astana-view

Әлеуметтік жобалардың жәрмеңкесі өтеді

2017 жылғы 18 Қазан
3292 просмотров

«АСАР» І республикалық үшжақты серіктестік форумының аясында әлеуметтік идеялар мен жобалардың жәрмеңкесі ұйымдастырылды

Бүгінде жәрмеңкеге 122 өтінім келіп түскен. Жобалардың ең көбі Павлодар (20 жоба) мен Қостанай (17 жоба) облыстарынан түскен. Одан кейін әрқайсынан 12 жобадан Астана қаласы мен Оңтүтстік Қазақстан облысы бар.

Ақмола облысынан 9 өтінім түссе, Алматы қаласынан – 7, Алматы мен Жамбыл облыстарынан 8 жобадан қабылданды. Атырау, Қарағанды облыстарынан – 6, Қызылорда облысынан – 4, Ақтөбе мен Маңғыстау облыстарынан 3 жобадан болса, Солтүстік Қазақстан мен Шығыс Қазақстан облыстарынан бір-бір жобадан жолданған.

Аталған іс-шара үкіметті емес ұйымдарға Қазақстан кәсіпкерлерінің назарларына өз жобаларын ұсынуға мүмкіндік береді. Жәрмеңке кәсіпкерлер пен үкіметтік емес ұйымдар арасында жаңа серіктестік орнатуға жағдай жасады.

Мұндағы мақсат – коммерциялық емес ұйымдар мен кәсіпкерлердің арасында қоғамдағы әлеуметтік мәселелерді шешуде өзара байланысты күшейту, бизнестің әлеуметтік жауапкершілігін арттыру. Сонымен қатар үкіметтік емес ұйым арасында халықтың қажеттілігі мен керегін бағалау да тиімді құралды анықтау, әлеуметтік жобаны жүзеге асыру механизмдерін дамыту және үкіметтік емес ұйымдардың жұмысына бенефициар тарту, ҮЕҰ қызметкерлерінің мониторинг, қажеттілікті бағалау, әлеуметтік кәсіпкерлік жүргізу, ҮЕҰ табысты тәжірибелі мамандарының таныстырылымын жүргізу салаларындағы әлеуетін арттыру.

Жәрмеңке бірнеше кезеңнен тұрады:

  1. Бірінші кезең – 8 қыркүйектен 6 қазан аралығы – ҮЕҰ атынан жобаларымен бірге өтінім қабылдау;
  2. Екінші кезең – 6 қазаннан 30 қазан аралығында ҮЕҰ жобаларын орналастыру және кәсіпкерлер арасында тарату;
  3. Үшінші кезең – 30 қазан ҮЕҰ мен кәсіпкерлер арасында келісімге қол қою.

Әлеуметтік мәселелерді шешуге бағытталған барлық жоба asar2017.kz сайтында жарияланды.

Бизнесмендер мен қызығушылық танытқан өзге де жандар жобалармен танысып, оны жүзеге асыруға өз үлестерін қоса алады. Үкіметтік емес ұйымдардың кәсіпкерлер тарапынан қолдау көрсетілген ең сәтті жобалары Атырауда өтетін «АСАР» үшжақты серіктестік форумына шақырылады.

Еске салсақ Атырау қаласында қазан айының 30-31 күндері «Астар» І республикалық үшжақты серіктестік форумы өтеді. Аталған іс-шара «Рухани жаңғыру» қоғамдың танымды жаңғырту жобасының бір бөлігі болып саналады және жыл сайын Үкіметтік емес ұйымдар, бизнес пен мемлекет арасындағы байланыс алаңына айналады. Аталған іс-шараны ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі, «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы мен «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ ұйымдастырды.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер