astana-view

Қайтарымсыз авиабилеттер нарыққа қайтарылды

2018 жылғы 25 Маусым
8389 просмотров

ҚР «Тұтынушылар құқығын қорғау туралы» Заңға өзгертулер енгізілді, енді нарықта қайтарымсыз арзан авиабилеттер қайта сатылымға шығады.

 Қайтарымсыз билет – бұл жолаушы сатып алғанна кейін ұшудан бас тартып қайтадан өткізіп, ақшасын өндіре алмайтын билет түрі. Есесіне бұл категориядағы билеттер арзан саудаланады. Осылайша барлық тәуекелдерді жолаушы өз мойнына алады.

 Қазақстанда қайтарымсыз билеттер туралы норма 2016 жылға дейін жұмыс істеді, кейін «Тұтынушылар құқығын қорғау туралы» Заңымен алынып тасталды. Онда, егер жолаушы билетті қайтаратын болса, онда сатушы билет құнының 70%-ын қайтаруға міндетті деп жазылған болатын.

 Отандық авиакомпаниялар үшін мұндай норма тиімсіз еді. Осылайша олар халықаралық тасымалдаушылармен бәсекелесе алмады. Өйткені қайтармсыз билеттер – бұл әлемдік тәжірибе. Сатып алушылар да ыңғайсыздықтарға шағым жасай бастады, қайтарымсыз арзан билеттер көп адамға қатынас жасаудың жақсы мүмкіндігі еді.

 «Атамекен» ҚР Ұлтытқ кәсіпкерлер палатасына осы мәселелеге қатысты көптеген шағымдар түскен болатын. Ұлттық палата бұл шағымдар мен өтініштерді уәкілетті органдарға жолдап отырды. Нәтижесінде қайтарымсыз билеттер бойынша практика қайтарлды, енді билетті қайтарудағы нақты сома шарттарда жазылуы мүмкін (тарифке байланысты).

 ChocoFamily интернет-холдингінің жетекшісі мен құрылтайшысының бірі Рамиль Мухоряпов «қайтарымсыз билеттер» бойынша ойын шарттарын анықтап алу отандық авиакомпаниялар мен тұтынушылар үшін маңызды мәселе деп санайды.  

 «Енді авиакомпаниялар рейс бойынша орындардың бір бөлігін арзан бағада сата алады да осы сатудан түскен түсімді иемдене алады, ал тұтынушылар болса арзан билет сатып алады. Авиакомпаниялардың агенттіктері ретінде бұл қадам шағым мен даулар санын азайтады деген ойдамыз. Өйткені, әуекомпанияның ережелері мен тұтынушылардың билеттерді қайтаруда құқықтарын қорғау арасында қалатынбыз», – деді Рамиль Мухоряпов.

 Қазақсандық авиакомпаниялары өкілдерінің айтуынша бұл оң өзгерістер анағұрлым икемді баға саясатын құруға жол ашады. Осылайша шетелдік компаниялар алдында бәсекелік қабілеттілік артады.

 Өзгерістер туристік жолдамаларға да қатысты. Бұрын Заң брондау арқылы сатылып алынған туристік жолдама бойынша ақшаны толық қайтаруды талап ететін.    Бұл талап та компаниялар үшін қаржылық қиындықтар туғызатын. Әлемдік практикада турфирмалар клиенттер алдына жолдама үшін 100 пайыз алдын ала төлеу, әрі ерте брондау бойынша қайтарым болғанда айыппұлдарды тағайындайды.

«Бұл норманы алып тастау орынды. Біз дамыған қоғамда өмір сүріп жатырмыз, сондықтан туризм саласындағы әлемдік практиканы да ескеру керек. 2016 жыл Заңға өзгертулер енгізілгенде авиакомпаниялар ұсынымдарынан арзан тарифтер жойылып кетті. Екінші себеп – бұл ерте брондау. Әлемдік практикада айыппұлдар қарастырылған, барлығы шарт бойынша бекітіледі, осы ретте біз әлемге мән бермей, өзімізбен өзіміз бола алмаймыз, халықаралық нарықпен санасу керек. Есесіне ерте брондау арқылы жақсы жеңілдіктер қарастырылған», – деп санайды Қазақстан туристік агенттіктер қауымдастығының төрайымы Әсел Нұркебаева.

Заңға еңгізілген өзгертулер тұтынушылар құқығын шектемейді, бірақ тұтынушы төмен бағалардың орнына белгілі бір міндеттер мен тәуекелдерді қабылдайтын сәттердің арақатынасын ажыратады.

 

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер