astana-view

Бизнеске қабілетті екеніңді дәлелде

2015 жылғы 30 Қараша
8581 просмотров

Қазақстанда тиімсіз салық жеңілдіктері күшін жояды, ал бюджеттік бағдарламаларды тексеріс күтіп тұр

Бұл туралы бүгін Қазақстанның Президенті Нұрсұлтан Назарбаев жыл сайынғы Қазақстан халқына Жолдауында мәлімдеді. Бұл жолғы Жолдау «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсу, реформалар, даму» деп аталды. Мемлекет басшысы салық артықшылықтары жүйесін түзету сөзсіз әсерін тигізетінін баса көрсетті. «Тек үш деңгей ғана қалуы керек. Олар – жалпы, жеке кәсіпкерлер үшін патент және шағын және орта бизнес, сондай-ақ, аграрлық сектор үшін арнайы салық режимі. Мұндай механизм «көлеңкелі экономиканы» жарыққа алып шығатын болады», - деп атады ол. Осыған байланысты Үкіметтің басты міндеті «салық саласының ашықтығын көтеру» болуға тиіс.  «Тек осылай еткенде ғана экономиканың әрбір субъектісі салықтарды толық көлемде төлеуге мүдделі болмақ», - деді Мемлекет басшысы

Үкіметке берілген тағы бір тапсырма «барлық бюджеттік бағдарламаларға толықтай тексеріс жүргізуге» қатысты болды. «Дағдарыс жағдайында әрбір теңге маңызды. Тиімсіз шығындар немесе жеке сектор есебінен жабылуы мүмкін шығындар бюджеттен шығарылуы тиіс», - деп түсіндірді Елбасы.  Нұрсұлтан Назарбаев сонымен қатар Ұлттық қор қаражатына біршама ықыласпен қараудың маңыздылығын баса көрсетіп, оны ағымдағы шығындарға пайдалануды «тоқтату керек» деп атады.

Мемлекет басшысының тапсырмалары «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы тарапынан қолдауға ие боп үлгерді. «Атамекен» ҰКП басқарма Төрағасы Абылай Мырзахметов президент нұсқауларына palata.kz тілшісінің өтінішімен түсінік бере отырып, олардың «бизнес үшін ерекше маңыздылығын» атады. «Тиімсіз жеңілдіктер күшін жояды, ал бизнестің бұған қатты сенім артуының қажеті шамалы. Микро және шағын кәсіпорындар үшін ғана жұмысбастылықты қолдап, қамтамасыз ететін боламыз», - деді Абылай Мырзахметов. Ол жаңа экономикалық жағдайда кәсіпорындардың экономикалық әрі әлеуметтік қайтарымын ғана арттырып қоймай, бәсекеге қабілеттілігін өсіру керектігін атады. «Аяғына нық тұрған бизнес әлдеқайда тиімді жұмыс жасауға тиіс, бәсекеге қабілетті болу керек. Білек сыбана іске кірісу керек!», - деп үндеді Абылай Мырзахметов.

Жанар Сердалина 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер