astana-view

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күш біріктірді

2016 жылғы 25 Мамыр
- Жетісу облысы
7832 просмотров

Алматы облысының Кәсіпкерлер палатасы мемлекеттік қызмет істері департаментімен бірлесе отырып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі ауқымды шараға қатысатын болды

Мұндай келісімге Алматы облысының Кәсіпкерлер палатасы мен мемлекеттік қызмет істері департаменті арасындағы өзара әріптестік туралы меморандумға қол қою барысында қол жеткізілді.

ӨКП-дан бөлек құжатқа ішкі саясат басқармасы, жастар ісі жөніндегі басқарма, «Нұр Отан» партиясының филиалы, «Жетісу» телеарнасы, «Өлке тынысы» ЖШС, І.Жансүгіров атындағы ЖМУ және Азаматтық альянстың филиалы қол қойды.

Бастамашылардың пікірінше, мемлекеттің барлық өкілдері мен қоғамның бірлесе жұмыс атқаруы табысты әрі тиімді болмақ. Меморандум шеңберінде әбден пісіп-жетілген тақырыптарды талқылау және БАҚ арқылы жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру үшін қоғамдық қабылдау, сұхбаттасу алаңын құру жоспарлануда. Аймақтық Кәсіпкерлер палатасының директоры Ләззат Шыңғысбаева атап өткендей, ӨКП бұл бағыт бойынша белсенді түрде жұмыс істеуде.

«Жақында облысымызға Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл Болат Палымбетов келіп кетті. Өңір басшылығымен, прокуратурамен және кәсіпкерлермен кездесу барысында ол кәсіпкерлер үшін бизнес-ортаның ахуалын анықтауда тиімді құрал саналатын тәуелсіз «Іскерлік климат» рейтінгісімен таныстырды. Ол, сондай-ақ, жергілікті мемлекеттік органдардың жұмысын бағалау тәсілдерінің бірі. Сауалнама 5 негізгі өлшем бойынша жүргізілді: әкімшілік реттеу, мемлекеттік қолдау, жылжымайтын мүлік, адами және қаржылық ресурстар. Атап өтерлігі, рейтинг нәтижесі бойынша Алматы облысы сыбайлас жемқорлық деңгейі төмен деген үштіктің қатарына енді», – деп атап өтті Л.Шыңғысбаева. Зерртеулерге сәйкес, сауалнамаға жауап берушілердің тең жарымы Алматы облысындағы сыбайлас жемқорлық деңгейі бұрынғысынша деп санаса, сауалнамаға жауап берушілердің 25%-ы бұл көрсеткіштің артқандығын, ал 26%-ы керісінше азайғандығын атап өткен.

Л.Шыңғысбаеваның айтуынша, ҰКП жанында Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау жөніндегі кеңес пен Сыбайлас жемқорлыққа және көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңес жұмыс істейді екен. Кәсіпкерлер мен уәкілетті мемлекеттік органдардың лауазымды тұлғаларының қатысуымен өткізілетін аталған кеңес отырыстарында бизнес субъектілерінің заңды құқықтарының бұзылуына қатысты нақты жағдайларды шешу жолдары талқыланады. Бизнес-қауымдастық өкілдерінің бұл алаңда шенеуніктерге тікелей өтініш білдірулеріне, жеке проблемасына қатысты сұрақ қоюларына мүмкіндіктері бар.

Естеріңізге сала кетер болсақ, бұрынырақ өңірлік палата экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментімен бірігіп өзара әріптестік туралы меморандумға қол қойған еді. Соның шеңберінде сәулет және жер қатынастары мәселелеріне қатысты қоғамдық мониторинг жүргізілді.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер