«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Біз туралы
Қаз

Тимур Құлыбаев Қарағандыдағы компаниялардың әлеуетіне баға берді

11 Маусым 2018 - Қарағанды облысы
2019 просмотров

«Атамекен» ҚР ҰКП Төралқа Төрағасы Тимур Құлыбаев Қарағанды облысына жасаған жұмыс сапары барысында «Maker» Қарағанды құю-машина жасау зауыты» ЖШС жұмысымен танысып, бірінші мамандандырылған аллергологиялық орталыққа барды

«Maker» Қарағанды құю-машина жасау зауыты» ­–  өңірдегі машина жасау өкілдігінің бірі. Негізгі қызмет түрі – тау-кен-шахта жадбығын дайындау және жөндеу, «Қазақмыс» ЖШС кәсіпорынын машина жасауға арналған қосалқы бөлшектермен және жабдықтармен қамтамасыз ету.

«Maker» Қарағанды құю-машина жасау зауыты» ЖШС жұмысымен танысу №1 механикалық құрастыру цехынан басталды

Атқарушы директоры Александра Нарежнованың айтуынша, 2014 жылы «Өндірімділік – 2020» бағдарламасы аясында басталған кәсіпорынды модернизациялау жақын арада аяқталады. Аталған бағдарлама негізінде зауыт кешенді жоспар дайындағаны үшін шығынды өтеуге 7,9 млн теңге көлемінде қаражат алды, жеке қаражаты – 4,2 млрд теңге, қарыз ақша – 10 млрд теңге. Жыл соңына қарай зауыт тұтастай модернизацияланады. Мұнда роботталған заманауи жабдық қойылды, шығарылатын өнімнің көлемі мен сапасы жақсартылды. Бүгінде жалпы сомасы 12 млрд теңге болатын 287 негізгі, көмекші және өлшейтін жабдық пайдалануға берілген. Бұдан жұмыс айтарлықтай нәтижелі. Екі жылда өнім шығару 3,1 млрд теңгеден 6,6 млрд теңгеге дейін артты.

Кәсіпорын мемлекеттен қаржылай көмек қана алып отырған жоқ. Зауыт ҚР Инвестициялар және даму министрлігімен жабдықты импорттағанда баж салығын төлеуден босату артықшылығын алу келісімшартына қол қойған.

Тимур Құлыбаев зауыттың жетістігі мен бәсекелік қабілетті арттыру, өз өнімін ұлғайту үшін жасаған модернизациясын атап өтті. Қарағанды облысы әкімінің назарын өңірдегі өндірістік дайындықты қолданудың маңыздылығына аударып, Отандық тауар өндірушілердің бірңғай реестріне енгізу үшін Палата дирекциясына әкімдікпен бірлесіп өңірлік әлеуетті өндірушілердің тізімін дайындауға ұсыныс берді. Бұл мемлекеттік сатып алуларға, квазимемлекеттік сектор мен ұлттық холдингтардың сатып алуларына қатысуға мүмкіндік береді.

Қарағанды құю-машина жасау зауытының басшылары атап өткендей, зауытқа жүргізілген сәтті модернизациядан 100-ге жуық жұмыс орнын ашылды. Мұнымен қоса директор заманауи жабдықта жұмыс істей алатын білікті мамандардың, технологтардың жетіспеушілігін айтып, Қарағанды мемлекеттік технологиялық университеті мен Қ.И.Сәтпаев атындағы Қазақ ұлттық зерттеу-техникалық университетінің машина жасауфакультетінің студенттерін қабылдаған тәжірибесімен бөлісті.

Тимур Құлыбаев Қарағандының ірі кәсіпорындарының базасында басқа да салаларды дамытуға болатынын атап өтті.

«Жақын арада «Самұрық-Қазына» қорымен жол картасына қол қою жоспарланған. Олар өздері сатып алатын барлық ірі тауар көрсеткіштерін атайды. Осы тізімге өндірістік алаңы, еңбек ұжымы, тиісті біліктілігі бар жергілікті кәсіпорындарды кіргізу үшін жақсылап жұмыс істеу керек. Сол кәсіпорындардың базасында басқа да салаларды дамытуға, өндіріс желіні кеңейтуге, модернизациялауға, сервиске шағын бизнесті қосуға болады. Бос жерде қайта бастағанша, өңірде бар дүниені пайдаланған абзал. Бұл өңірдің өндірістік қуаты жоғары. Осындай ірі бағдарламаға қатысуда белсендік танытасыздар деген ойдамын», – деп атап өтті Тимур Құлыбаев.

Ұлттық палата басшысы облыста мемлекеттік-жекеменшік әріптестік негізінде құрылған бірінші мамандандырылған аллергологиялық орталықтың да жұмысымен танысты.

«Ауданы 1 300 ш.м. болатын орталықта бір ауысымда 1 мың адам қабылдау есептелген. Olymp Medical Group компаниясының инвестициясымен ашылды, 500 млн теңгеге жуық қаржы құйылды, оның жартысы цифрлық рентген жабдығы, соңғы үлгідегі лор-комбайн секілді заманауи жабдықтарға жұмсалды. Осындай жабдықтар болғандықтан күніне зертханалық зерттеу арқылы 200-ден астам аллергендерді анықтаймыз, 10-нан астам тері сынамасын жүргіземіз. Емделушілер қызметті мемлекеттік тапсырыс арқылы тегін ала алады», – деп  атап өтті Olymp Medical Group ЖШС бас директоры Тимур Сүлейменов.

Бас дәрігер Меруерт Газалиева аталған орталықтың бірегей екенін атап өтті.

«Біздің орталықтың ерекшелігі ересектер мен балаларды қабылдауға аллерголог-дәрігерлер ғана емес, пульманолог, инфекциялық аурулардың мамандары, эндоскопист және т.б. да аралас мамандықтың дәрігерлері дайын. Біз емделушілерге жайлы болуы үшін барлық жағдайды жасауға тырыстық, бір жерде анализ тапсырып, білікті маманның кеңесін алуға болады», – дейді бас дәрігер.

Орталықтың базасында Қарағанды мемлекеттік медициналық университетінің иммунология және аллергология кафедрасы ашылды.  Клиникада түрі ғылыми зерттеулер жүргізіледі.

Пікір қалдыру:

Пікірлер:

Серіктестер