astana-view

Ұлттық кәсіпкерлер палатасында еліміздің металлургтеріне құрмет көрсетілді

2014 жылғы 18 Шілде
3477 просмотров

Дәстүрлі түрде шілденің әрбір үшінші жексенбісінде еліміз Металлургтер күнін атап өтеді, және де осы жағдайға орай ҚР ҰКП алаңында Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің, «Тау-Кен Самұрық» ҰГБК» АҚ, ҚР Республикалық тау-кен өндіруші және тау-кен металлургиялық кәсіпорындар қауымдастығының, ҚР тау-кен металлургиялық өнеркәсібінде еңбектенушілер кәсіподағының және еліміздегі металлургиялық кәсіпорындардың өкілдері басын қосты.

Тау-кен металлургия саласының үздік мамандары «Кенші даңқы» және «Еңбек даңқы» төс белгілерімен марапатталды. Бір айта кететіні, «Құрметті металлург» және «Құрметті кенші» құрметті атағын беру бойынша дәстүр қайта жаңғыртылуда. «Құрметті металлург» төс белгісі кем дегенде 20 жыл мінсіз жұмыс үшін, үш дәрежедегі «Еңбек даңқы» төс белгілеріне ие металлургия шағын саласының жұмыскерлеріне беріледі.

Металлургтерді олардың кәсіби мерекесімен құттықтай отырып, ҚР Индустрия және жаңа технологилар бірінші вице-министрі Альберт  Рау металлургтердің отандық тау-кен металлургия кешенінің қалыптасуына үлесін атап өтті.

«ТКК базалық сала ретінде қазақстандық экономиканың тұрақтылығына ғана емес, мемлекет позициясының  жаһандық көлемдегі нығаюына ықпал етеді. Жаңа қуаттылықтарды игерумен, біршама жоғары шектегі өнімдерді шығарумен, металлургиялық кластерлерді құрумен айналыса отырып,  Қазақстан металлургияның әлемдік нарығындағы салмақты ойыншыға айналады», - деп баса айтты Альберт Рау.

Оның айтуынша, қазіргі уақытта ТКК үлесіне Қазақстандағы өнеркәсіптік өндірістің шамамен 17 % келеді. Салада негізгі қызмет персоналының шамамен 300 мың адамы еңбек етеді, оның ішінде металлургия өнеркәсібінде – 86 119 адам. Металлургиялық өнеркәсіп өндірісінің көлемі 2010 жылдан бері 1 569,9 млрд. теңгеден 2013 жылы 1 772 млрд. теңгеге дейін өскен. Металлургия өнеркәсібінің ЖҚҚ 2013 жылы 2010 жылмен салыстырғанда 35,6% өскен, номиналды шамада 1 221,1 млрд. теңгені құрады.

Индустрия және жаңа технологиялар бірінші вице-министрі Альберт Рау «ҚР ҰКП тарапынан саланың стратегиялық басымдылықтарын түсіну және жәрдемдесу мемлекеттің тау-кен металлургия секторының алдына қойылған индустриялық-инновациялық даму бойынша міндеттерді табыспен орындауға мүмкіндік беретінін» баса көрсете отырып, ҚР ҰКП сала дамуындағы негізгі ролін атап өтті.

ҚР ҰКП Басқарма Төрағасы Абылай Мырзахметов құрылған сәттен бастап Ұлттық палатаның Жер қойнаулары туралы кодексі, ҮИИДМБ-2, экологиялық заңнаманы дайындауға, сондай-ақ отандық металлургиялық зауыттарды қара металл сынығымен және қалдықтарымен, «Тау-Кен Алтын» ЖШС аффинаж зауытының құрамында алтын кездесетін шикізатпен және т.б. жүктеу мәселелері бойынша бизнес-қоғамдастықтың шоғырландырылған пікірін құрастыруға белсене ат салысып келе жатқанын айта кетті.

«ҚР ҰКП кәсіпкерлікті дамыту саласындағы мемлекеттік бастамаларды толықтай қолдайтын болады және өз тарапынан республикадағы тау-кен металлургия өнеркәсібінің дамуы үшін бар күшін салады», - деп қорытты Абылай Мырзахметов.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер