astana-view

Сұлулық салонын ашады

2016 жылғы 09 Қараша
- Солтүстік Қазақстан облысы
10422 просмотров

Қызылжар ауданында жаңа сұлулық салоны ашылады

Салонның ашылуына аз ғана уақыт қалды. Жұмысшылар соңғы жұмыстарды аяқтап қалды. Бұл маңызды қадамды кәсіпкер Жаңабек Сәдуов  «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы арқылы жүзеге асыра алды. Жаңабек Жұманғалиұлы өз идеясын айтып, Кәсіпкерлер палатасы филиалының мамандарына жүгінген. Олар бизнес-жоспар құруға және қажетті құжаттар пакетін жинауға көмектескен. Талқылаудан кейін жоба мақұлданды. Оны іске асыру үшін кәсіпкер 3 млн теңге алды. Келесі жылдың басында Бескөл ауылының тұрғындары сұлулық салонының қызметін пайдаланатын болады.

Жыл басынан бері «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы бойынша филиалдың қолдауымен барлығы 13 бизнес-жоба іске қосылды. Олардың көбі агроөнеркәсіптік кешен саласындағы, сонымен қатар қызмет көрсету саласындағы жобалар болып табылады. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер