astana-view

Заңгерлің көмек саласындағы өзін-өзі реттеу институты: Мәжіліс адвокаттық қызмет туралы заңды мақұлдады

2018 жылғы 06 Маусым
5055 просмотров

ҚР Парламенті Мәжілісінің пленарлық отырысының екінші оқылымда «Адвокаттық қызмет және заңгерлік көмек туралы» және «Қазақстан Республикасының адвокаттық қызмет және заңгерлік көмек мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілерге өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобаларын мақұлдады.

Заң жобасының мақсаты – азаматтардың білікті заңгерлік көмек алуда олардың конституциялық құқығын жүзеге асыруда, сондай-ақ оны көрсетудің механизмдерін жетілдіруде құқық, бостандық және заңды  мүддені қорғауды күшейту.

Атап айтқанда заң жобаларында кешенді әлеуметтік заңгерлік көмек көрсетуді енгізу, адвокаттар мамандығына кіру (мүшелікке кіру жарнасына тыйым салынады), заңгерлік көмек көрсететін тұлғалардың біліктілігін жыл сайын міндетті түрде арттыру механизмі енгізіледі, адвокаттар мен заңгерлік кеңес берушілерінің кәсіби қызметін міндетті сақтандыруды енгізу қарастырылған.

Заң жобасындаңы енгізілген жаңалық заңгерлік көмек көрсету саласында өзін-өзі реттеу институты саналады. Бұл заңгерлік кеңес берушілер палатасында азаматтық сотта заңгерлік көмек көрсететін кемінде 50 жеке тұлғаны міндетті мүшелік шартымен бірлестіру қарастырырады.

Мұнымен қоса, заңгерлік кеңес берушілер мен өзін-өзі реттеу ұйымдарының – заңгерлік кеңес берушілер палатасының құқықтық дәрежесі, құқығы мен міндеттері бекітіледі.

Осылайша, Азаматтық процессуалдық кодекстегі өзгерістерге сәйкес, бапсырма бойынша өкілдер заңгерлік көмек көрсетушілер палатасының мүшесі бола алады.

Заң жобасына негізгі мақсаты Қазақстан Республикасының азаматтарына көрсетілетін заңгерлік көмектің ашықтығын, әділдігін қамтамасыз ету және сапасын арттыру болатын ұсыныстар енгізілгенін атап өту керек.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер