astana-view

Көлік саласының кәсіпкерлері Үкіметке проблемаларын қайта айтты

2023 жылғы 24 Сәуір
7410 просмотров

 Бүгін Үкімет аппараты басшысының орынбасары Асқар Биахметовтің төрағалығымен өткен жиында кәсіпкерлер жүк теміржол тасымалы саласындағы проблемаларын тағы көтерді. Бұл мәселелер премьер-министр Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен отандық кәсіпкерлер кеңесінің отырысында өткен жылдың 1 шілдесінде тіркелген.  Атап айтқанда, теміржолдың жүк тасымалдау саласында НҚА нормаларын дұрыс қолданбау және ұлттық жүк тасымалдаушы тарапынан нормативтік-құқықтық актілерді орындамау мәселелері шешілмей келеді. 

Вагон (контейнерлер) тасымалдаушылары мен операторларының қазақстандық қауымдастығының өкілдері станциялық жолдарға келген жүктің екі тәуліктен астам уақыт сақталғаны үшін он есе айыппұл салу және вагондардың жай тұрғаны үшін алым алу мәселесін көтерді.

Қауымдастықтың бас директоры Салтанат Адамбаеваның айтуынша, ұлттық тасымалдаушы осы алымның тариф белгілеу әдістемесін, сондай-ақ жүктің сақталуын қамтамасыз ету кезіндегі операциялардың тізбесін көрсете алмады.

«Қазір заңнамада вагондардың тұруына он есеге дейін айыппұл салынады. Бірақ қай кезде екі, үш, төрт еселенгенін қолдану нақты анықталмаған. Талдау нәтижесінде біз компаниялармен, вагон иелерімен сөйлескен кезде: кейбір станцияда бір жерде екі есе, бір жерде төрт есе айыппұл салынатыны анықталды.  Ал бір жерде бірден 10 есеге дейін салған. Яғни, бұл тасымалдаушының құзыретіне қарай. Мұндай жағдай бірінші кезекте сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне әкеп соғады», – деді Салтанат Адамбаева.

Спикердің айтуынша, небәрі төрт операторлық компанияның деректері бойынша 2020-2023 жылдар аралығында 177 млн теңге сомасынада вагондардан қосалқы бөлшектер тоналған.

«Егер тасымалдаушыға жүкті сақтауды жүктейтін болсаңыз, осы вагонның бүтіндігіне толық жауапкершілікті енгізу керек. Өйткені вагондардың иесі «ҚТЖ» ҰК» АҚ-ға жүгініп, қосалқы бөлшектер ұрланғанын көрсеткенде, теміржол қызметі бұған жауап бермейді. Ол станциядағы полицияның желілік басқармасына, прокуратураға жібереді, бірақ бұл шығындарды өзі өтемейді», – деп атап өтті спикер.

ҚР ИИДМ өкілдері айыппұл вагондардың станциялық жолдарда көп тұрып қалмауы үшін қолданылады.

 «Егер он еселенген айыппұлды алып тастайтын болсақ, станция жолдарындағы шетелдік вагондар паркі көбейіп кетеді. Өйткені Қазақстанда вагондардың жолда тұруына алым басқа елдермен салыстырғанда айтарлықтай төмен», – ҚР ИИДМ вице-министрі Алмаз Ыдырысов.

Осы ақпаратқа жауап ретінде Салтанат Адамбаева кәсіпкерлер станция жолдарындағы нормативтен тыс қарапайым алым және басқа да заңды алымдар үшін ақы төлеуге дайын, бірақ тасымалдаушы тарапынан «ойдан шығарылған» айыппұлдар орынсыз екенін айтты.

Үкімет аппараты басшысының орынбасары Асқар Биахметов мәселенің маңызын және оны қосымша талқылау қажеттігін атап өтті.

Сондай-ақ, бизнес өкілдері ұлттық жүк тасымалдаушының көлік саласындағы уәкілетті орган бекіткен редакцияда экспедиторлармен ТЖ көлігімен жүктерді тасымалдауды ұйымдастыруға шарттарға қол қоюға келіспейтінін атап өтті. Бұл фактор экспедиторлардың жұмысын тиімсіз етті.

Қазіргі кезде ҚР ИИДМ екі тарапты – бизнестің де, ҚТЖ-ның талабына келетін, бірақ транзиттік қатынаста ғана ұйымдастыратын жаңа үлгілік шартты бекітті.

«Үлгілік шартты барлық тарап орындауға міндетті. Мемлекет заң қабылдады, министрлік қағидаларын бекітті. Мен министрліктің тиісті бұйрықты бекіту туралы ақпаратын қолдаймын, бірақ мәселе ҚТЖ тарапынан нормативтік-құқықтық актілердің міндетті орындалуында», – деп санайды Қазақстанның ұлттық экспедиторлар қауымдастығы байқау кеңесінің төрағасы Илья Сегал.

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ өндірістік процестер жөніндегі басқарушы директор Бауыржан Орынбасаров жаңа үлгілік шарттар күшіне енген бойда Ұлттық тасымалдаушы 1 ай ішінде ҚР ИИДМ бекіткен редакцияда транзиттік қатынаста мыңнан астам экспедитормен шарттарды қайта жасайтынын сендірді.

Республиканың ішінде, экспорттық және импорттық қатынастарда жүк тасымалдаушы мен экспедитор арасында үлгілік шарт жасау мәселесі ашық күйінде қалып отыр.

Жиын соңында ҚР ИИДМ мамандарына жақын арада теміржол саласының көтерілетін мәселелері бойынша егжей-тегжей талқылау және шешімдер әзірлеу тапсырылды. Соның ішінде: ТЖ көлігімен жүк тасымалдау кезінде қатынастарда тепе-теңдіктің болмауы, магистральдық теміржол желісінің (ТЖК) өткізу қабілетін арттыру үшін ТЖ инфрақұрылымын дамыту, ТЖ саласы активтерінің тозуы және басқа да мәселелер бар.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер