Сауда-өнеркәсіп палаталарының басшылары кездеседі
18 қарашада Астанада ТМД-ға мүше мемлекеттердегі Сауда-өнеркәсіп палаталары басшылары кеңесінің XIV отырысы өтеді
Форум тақырыбы – ТМД елдеріндегі шағын және орта бизнестің дамуын жеделдету.
ТМД-ға мүше мемлекеттердің Сауда-өнеркәсіп палаталары басшыларының кеңесі Армения, Белоруссия, Грузия, Қазақстан, Қырғызстан, Молдова, Ресей, Тәжікстан және Өзбекстанның сауда-өнеркәсіп палаталары басшыларының шешімімен құрылған. Шешім 2002 жылдың 26-27 қарашасында Мәскеуде өткен ұйымдық отырыста қабылданған.
Регламентке сәйкес, Кеңес төрағасын, Кеңес мүшелері бір жыл сайын сайлайды.
2003 жылдың маусымында өткен бірінші отырыста Кеңес құрамына Әзербайжан мен Украина өкілдері де енді.
Бұған дейін Кеңестің он үш отырысы өтті. Кеңестің соңғы отырысы 2015 жылдың 16 қазанында Ереванда болды. Ол жерде органның аты «ТМД-ға мүше мемлекеттер палатасы басшыларының кеңесі» деп өзгерді.
Кеңес ТМД елдерінің сауда-өнеркәсіп палаталарының барлық кешендерінің өзара ынтымақтастығын дамыту страгегиясы мен оны жүзеге асыру тактикасын жасап шығаруда, Достастық елдерінің бизнес-қоғамдастықтарының біріккен ұстанымдарын жасауда шынайы жұмыс алаңына айналды.
Кеңес қызметінің басты бағыттары:
– инвестициялық-инновациялық саладағы өзара ықпалдастық;
– шағын және орта бизнесті қолдау мен дамыту;
– бизнес үшін кадрлар дайындау;
– көрме-жәрмеңке жұмыстары;
– сауда және кеден қызметтерін оңтайландыру;
– өңіраралық және шекара маңы ынтымақтастығын дамыту;
– еңбек миграциясы.
Көрсетілген мәселемен қатар, Кеңес отырыстарында кәсіпкерлердің заңды құқықтарын қорғау, бизнес қауіпсіздігін қамтамасыз ету, келісімнің барлық қатысушыларына арналған бірдей ережелерді сақтау, жауапсыз бәсекедегі рейдерлік және басқа да әрекеттердің жолын кесу мәселелері де қаралды.
Қатысушылар арасындағы талас-тартыстарды шешпей, кәсіпкерлік қызметті дамыту мүмкін еместігін ескере отырып, Кеңес аясында халықаралық коммерциялық төрелік жөнінде тұрақты әрекет ететін кеңес беру органы пайда болды.
Талқылауға арналған басты мәселелер:
– ірі компаниялармен кооперацияға біріге отырып, шағын және орта бизнес бәсекелестігін дамыту;
– жастар кәсіпкерлігін жүйелік қолдау;
– «Атамекеннің» шағын және орта бизнесті дамытудағы рөлі;
– Кәсіпкерлік университетін құру және ШОБ-қа арналған кадрлар дайындау;
– ШОБ-тың инвестициялық саясаты мен жаңа қаржы-несиелік механизмі;
– «ШОБ медиалық жобасы» ақпараттық кеңістігі;
– шикізаттық емес экспорттың дамуындағы ШОБ-тың перспективалары;
– ауыл шаруашылығы және тамақ өнеркәсібі – компаниялардың өңіраралық ынтымақтастығының жаңа мүмкіндіктері;
– өркениетті туризм: туристік саланың даму бағыттарының болашағы және жобаларды іске асырудағы ШОБ мүмкіндіктері.
Кеңес қорытындысы бойынша ТМД-ға мүше мемлекеттердің СӨП басшылары кеңесінің отырысында Шешімге қол қойылатын болады және Еуразиялық экономикалық одақ елдерінің Сауда-өнеркәсіп палаталарының 8-ші Консультациялық кеңесінің отырысы өтеді.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: