astana-view

Жазасын өтеушілер де жұмыссыз қалмады

2016 жылғы 31 Тамыз
- Солтүстік Қазақстан облысы
8559 просмотров

Солтүстік Қазақстан облысындағы кәсіпкер жан 10 сотталушыны жұмыспен қамтыды

Жаңа оқу жылы қарсаңында бес саусағынан бал тамған шебер тігінші іздеп табу оңай емес. Сонымен қатар, жыл өткен сайын заманауи әрі айрықша үлгідегі киім тіктіруге ниеттілердің де саны артып келеді. Осы орайда, клиенттердің уақытын үнемдеп, олардың көңілінен шығатындай тауар ұсыну мақсатында  Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданының кәсіпкері Зәмзәгүл Байманова өз бизнесін одан әрі кеңейтуді жөн санап, «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы аясында қаржылық көмек алған.

«Тапсырыстар көп түседі. Әсіресе, мектепке дейінгі кезеңде тапсырыстар саны артады. Сондықтан клиенттердің сұранысын толық қанағаттандандыру керек», – дейді екі тігін цехының иесі. 

Кәсіпкерлер палатасының Уәлиханов аудандық филиалы ынталы кәсіп иесіне құжаттарды жинап, мемлекеттік бағдарлама бойынша несие алуға өтініш беруге жәрдемдескен. Алынған қаражатқа кәсіпкер жаңа құралдар мен киім тігуге қажет материалдар алған. Байманованың бизнесін кеңейту идеясына мемлекеттік органдар да қолдау көрсеткен. Мәселен, «СҚО бойынша Қылмыстық-орындау жүйесі департаменті ЕС-164/8  » тігін цехына арналған тегін орын мен тегін жұмыс қолын ұсынған. Байманова штатқа 10 сотталушыны алған.

«Бізде тігін цехтары аз, ал тапсырыстар керісінше көп. Сондықтан, ата-аналар киім-кешектерді Петропавл мен басқа да қаладан алуға мәжбүр. Цехтың өндіріс көлемін ұлғайтқаннан кейін, мектеп киімдері үшін өзге аудандарға бару қажеттілігі жоқ», – дейді СҚО Уәлиханов ауданы КП филиалының директоры Батырхан Ахметов.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер