astana-view

Кәсіпкерлікке оқыңыздар!

2016 жылғы 15 Қыркүйек
- Солтүстік Қазақстан облысы
5968 просмотров

Солтүстік Қазақстан облысының Кәсіпкерлер палатасы жастардың іскерлік әлеуетін ашуға жағдай жасауда

Күзде 18 жасқа толған бастамашыл қыз-жігіттер үшін «Жас кәсіпкер мектебі» жобасы ашылады. Оның негізгі мақсаттары: жастарды бизнес жүргізу негіздеріне баулу, соның ішінде бизнес-жоспарлар құрып, оларды қорғауға үйрету, қаржыландыру көздері мен шағын және орта бизнесті инфрақұрылымдық қолдау нысандарына қолжетімділік мүмкіндіктерін кеңейту, жеке істі ашу туралы идеяны кеңінен тарату. Оқу тегін, семинар-тренингтер түрінде өткізіледі. Курсты тәмамдағандарға сертификаттар табыс етіледі. Сол сертификаттар арқылы жас кәсіпкерлер «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы бойынша кәсіпкерлік гранттарына өтінім бере алады. Ең үздік жобалар инвесторлар тарту үшін «Идеялар жәрмеңкесі» байқауына қатыстырылып, Өңірлік кәсіпкерлер палатасының сайтында жарияланады.

«Жас кәсіпкер мектебінде» оқу үшін Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығына өтінім берсе болады. Содан кейін СҚО КП сайтынан (petropavl.palata.kz) оқу кестесі туралы ақпаратты тексеріп отыру қажет немесе мына телефон нөміріне қоңырау шалуға болады: 8 (7152) 50 35 87.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер