ, өңір басшысы «Атамекен» ҚР ҰКП Төралқа төрағасы Райымбек Баталов және кездесуге қатысушылардың назарын қолданыстағы мемлекеттік бағдарламалар арқылы өңірдің кәсіпкерлігін дамытуды қаржылай қолдауға аударды.

«Ұлттық жоба (бұған дейін – «БЖК-2025») және «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы шеңберінде өңір кәсіпкерлерін қолдауға 2022 жылы 8,6 млрд теңге бөлінді. Бұл 2021 жылдағы көрсеткіштен 1,4 есеге артық. 2022 жылдың қорытындысы бойынша 150 жаңа жобаны қолдау, ШОБ субъектілерінің салықтары мен өнім шығаруын 20%-ға арттыруды жоспарлап отырмыз», – деп жалғастырды облыс әкімі, өңірде қолайлы бизнес-ахуал қалыптастыру үшін жұмыс жүргізіліп жатқанын атап өтті.

Өз кезегінде «Атамекен» Ұлттық палатасы Төралқа төрағасы Райымбек Баталов Солтүстік Қазақстан облысының дамуына тәнті болғанын атап өтті.

 «Кеше бірнеше өнеркәсіп кәсіпорындарына барып, бар әлеуетке таңданым. Бұл Солтүстік Қазақстан тұрғысынан  кәсіпорындардың алдында ішкі нарыққа ғана емес, көрші шекара маңы нарығына да жұмыс істеуге зор мүмкіндігі бар бірегей өңір екенінің жарқын мысалы. Бұл дегеніміз кемінде 5-7 млн адам. Егер трансформация аясында қазір немен айналысатынымыз туралы айтатын болсақ, онда бірінші кезекте өңірлік бизнеске қызықты мәселелерге назар аудару өте маңызды деп санаймыз. Әр өңірдің өзіндік ерекшелігі бар. Сондықтан біз облыстардың мықты тұстарын сараптап, оларды дамытуға көмектесу міндетіміз. Жұмыста үшін үш бағытты белгіледік: Палатаның негізгі бағыты шағын және микробизнесті дамыту, содан кейін орта және ірі бизнес, үшінші – бизнесті қорғауға бағытталады», – деп атап өтті Райымбек Баталов.

 Жиында кәсіпкерлер  жер қатынастары, шағын және микробизнесті қолдау, мемлекеттік сатып алу, баға белгілеу саласындағы негізгі түйткілді мәселелерді көтерді.

Сонымен, құрылысшылар қауымдастығы мен қала тұрғындарын Петропавл 2-ЖЭО жөндеу жұмыстары және алдағы жылу  маусымында жылумен қамтамасыз ету мәселесі толғандырады. Облыс әкімінің айтуынша, бұл мәселе жергілікті биліктің бақылауында. Жөндеу жұмыстары жүріп жатыр, осы қыста 12 қазандық агрегатының 11-і жұмыс істейтін болады.

«Биыл құлаған құбырды толығымен қиратамыз және бірінші және екінші құбырды орнына бір жаңа құбыр салуды бастаймыз. Өйткені екінші құбырдың да тозығы жеткен», – деді облыс әкімі Құмар Ақсақалов.

 «Целинное-2004» ЖШС өкілі Елена Пригоженко жиын барысында Ұлттық экономика министрлігінің бұйрығында алып тасталған СЭҚ ТН  коды мәселесін көтерді. Бұл код Қазақстанда баламасы жоқ шетелде ауыл шаруашылығы техникасын сатып алу кезінде шаруашылыққа қосылған құн салығын есепке алу құқығын берді. Серіктестік мұндай техниканы Канададан сатып алды. Атап айтқанда екі Bourgault егіс кешені сатып алынды. Техника кедендік ресімделіп, Қазақстанға 2022 жылғы 30 наурызда және 13 сәуірде әкелінді. Алайда Министрліктің жаңа бұйрығы шығып (2022 жылғы 17 сәуірде қолданысқа енгізілді), осы салық есепке алу әдісімен төленетін бірқатар импортталатын тауарлар алынып тасталды. Бұл құжат күшіне 2022 жылдың 1 қаңтарынан енді. Бұл тізімге ЖШС сатып алған техникаға жататын СЭҚ ТН коды да іліккен. Бұдан басқа, осы тізбені қалыптастыру қағидаларынан осы бұйрықпен тауарлар тізбесінен алып тастау жөніндегі ұсыныстарға мыналар қоса берілетін норманы алып тастады: - өндірушінің атауын (нақты көлемін) көрсете отырып, Қазақстан Республикасының аумағында ұқсас тауарларды өндірудің жылдық көлемі туралы экономиканың тиісті саласын басқару мәселелері жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның қорытындысы алынып тасталған. Мұнымен ЖШС өкілі келіспейді.

 «Былтыр кәсіпорын ауыл шаруашылығы техникасы паркін жаңарту және жұмыс орындарын жақсарту мақсатында егін егу техника топтамаларын сатып алу туралы шешім қабылдады. Заңнаманы талдау кезінде біз мұндай техниканы сатып алу кезінде алдымен Қазақстан Республикасының аумағында, яғни отандық өндірісте осындай техниканың бар-жоғын тексеруіміз керек екенін көрдік. Егер жоқ болған жағдайда ғана, оны шетелде сатып алған кезде біз ҚР ҰЭМ бұйрығына сәйкес ҚҚС-ты есепке алуға құқылымыз. Яғни мемлекет отандық өндірушілерді қолдау мақсатында Заңда Қазақстан Республикасының аумағында өндірісі жоқ тауарлар тізбеге енгізілетіні тікелей көрсетілген. Алайда, нәтижесінде сатып алынған техниканы әкелу кезінде біз ҚҚС есепке алу түрінде мемлекет ұсынатын жеңілідктен айырылуға мәжбүр болдық», – деп Елена Пригоженко алып тасталған тармақты және алып тасталған СЭҚ кодын қайтаруды сұрай отырып, хабардар етті.

Қазіргі кезде Қазақстан аумағында ауыл шаруашылығы өндірісінің тізбесі жоқ, осы мәселемен айналысатын мемлекеттік орган белгіленбеген. Мұндай орган өндірушінің атауы мен өндірістің нақты көлемін көрсете отырып, Қазақстан Республикасының аумағында ұқсас тауарларды өндірудің жылдық көлемі туралы қорытынды бере отырып, осы мәселемен айналысар еді.

Ұлттық палата басшысы атап өткендей, бұл мәселе республикалық деңгейдегі проблема. Осыған ұқсас өтініштер ҰКП-ға басқа өңірлерден келіп түскен. ҰКП осы бұйрықтың кері күшін жоюға бастамашы болды. Бастама қолдау тапты, мемлекеттік комиссия тиісті ұсыныстар берді. Сондықтан «Атамекен» мамандары мәселемен жақсы таныс және оны шешу үшін жұмыс істеуде.

 «Өзгерістер енгізу процесі өте ұзақ. Бірақ біз қазірдің өзінде қолдау тауып, осы мүмкіндікті пайдалана алу үшін 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап СЭҚ ТН кодын енгіземіз деп үміттенеміз», - деп атап өтті Райымбек Баталов.

Қазір өңірде, тіпті бүкіл Қазақстан бойынша құрылыс материалдарының бағасын индекстеуді енгізу қажеттілігі мәселесі өзекті. Мұны ай сайын автомат режимде жасау керек, деп санайды СҚО құрылысшылар қауымдастығының мүшесі, өңірлік кеңесінің мүшесі, жеке кәсіпкер Владимир Богданов. Кәсіпкердің айтуынша, тоқсан сайын құрылыс материалдары қымбаттап жатыр.  Олардың бағасы сметалық құжаттамада белгіленген шектерден бірнеше есе асып түседі. Бұл жайт құрылыс-монтаждау жұмыстарын мемлекеттік сатып алу саласында жұмыс істейтін компаниялардың болуына қауіп төндіреді.

«Жобалау-сметалық құжаттамалардың параметрлерін анықтауға өңірлік тәсілді енгізу және СҚО өндірушілер мен импорттаушылар бағасының өңірлік салалық индексі деп аталатын толық 100% цифрлық өнімді құру қажет. Бұл бағдарламалық өнім 1С-бухгалтерия жүйесінен бағаларды автомат  режимде алатын болады.  Мұнда негізгі өндірушілер мен құрылыс материалдарын ірі жеткізушілердің есебінен белгілі бір бағалар тізілімі бар, яғни өңірлік баға индексі автоматты режимде қалыптасатын болады. Нәтижесінде өңірлік баға өзгерісін барынша дәл қадағалауға және белгіленген норма шегінде тендердің мөлшерлік құнын түзетуге мүмкіндік береді. Бұл шара тағы бір проблеманы болдырмауға мүмкіндік береді – бизнестің ресми статистикаға деген қысымы өте төмен. Өйткені бұрыс статистикалық деректер негізінде жобалау-сметалық құжаттама қалыптасып жатыр. Осы мақсатта жергілікті атқарушы органдар өндірушілердің өңірлік баға индексі негізінде бір шаршы метр құны бойынша нысаналы көрсеткіштерді өз бетінше белгілеу қажет», – деп атап өтті Владимир Богданов СҚО-да пилоттық жоба  ретінде осындай өнімді іске қосуды ұсынып.

Ұлттық палата басшысы мұндай пилоттық жоба Солтүстік Қазақстан облысында іске қосу идеясын  қолдап, мұндай проблема еліміздің солтүстігінде ғана емес, басқа да өңірлерде барын атап өтті.

«Мен автоматтандырылған жүйені әзірлеу жақсы идея деп санаймын. Бірақ оны сынақтан өткізу үшін пилоттық жобаны іске қосу керек. Бұл Солтүстік Қазақстанда да мүмкін. Өйткені облыс географиялық орналасуы,  табиғи-климаттық жағдайлардың ерекшеліктеріне байланысты шынымен ерекше аймақ. Жұмысқа кірісіп, СҚО мысалында байқап көруге тырысайық», – деп түйіндеді «Атамекен» ҚР ҰКП Төралқа төрағасы Райымбек Баталов.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер