astana-view

Атырау облысына жүргізілген скрининг нәтижесі таныстырылды

2019 жылғы 08 Ақпан
6319 просмотров

«Қарапайым заттар экономикасын» дамыту бойынша жобалар Атырау облысындағы бизнеске арналған жаңа озық бағыттар қатарына енді

 Өңірде жүргізілген скринингтің нәтижесі облыс әкімі Нұрлан Ноғаев және «Атамекен» ҚР ҰКП Басқарма Төрағасы Абылай Мырзахметовтың қатысуымен өткен жиын барысында айтылды.

 Скрининг жүргізу және Өңірлік даму картасын әзірлеу бастамасын «Атамекен» ҚР ҰКП Төралқа Төрағасы Тимур Құлыбаев былтыр Атырау облысына жұмыс сапары барысында көтерген болатын.  Оның айтуынша, Карта өңірдің ерекшелігін ескере отырып, АӨК, мал шаруашылығы және балық өнеркәсібі саласын қоса алғанда, бизнес дамуының барлық мәселесін қамтуы керек. 

«Кәсіпкерлікке арналған әлеуетті салаларды табу және үй шаруашылықтарының әлеуметтік және өндірістік инфрақұрылым объектілеріне қажеттілігін анықтау мақсатында жергілікті атқарушы органдармен бірге скринингті іске қостық... Мәселен, бастапқыда «Бастау» түлектері жобаларын негізінен Агроөнеркәсіп кешені саласында ашқан болатын. Бірақ скрининг, және Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталықтарының жұмысы арқылы біз оларды қызмет көрсету саласына қарай бағдарладық, бұл бағыттар өңірлерде әлі де толық қамтылмады. Ел ауқымындағы скрининг – қажетті шара екенін түсіндік», – деді «Атамекен» ҚР ҰКП Басқарма Төрағасы Абылай Мырзахметов.

 Атырау облысында жүргізілген скрининг 44 201 кәсіпкер және 10 615 үй шаруашылығын қамтыды. Респонденттер өз отбасыларының материалдық жағдайы, жұмыссыздар саны және ақша табуға көмектесетін дағдылар туралы сұрақтарға жауап берді. Кәсіпкерлерден бос қаражат  болса, инвестиция салуға болатын әлеуетті бағыттар жайы сұралды.

Атырау облысының импортты алмастыру бойынша әлеуеті 105 млрд теңге құрайытыны анықталды. Қарапайым тілмен айтқанда, сырттан келетін тауарларды  өңірде өндірсе, онда жергілікті кәсіпорындардың табысын осы сомаға ұлғайтып қана қоймай, сонымен қатар бюджет түсімдерін 31,5 млрд теңгеге арттырып, қосымша 8 900 жұмыс орнын құруға болады.

 «Осы жұмысты бастауға болатын тауарлық позицияларды анықтадық. Бұл 5,8 млрд теңгеге азық-түлік өндірісі (13 бағыт) және 10,5 млрд теңгеге азық-түліктік емес тауарлар (24 бағыт) өндірісі. Бірінші кезеңде кәсіпорындар кірістерінің көлемі импорты көлеміне тең болады және 1,3 мың жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді. Мемлекет қазынасы 4,9 млрд теңгеге толығады», – деді скрининг бойынша жобаның жетекшісі Әнуар Керембаев.

Ауыл шаруашылығы саласын қарайтын болсақ, ресми деректерге қарамастан облыста жекелеген көкөніс пен жемістерді (қырыққабат, картоп қызылша, алма) ішкі өндірумен қамту бойынша тапшылық байқалады. Облыста ет және ет өнімдері бойынша импорт көлемі (құс еті мен балықтан бөлек) шамамен 3 млн 440 мың АҚШ долларын немесе өңірге әкелінген 1 378 тонна ет өнімімен  шамамен 1,2 млрд теңгені құрады.

«Нарық сыйымдылығы, сондай-ақ сатып алу қабілеті облыстың 5 ауданында  19 мың тонна ет өнімін алу үшін ірі қара, ұсақ мал және жылқының ішкі өндірісін өсуіруге мүмкіндік береді... Осы ретте балық аулаудың төмендеуі байқалуда және осы салада жүйелі мәселелер бар. Жыл сайын балық аулау лимиті орындалмайды. Су акваториясында балық қорының азаюы және балық жүретін арналарды тереңдету жұмыстарының жүргізілмеуі осыған басты себеп. Біз балық аулау бойынша заңнамалық бастамаларды әзірлеу және оларды жергілкті атқарушы органдармен талқылауға дайынбыз», – деді скрининг бойынша жобаның жетекшісі Әнуар Керембаев.

Сонымен қатар Палата өңірде Агробіліктік орталығын құруды ұсынды. Оның жұмысы дәнді дақылдардың өнімділігін 30%-ға, ал тамақтану бойынша халықаралық стандарттарды қолданатын ұйымдастырылған шаруашылықтар санын 50%-ға дейін арттыруға мүмкіндік береді.

Өңірде кәсіпкерліктің жаңа бағыттары туралы айтатын болсақ, скринингке сәйкес 670 бағыт анықталды. Бұл азық-түлік өнімдер және өңделген тауарларды шығару, наубайханалар, ательелерді ашу – бір сөзбен айтқанда «қарапайым заттар экономикасын» жүзеге асыра алатын жобаларды құру керек. Осы бағыттардың әр қайсысы облыстың 83 мың тұрғынының қажеттілігін қанағаттандыруға жол ашады.

 Адами капиталды дамыту бойынша скрининг 1 179  мамандық бойынша  8 мыңға жуық жұмыс орнын анықтады, бұл көрсеткіш ресми деректерден 3 есе көп. Бұл жұмыссыз тұрғындарға өздерінің қабілетін бойынша жұмыс табуға мүмкіндік береді.

 «Білім беру тапсырысы қалыптастыру үшін облыстың кәсіптік-техникалық білім беру колледждері мен жоғары оқу орындары 2018 жылы 6 194 маман дайындаған, оның ішінде 41%-ы жұмысқа тұрмады. Осы ретте 560 түлекті кәсіпорындар сұранысынан артық шығарған. Ал мұнай-газ және химия өндірісінде, керісінше маман тапшылығы бар (534 маман)... «Атамекен» жергілікті атқарушы органдармен,  ҚР Білім және ғылым министрлігімен бірге кәсіптік-техникалық білім беру мекемелеріне профилизация жүргізу және білім беру бағдарламаларын еңбек нарығына сәйкес өзгертуге дайын», – деп мәлімдеді Әнуар Керембаев.

Импортты алмастыру бойынша бағдарламаны жүзеге асыру үшін Өңірлік кәсіпкерлер палатасы    кластерлік агро аймақтарды құру және кәсіпорындарға жер бөлуді жеңілдету, сондай-ақ, жергілікті мемлекеттік қолдау бағдарламаларын құру бойынша облыс әкімдігіне ұсыныс жасады.

 Скрининг және іскерлік әлеует бойынша барлық ақпаратты бірыңғай геопорталға шығару ұсынылды, геопартал «Өңірлік даму картасы» болмақ. Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев скрининг өткізудің оң әсерін атап өтіп «Атамекен» ұсынысына қолдау білдірді.

 

 «Импортты алмастыруда күнделікті азық-түлік өнімдері, бірінші қажеттіліктегі тауарлар туралы айтылуда. Биыл 37 тауар позициясы бойынша 16,3 млрд теңгеге ішкі өндірісіті қолға алуға болады, кәсіпкерлерде мүмкіндіктер бар. Скрининг негізінде, күштерді біріктіріп, өндірісті көтеруге болады...Алайда қаржыландыруға қолжетімдлік мәселесін де шешу керек. Әкімдіктер қаражат жетіспейді дейді, ал министрліктерде «шала бизнес-жоспарлар» және «қаражаттың басқа жаққа жұмсалатыны» туралы айтатынын көріп жүрмін. Сондықтан скрининг және Өңірлік даму картасы (геопортал) осы мәселені шешуге негіз болады. Қаржы институттары арқылы қайда қаражат салу керектігі байқалатын болады. Бағдар анықталды, енді практикалық жұмысқа кірісу керек. Бұл мәселеде «Атамекен» қолдауына сүйенеміз», – деп қорытындылады облыс әкімі Нұрлан Ноғаев.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер