astana-view

2020 жылға дейін Қазақстанда 550-ден астам кәсіби стандарттар жасалатын болады

2016 жылғы 30 Наурыз
12250 просмотров

«Атамекен» ҚР ҰКП Әлеуметтік сала және әлеуметтік әріптестік комитетінің отырысында кәсіби стандарттардың жобаларын жасау мәселелері талқыланды 

ҚР Ұлттық біліктілік жүйелерінің компоненті ретіндегі кәсіби стандарттар мамандықтар бойынша функцияларға, шеберлік пен білімге қойылатын ұлттық деңгейдегі кәсіби талаптардың жинағы саналады. Оны (КС) және кәсіптердің барлық (Кәсіптер классификаторы) тізімдерін жүйелеуді мемлекеттік салалық органдар да, білім беру саласы мекемелері де қажетсініп отыр.

2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап ҚР Еңбек кодексіндегі кәсіби стандарттарды жасау, ауыстыру және қайта қарауды жұмыс беруші бірлестіктері орындап, оны «Атамекен» ҚР Палатасы бекітетіні туралы өзгерістер күшіне енген болатын.

Өткен жылдары (2013-2015 жж.) ҚР ДӘДМ салалық министрліктермен бірге кәсіби стандарттарды жасауға тапсырыс жасаған. Кәсіби стандарттарды салалық министрліктердің тендерлерін ұтып алғандар жасап шығарды.

Байқау қатысушыларының бағалық ұсыныстарын көрсетер кездегі мемлекеттік сатып алулар бағасын төмендету арқылы кәсіби стандарттарға кететін қаржы «үнемделген». Нәтижесінде бекітілген бағаның 45%-ына дейін жететін бағалық ұсыныстары бар ұйымдар жекелеген кәсіби стандарттар бойынша мемлекеттік байқаулар жеңімпаздары болып тағайындалды.

Кәсіби стандарттарды жасау құнын төмендете көрсету арқылы тек экономикалық мүддені көздеген ұйымдардың басым түсуі және бұл іске салалық қауымдастықтар сарапшыларының белсене атсалыспауынан кәсіби стандарттар сапасының төмен деңгейде жасалуы әлі де жалғасып келеді.  Енгізілген жаңалықтар нәтижесінде өткен жылдарда кәсіби стандарттарды жасауда орын алған қиындықтар еңсерілді. Олар:

1. Салалық министрліктер көп жағдайда кәсіби стандарттарды жасау үшін техникалық тапсырмаларды «Атамекен» ҚР Ұлттық палатасымен келісіп жасамайды;

2. Кәсіби стандарттарды жасау бойынша байқаулардың жеңімпаз-ұйымдары, олармен жасалған келісімге отырудың іс жүзіндегі сомалары туралы ақпаратқа қолжетімділік болмаған;

3. «Атамекен» ҚР ҰКП сараптамасына кәсіби стандарттар жобалары түсіндірме жазбаларсыз тапсырылатын, ал онда кәсіби стандартты жасау процесі сипатталуы тиіс болатын (кәсіби сала мен қызметті талдау нәтижелері, ескірген мамандықтарды алып тастап, жаңаларын қосу арқылы негізделген  кәсіби біліктілік карталары).

4. Жасаушы ұйымдардың аралық нәтижелері салалық қауымдастықтар мен «Атамекен» ҚР ҰКП-ға мәлім етілмеген. Себебі оларға қатысты салалық қауымдастықтардың ескертулері мен ұсыныстарын бастапқы кезеңде-ақ жөндеуге болар еді.

Бүгінгі таңда «Атамекен» ҚР ҰКП-да Кәсіби стандарттар ережелерін жасап шығарып, ол салалық қауымдастықтармен келісілді. Бұл Ережелер 2015 жылдың 28 желтоқсанында ҚР ДӘДМ № 1035 бұйрығымен бекітілген кәсіби стандарттарды жасау, енгізу, ауыстыру және қайта қарау ережелері негізінде жасап шығарылды.

ҚР ҰКП Ережелеріне сәйкес Салалық комитет отырысында мақұлданған соң кәсіби стандарт «Атамекен» ҚР ҰКП басқармасы төрағасы бұйрығымен бекітіліп, Кәсіби стандарттар реестріне енгізіліп, ҰКП сайтында орналастырады.

2016 жылдың қаңтар айынан бастап ҚР ҰКП Адам капиталын дамыту департаменті апта сайын ҰКП комитеттерінің салалық сарапшылар хатшылықтарының сарапшылары мен салалық қауымдастықтар және мемлекеттік органдар өкілдерін қатыстыру арқылы кәсіби стандарттарды жақсарту мәселелері бойынша жұмыс кездесулерін ұйымдастырады.

Кәсіби стандарттарды жасау бойынша барлық нормативті құжаттар мен әдіснамалық ұсыныстар ҰКП сайтында қазақ және орыс тілдерінде жарияланады.

ҚР ҰКП-на жіберілген барлық кәсіби стандарт жобалары бекітілмес бұрын алдын ала талқылану үшін сайтта орналастырылған.

2016 жылдан бастап ҚР Ұлттық біліктілік жүйесін қалыптастыру бойынша жұмыс жасау және оны қаржыландыру Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Халықаралық қайта құру және даму банкі арасындағы жаңа Келісім аясында «Еңбек дағдыларын дамыту және жаңа жұмыс орындарын ынталандыру» жобасы бойынша жалғасын таппақ. Аталған жобаны іске асыру мерзімдері 5 жыл (2020 жылға дейін). Жоба шеңберінде 550-ден астам кәсіби стандарттар жасап шығару жоспарланып отыр (2016 жылы 70 КС).

Кәсіби стандарттар жобалары басым дауыс жинау арқылы Комитет мүшелерімен мақұлданды. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер