astana-view

 Балалардың жазғы демалысының қауіпсіздігі басымдықта

2024 жылғы 24 Сәуір
6181 просмотров

Балалардың қала сыртындағы демалысын ұйымдастырумен айналысатын, кәсібін адал жүргізетін кәсіпкерлер жазғы маусымға дұрыс дайындалуға мүдделі.

«Атамекен» ҰКП алаңында кәсіпкерлік субъектілерінің қала сыртындағы балалар демалысын ұйымдастыруға дайындық мәселелері бойынша жиын өтті. Шараға мемлекеттік органдар, «Атамекен» ҰКП және балалар туризмі мен демалысын ұйымдастыратын бизнес-қоғамдастықтың өкілдері қатысты.

Шара модераторы – «Атамекен» ҰКП туризм департаментінің басқарушы директоры Дамиля Құнанова барлық қажетті қағида мен талаптарды сақтай отырып, қауіпсіз жазғы балалар демалысын ұйымдастыру, өз объектілерін дайындау, Төтенше жағдайлар министрлігінен рұқсат алу және санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды алу өте маңызды екенін атап өтті. Осы мақсатта түсіндіру жұмыстарын жүргізу үшін мемлекеттік органдардың өкілдері шақырылды.

Төтенше жағдайлар министрлігінің өкілдері өрт қауіпсіздігі қағидаларына қатысты талаптарды хабарлап, түсіндірді. ҚР ТЖМ өртке қарсы қызмет комитетінің бас маманы Абай Хасенов балалар лагерлеріне арналған тексеру парақтары туралы айтты.

Ол ТЖМ есебінде 1 725 туристік база, оның ішінде балалар сауықтыру лагерлері бар екенін еске салды. Соның ішінде тәуекел дәрежесі жоғары – 510 және орташа – 1 215 база бар.

«Кәсіпкерлік кодексінің 143-бабына сәйкес бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізу тексеру парақтарында белгіленген талаптар ғана қадағалауға жатады. Жалпы тексеру парағында ұйымдастырушылық іс-шаралар бөлігінде өрт қауіпсіздігі бойынша 124 талап бар, ал балалар лагерлері үшін 12 талап белгіленген», - деді ТЖМ өкілі.

Осы жылдың бірінші жартысына 35 лагерьде профилактикалық бақылау жүргізу жоспарланған (Түркістан – 7, Ақмола, ШҚО, СҚО – 4, Қостанай – 3, Ақтөбе, Абай, БҚО, Қарағанды, Павлодар – 2, Атырау, Жетісу, Қызылорда – 1), бірақ елдегі төтенше жағдайға байланысты профилактикалық бақылау әзірге тоқтатылды.

 Талаптармен толығырақ мына сілтемелерден таынсуға болады:  

Өрт қауіпсіздігі қағидалары –  сілтеме.

Тәуекел дәрежесін бағалау критерийлері және тексеру парақтары сілтеме.

ҚР ТЖМ Мемлекеттік өрт бақылау және өртке қарсы нормалау басқармасының өкілі / ҚР ТЖМ Азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдер комитетінің аға офицері Ерасыл Сайпаш қала сыртындағы балалар сауықтыру ұйымдарының қызметіне қойылатын судағы қауіпсіздік қағидаларына түсініктеме берді.

 ТЖМ өкілі су жағасындағы жағажайлар мен демалыс орындарын ҚР Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 19 қаңтардағы №34 бұйрығымен бекітілген су айдындарындағы қауіпсіздік ережелеріне сәйкес келтіру қажеттігіне назар аударды.

Олармен мына сілтеме бойынша танысуға болады:

Су айдындарындағы қауіпсіздік қағидалары – сілтеме.

Қала сыртындағы балалар сауықтыру ұйымдарының қызметіне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің өкілі Гүлшарат Қожатова түсіндірді.

«Өткен сауықтыру маусымында аумақтық департаменттер рұқсат құжаттарын беру бойынша 230-дан астам өтініш қарады. оның 10 пайызы санитариялық талаптарға сәйкес келмеу себебінен кері қайтарылды. Атап айтқанда, ауыз судың қауіпсіздігі, тамақ дайындау және қабылдау шарттары, су айдындары мен бассейндерді қоса алғанда, тұру және демалу шарттары, балаларға медициналық қызмет көрсету, аумақ пен үй-жайларды өңдеу, суды, топырақты, құмды зертханалық зерттеу бар», - деді ол. Маман медициналық пункттер, медициналық дәрігерлер және мейірбекелермен қамтамасыз ету мәселесіне жеке тоқталды.

Балалардың сауықтыру және санаторий объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптармен мына сілтеме бойынша танысуға болады - сілтеме.

Жазғы балалар демалысын ұйымдастырумен айналысатын бизнес өкілдері қызметкерлердің медициналық тексеруден өту құнын төмендетуді қарастыру мүмкіндігі туралы мәселені көтерді. Өйткені оның құны жылдық мерзіммен бағаланады, ал қызметкерлер жылына ең көбі 4 ай жұмыс істейді. Қызметкерлердің медициналық тексеруіне ақы төлеу үшін жұмыс берушіге айтарлықтай қаржылай жүктеме түседі. Сондай-ақ, ДСМ өкілі әр өңірде балалардың демалыс объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар мәселелері бойынша тегін консультациялар өткізетін аумақтық департаменттердің қызметкерлері бекітілгенін атап өтті. Жиында медициналық пункттерді лицензиялау бойынша көптеген сұрақт болды, өйткені лицензияның өзін алу, медициналық кадрлар бойынша проблемалар, дәлірек айтсақ, олардың болмауы және т.б. мәселелер бар.

Қорытындылай келе, кәсібін адал жүргізетін кәсіпкерлер барлық қажетті талаптың сақталуына маусым басталар алдында алдын ала тексеру жүргізу мүмкіндігі туралы уәкілетті органдарға жүгінеді. Бұл  шара ықтимал бұзушылықтарды жоюға және балалар үшін сапалы демалысты қамтамасыз етуге ықпал етеді.

 

 

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер