astana-view

Білім алу және тағылымдамадан өту тегін

2016 жылғы 18 Наурыз
- Қостанай облысы
10453 просмотров

Қостанай облысының кәсіпкерлер палатасы бизнесмендерді «Іскерлік байланыстар» жобасына қатысуға шақырады

Ол «Бизнестің жол картасы–2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы аясында іске асырылады.

Ең алдымен жоба өз өндірісін жаңартуды, жаңа технологиялар енгізуді немесе шетелдік тәжірибені пайдалана отырып қызметкерлерінің жұмысын жетілдіруді қалайтын кәсіпкерлерді қызықтырып отыр. Біріншіден қатысушыларға іскерлік келіссөздер жүргізу бойынша тренингтерден өту қажет, содан кейін олар өз таңдауларына қарай тағылымдама алу мақсатында Германия, Англия немесе Канадаға баратын болады.

«Мұндағы түпкілікті мақсат – шетелдік инвесторлармен әріптестік орнату, келісім-шарттар бекіту. Жаңа технологияларға, немесе жаңасын ашуға қажетті грантқа, бірлескен өндіріске қатысты келісімшарттарға қол жеткізу. Қатысушыға қажетті ең басты нәрсе – тағылымдаманың мақсатын анықтау және әлеуетті серіктестер мен жеткізушілер туралы ақпаратқа ие болу»,–дейді Қостанай облысы кәсіпкерлер палатасының бизнес-тренері Теңіз Қабақов.

Өткен жылы жобаға қатысқандардың бірі Жітіқарадан «ПРОФИ» Оқу орталығы» ЖШС директоры Андрей Бабич болды. Кәсіпкер «В» санатындағы жүргізушілерді оқып-үйретудің неміс тәжірибесін қабылдау туралы шешім қабылдаған. Ол тағылымдаманың өте пайдалы болғандығын айтады. «Германияның жүргізушілерді үйрету әдіснамасы біздікінен қатты ерекшеленеді. Мысалы, ондағы бөлмелер мүлдем басқаша жабдықталған, сондай-ақ тәжірибенің басым бөлігін жолдарда емес, арнайы көліктік жаттығу құрылғысында өту қажет. Сондықтан бүгінде біз өзіміздің оқу орталығымызға осындай аппарат сатып алуды жоспарлап отырмыз»,– деп атап өтті Андей Бабич.

Жалпы өткен жылы жоба аясында Германиядағы үш апталық тағылымдамадан өңірдің үш кәсіпкері өтті. Осы жылы қатысу туралы өтінімдерді Әл-Фараби даңғылы, 116, 1 қабат мекен-жайында орналасқан Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығында, сонымен бірге өңірлер мен моноқалалардағы Палата жанындағы филиалдардың Кәсіпкерлерді қолдау орталықтарында да беруге болады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер