astana-view

Кеденнен жарты сағатта өтуге болады

2016 жылғы 22 Қыркүйек
6843 просмотров

Мемлеттік кірістер комитеті қазақстандық импорттаушылар үшін тауарларды кеденнен өткізу шығынын азайтатынын жеткізді

Қазақстанда кедендік шекарадан өту уақыты 29 минутқа дейін қысқарып, сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар үшін кедендік операцияларды автоманттандыру одан әрі жалғастырылмақ. Салық конференциясы барысында Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы Дәулет Ерғожин, «декларациялардың 30%-ға жуығы шекарада жіберілетінін» хабарлады. Бұл ретте, транзитті декларацияны рәсімдеу, тауарды жеткізу орнына дейін жөнелту, УСО-да (УСО – уақытша сақтау орындары) тауарларды сақтау және ішкі кеденге декларацияны беру операциялары да алынып тасталған. Сонымен қатар, Дәулет Ерғожин үш құжат – келу жөніндегі ескерту, транзитті декларация және тауар декларацияларындағы  ақпарат «бірдей» екендігіне тоқталды. Сол себепті кедендік құжат айналымы қысқара түспек. «Біз ештеңе істеудің қажеті жоқ екеніне көз жеткіздік. Егер бір рет алдын ала мәлімет келген болса және жүйе ондағы бар мәліметті автоматты түрде алып, өзі барлық қажетті құжаттарды толтыратын болса, қызметкерге оны қайта толтырудың қажеті жоқ», – деді МКК төрағасы.

Мұндай өзгерістер алдын ала декларациялау жүйесіне де қатысты болмақ.

«Бүгінде, алдын ала хабар беру және алдын ала декларациялау бір-бірімен мүлде сәйкес келмейтін процестер болып есептеледі. Сол себепті алдын ала декларациялау мәліметтерін алдын ала хабар беру ретінде қарастыру көзделіп отыр», – деп атап өтті Дәулет Ерғожин. 

Бұл ретте, ақпараттық жүйе алдағы уақытта тәуелділіктерді басқару жүйесін құруға жол ашпақ. Бұл дегеніңіз, түрлі тауарларды Қазақстанға импорттаушылардың тарихы құрылады деген сөз. Бұл өз кезегінде, салық төлеушілерге біртіндеп кеденнің «жасыл» дәлізіне қолжетімділігі бар санатқа өтуге мүмкіндік береді. 

Жанар Сердалина


Еншілес ұйымдар

Серіктестер