astana-view

Кеншілер мен металлургтердің өзекті мәселелері талқыланады

2016 жылғы 24 Қазан
4538 просмотров

17-18 қараша күндері Астанада Қазақстанның тау-кен металлургия өнеркәсібі күндері өтеді

Бірінші күні Жер қойнауы туралы кодекс жобасын, көмір өнеркәсібінің даму мәселелері мен тау-кен метталургия салық салу жүйесін талқылау бойынша дөңгелек үстел ұйымдастырылады. Бұл шараларға Үкіметтің қаржы-экономикалық блогының, Инвестиция және даму министрлігінің, энергетика, көмір және ірі тау-кен кәсіпорындарының, консалтингтік компаниялардың, бизнес-қауымдастықтардың өкілдері және сарапшылар қатысады.

Сондай-ақ тау-кен металлургия күндері аясында 18 қарашада «ТМК жұмысының жаңа болмысы» атты тау-кен металлургия өнеркәсібінің VII съезін өткізу жоспарланып отыр. Съезді дәстүрлі түрде Республикалық тау-кен өндірушілер және тау-кен металлургиялық кәсіпорындар қауымдастығы ҚР Инвестиция және даму министрлігімен, «Казпрофметалл» салалық тау-кен-металлургиялық кәсіподағымен, «КәсіпҚазақмыс» тау-кен және металлургия өнеркәсібі жұмыскерлерінің және аралас өнеркәсіп кәсіподағымен, ҚР көмір өнеркәсібі  жұмыскерлері кәсіподағымен бірлесіп өткізеді. Съезд жұмысы аса маңызды. Ол жерде саланың маңызды мәселелері талқыланып, стратегиялық даму бағыты айқындалады. Съезді өткізу алдында Республикалық тау-кен өндіруші және тау-кен металлургиялық кәсіпорындар қауымдастығы басшылығының брифингі өтеді.

«Биылғы Съезд толығымен жаңа экономикалық жағдайлардағы тау-кен және металлургия кешені жұмысының мәселелеріне арналады. Съездің күн тәртібіне ҚР «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Кодексінің жобасы, салық салу жүйесін оңтайландыру, әкімшілік жүктемені азайту әлеуметтік серіктестікті дамыту, экспорттық әлеуетті арттыру, қоршаған ортаны қорғау заңнамасын жақсарту, ТМК саласының инвестициялық келешегін жаңарту, көмір саласын көлікпен қамтамасыз ету мәселелері кіреді», – деп атап өтті ТМКҚ атқарушы директоры Николай Радостовец.

Съезд жұмысына шамамен 300 делегат қатысады. Олардың қатарында отандық тау-кен және металлургия кешенінің басшылары, ТМК жұмысшыларының бірлестігі, мемлекеттік органдар, ҚР Парламент Мәжілісінің депутаттары, кеншілер мен металлургтер бар.

Тақырыптық дөңгелек үстелдер «Думан» қонақүйінде 17 қараша күні таңертең өтеді. Тау-кен және металлургия жұмысшыларының VII Съезі Инвестиция және даму жөніндегі министрліктің мәжіліс залында 18 қараша күні сағат 10.00-13.00 аралығында өтеді.

Аталған іс-шараларға қатысу сұрақтары бойынша Тау-кен және металлургиялық кәсіпорындар қауымдастығына + 7 7172 689 601 телефон нөмірі немесе mail@agmp.kz электронды поштасы арқылы байланыса аласыздар.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер