astana-view

 «Эксклюзивке» құқық беру: «параллельді импортқа» тыйым салу неге алып келді?

2018 жылғы 16 Наурыз
9764 просмотров

14 наурызда «Атамекен» ҚР ҰКП шағын және орта бизнесті дамыту комитетінің жаңартылған құрамының алғашқы отырысы өтті. Жиында күн тәртібіне қойылған түйткілді мәселенің бірі – өңірлік қолданыстан жекелеген таур белгісін иелену құқығын шектеуді алып тастауды бекіту туралы талқыланды. Жеткізілетін қандай тауарларға құқық иеленушінің келісімін алмауға болады?..

Тауар белгісіне айрықша құқықты шектеудің бекітілген өңірлік қағидасы үшін отандық кәсіпкерлер әкімшілік және қылмыстық жауапқа тартылған. Құқықты алып тастаудың аталған қағидасы Еуразиялық экономикалық одақ туралы келісімшартқа сәйкес құқық иеленушінің келісімінсіз түпнұсқа өнімді жеткізуге және сатуға тыйым салады. Бұл мәселені шешу үшін бизнесмендер Ұлттық кәсіпкерлер палатасына жүгінген.

«Ұлттық палатаның бастамасымен соңғы бірнеше жылда Еуразиялық экономикалық одақта «параллельді импорт» мәселесі тілқыланып келеді. Параллельді импорт кез келген тұлғаның тауар белгісі иесінің рұқсатынсыз түпнұсқа тауарды мемлекетке жеткізуді білдіреді. Арнайы құрылған Жұмыс тобы ЕАЭО туралы келісімшартқа өзгерту енгізу туралы Хаттаманың жобасын дайындады. Онда Одақ нарығында қол жете бермейтін, аз мөлшерде немесе жоғары бағада не болмаса, ЕАЭО мүше мемлекеттердің әлеуметтік-экономикалық мүдделерінен жеткізілетін жекелеген тауар түрлері үшін шектеуді алып тастауды қарастырады», - деп баяндады «Атамекен» ҚР ҰКП Кедендік әкімшіліктендіру департаменті директорының орынбасары Эльвира Кәрімова.

Ұлттық палата Хаттама жобасын қолдайды. Жекелеген тауар санаты үшін параллельді импортты заңдастыру – тұтынушылардың мүддесіне, себебі бизнесте түпнұсқа өнімді жеткізу және өткізу мәселесінен шектеп қана қоймай, кейбір тауралардың бағасын төмендетуге мүмкіндік береді. Атап айтқанда автокөліктің қосалқы бөлшектері арзандар еді.

«Қазіргі таңда ресми дилерлер мен параллельді импорттаушылар арасында «Тайота» маркасының қосалқы бөлшектерінің бағасындағы айырмашылық жеткізу, салық және тағы басқаны қоса есептегенде 200-ден 400 пайызға дейін жетуі мүмкін. Себебі оның жеткізуге шектеу қойылған және айрықша құқықты шектеудің өңірлік қағидасы қолданылады. Осы жағдайда өңірлік құқықты шектеудің қағидасы – бизнесті тоқтататын фактор және халықтың қалтасын қағатынын түсінеміз. Егер ең болмағанда жекелеген тауарлар үшін паралелльді импортқа рұқсат берілсе, қосалқы бөлшектің бағасын 20-30%-ға арзандатуға болар еді», – деді Қазақстан тәуелсіз автобизнес одағының басқарма төрағасы Тимур Жаркенов.

Отырыста ҚР Ұлттық экономика министрлігі тауарлық белгіге өңірлік шектеу қағидасын алып тастау қолданылатын жекелеген тауарлар тізімін дайындап жатқаны айтылды.

«Салалық қауымдастықтардың ұсынысын Ұлттық экономика министрлігіне жолдадық. Тауарлық белгіге өңірлік шектеу құқығын алып тастау тізіміне Ұлттық палата шынжыр табанды экскаватор, казба жүргізгіш комбайн, бұрғылау қондырғысы, шынжыр табанды бульдозер, карьерлік жүк түсіретін көлік, дөңгелекті тиеуішті ұсынды. Сондай-ақ Тізімге жеңіл автокөліктерге арналған қосалқы бөлшектерге де шектеуді алып тастау ұсынылды. Бұл мәселе Үкіметте, Әділет министрлігінің жиынында мемлекеттік органдар мен Ұлттық палата өкілдерінің қатысуымен талқылану үстінде», – деп хабарлады Эльвира Кәрімова.

Дегенмен, бизнес өкілдерінде тізімге олардың мүддесіне сай келетін ұсыныстарды енгізуге әлі де мүмкіндік бар. Ұлттық палата ұсыныстарды наурыз айының соңына дейін қабылдайды.

Мұнымен қоса, Комитет отырысында «Атамекен» ҚР ҰКП-да аккредиттеуден өткен және Шағын және орта бизнес комитетінің құрамына енген 5 жаңа Қауымдастықтың жұмысы таныстырылды. Атап айтқанда «Өртке қарсы және апаттық-құтқару қызметі қауымдастығы», «Railways Association», «Қазақстан тәуелсіз автобизнесі қауымдастығы», «Әлеуметтік медиа маркетинг және мессенджер медиа маркетинг қызметін кәсіби жеткізушілердің қауымдастығы», «Кооперативтер мен экономикалық бас қа да форманың ұлттық қауымдастығы» енген. Әрбір қауымдастық биылдан бастап Ұлттық палатаның жұмысына белсенді қатыстырылады.

Отырыс қорытындысында Шағын және орта бизнес комитетінің 2018 жылға арналған жұмыс жоспары бекітілді. Барлық қауымдастықтарды жүзеге асыруға белсенді қатысуға шақырды.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер