astana-view

Теория жақсы, тәжірибе одан да жақсы

2016 жылғы 10 Қазан
- Солтүстік Қазақстан облысы
5410 просмотров

Осы оқу жылында Тимирязев, Айыртау және Ғ.Мүсірепов аудандарында орналасқан колледждерге дуальды оқыту жүйесі енгізіледі

Алайда бұл жаңалық кәсіпорында тәжірибеден өту кезіндегі өндірістік оқыту шеберлерінің қызметтерін ұйымдастыруға, оқу процесіндегі олардың рөліне, студенттерге өтемақы төлеуге, педагогтардың өндірістегі тағылымдамасын ұйымдастыруға қатысты біраз сұрақтар туғызуда.

Бұл туралы СҚО Кәсіпкерлер палатасы адами капиталды дамыту бөлімінің қызметкерлері ұйымдастырған педагогтармен және филиалдар директорларымен кездесу барысында айтылды.

Бөлім басшысы Владимир Литвиненко қатысушыларды дуальды оқытуға қатысты нормативтік құжаттармен таныстырып, жаңа технологияның мәнін түсіндірді, мамандар даярлаудағы кәсіпорындардың рөлін арттыруға жан-жақты тоқталып өтті. Күн тәртібіне шығарылған екінші тақырып аудандардағы жалпы білім беретін мектептерде кәсіби бағыт-бағдар беру жұмыстарын дамыту, колледжерде жаңа мамандықтар ашу туралы болды. Өйткені бизнес субъектілеріне дуальды оқытудан, кәсіпорындарда тәлімгелік ұйымдастырудан келетін пайда маңызды. Білікті жұмысшы мамандардың тапшылығы мен түлектердің білім алу деңгейлерінің төмен екендігін атап өте келе, жұмыс берушілер тәжірибелік білім берудің, яғни жұмыс орындарында оқытудың қажеттілігін айтты.

Владимир Литвиненко жүктелген міндеттердің шешімі кәсіби даярлаудың жаңа үлгісін қалыптастыруға көмектесетіндігін атап өтті.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер