astana-view

«Атамекен» ЕЭК Қоғамдық қабылдауының алаңына айналды

2018 жылғы 11 Маусым
5200 просмотров

«Атамекен» алаңында алғаш рет бәсекелік және монополияға қарсы реттеу блогы бойынша Еуразиялық экономикалық комиссия Қоғамдық қабылдауының отырысы өтті

 Еуразиялық экономикалық одақтың бәсекелестік және монополияға қарсы реттеу жөніндегі алқа мүшесі  министр Марат Құсайынов іскерлік қоғамдастықпен қарым-қатынасты күшейту – комиссияның маңызды міндеттерінің бірі екенін айтты. Оның айтуынша қоғамдық қабылдаудың форматы кәсіпкерлерге ЕЭК сарапшыларымен тікелей диалог құрып,  мәселелер туралы айтуға мүмкіндік береді.

Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Басқарма Төрағасының орынбасары Юлия Якупбаева бүгінгі таңда «Атамекен» ҚР ҰКП бизнестің мәселелерін, оның ішінде ЕАЭО нарығында туындайтын түйткілдерді мемлекеттік органға беруде түрлі жолдарды пайдаланатынын айтты. Бұл Ұлттық палатаның қосалқы бөлімшелері, түрлі бағыттағы  Жұмыс топтары, Одаққа кіретін барлық мемлекеттерді біріктіріп отырған Іскерлік кеңес.

 

 «Трансшекаралық нарықтарда бизнестің мәселелерін шешу басымдықта қалып отыр. Үлкен нарық жаңа мүмкіндіктерді ғана ашып қоймай, сонымен қатар бәсекелік күресті күшейтуге жағдай жасайды. Кәсіпкерлер сондай-ақ протекционизмнің салдарына тап болып жүр. Контрафактілі тауар мәселесі өзекті болып тұр», – деді Юлия Якупбаева.

«Атамекен» және Еуразиялық экономикалық комиссиямен бірге ынтымақтастық туралы қабылданған меморандум аясында бәсекелестік және монополияға қарсы мәселелерді талқылау және шешуде белсенді жұмыс жүргізуде. Ұлттық палата жанында бәсекелікті қорғау бойынша кеңес жұмыс істейді. ҚР Ұлттық экономика министрлігі, ҚР Қаржы министрлігімен бірге Жол картасы әзірленіп жатыр, бұл картада трансшекаралық бәсекелік мәселелер орын табады.

Жиын барысында Комиссия мүшелері ЕАЭО-дағы ортақ нарықтарындағы бәсекелестікті қорғаудың құқықтық негізін атап өтті. ЕАЭО трансшекаралық нарықтарында құқықтар мен бәсекелестікке қарсы әрекеттер бұзылған жағдайда Комиссияға өтінім беру тәртібі түсіндірілді. Бүгінде өтінім беру статистикасы үлкен емес, барлығы – 18 өтінім.

Жиын қатысушылар бизнестің белсенділігінің төмендігін атап өтті. Алайда қоғамдық қабылдауды құру әрі Ұлттық палатамен байланыс орнату арқылы Комиссия бизнеспен тікелей байланыс орнатпақ.

 «Комиссия өзінің құзыреттілігі шеңберінде құқықтар мен ортақ нарықтарда бәсекелестікке қарсы әрекеттер бұзылған жағдайда әр нақты кәсіпкерге көмектесуге дайын», – деді Марат Құсайынов.

 Құқықтар мен бәсекелестікке қарсы әрекеттер бұзу үшін жауапкершілікке қатысты ақпараттың маңызын, сонымен қатар ЕАЭО шеңберінде бизнес жүргізуде құқықтарды білу жйында ЕЭК Бәсекелестік саясат және мемлекеттік сатып алу саласындағы саясат де​партаментінің директоры Әлия Жұмабаева хабарлады.

«Бұл келісімде үстем жағдайды, әділетсіз бәсекелестікті және бәсекелестікті шектейтін келісімдерді жасасуға тыйым салу көзделген. Бұзушылық үшін сәйкес жазалау қарастырылған – 10 мың рубльден жоғары айыппұл салынады. Айыппұлдар жеке тұлғаларға да, заңды тұлғаларға да бірдей қолданылады», – деді Әлия Жұмабаева.

Ары қарай кәсіпкерлер өздерін мазалаған сұрақтарды қойып, толымды жауаптар алды. Кәсіпкерлер тап болған кедергілер де айтылды, олар – техникалық реттеу, мемлекеттік сатып алуларға қатысу және т.б. Комиссия өкілдері жеке кеңес беру шеңберінде толық ақпарат берді.

«Трансшекаралық бәсекелстіктің арттуы жағдайында мемлекеттік орган, кәсіпкерлер және ЕЭК арасында тиімді ынтымақтастық алгоритмін құру маңызды. ЕАЭО-ға ортақ брендтерін құруды қолға алу керек, кедергілерді жасау емес, ЕАЭО брендтерімен шыққан тауар мен қызмет түрлерін үшінші мемлекеттерге жылжытуда бірлесіп әрекет қылу қажет»,– деп атап өтті Юлия Якупбаева.

 Жиын қатысушылары іскерлік сауалдарды жалпыландырудан басқа трансшекаралық бәсекелестікті реттейтін нормаларды жетілдіру үшін заңнамалық жұмыс күшейтілетіні жайында келісті. Бұған қоса  ЕАЭО трансшекаралық нарығында жосықсыз бәсекелестікті тергеу барысында туындайтын дауларды қарау үшін Келісім комиссиясын құру ұсынылды.

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер