astana-view

Қазақстанның сауда саласы мемлекеттік қолдауға зәру

2015 жылғы 27 Сәуір
15745 просмотров

Жібек Әжібаева сонымен бірге қандай да бір гранттарды беру жайлы сөз болып отырмағанын баса атап көрсетті: аталмыш саланың қаржылай қаражатын қайтарымды негізде бөлуге де болады.

«Тәжірибе көрсетіп отырғандай,  сауда саласы – ол да өзінше бір қала құрушы жүйе. Егер Қазақстан экономикасының ең перспективалы әрі жылдам дамушы салаларының бірі табыспен дамығанын қаласақ, демек, сауда саласына, оның инфрақұрылымына салым жасауымыз қажет, себебі өндірілген тауар көлемі дер кезінде әрі экономикалық тұрғыдан тиімді өткізілуге тиіс», - дейді Жібек Әжібаева.

Оның ойынша, ауылшаруашылық өнімді өткізумен айналысатын сауда желілері сақтау орындары, қоймалар, қайта өңдеу жөніндегі цехтарды салу және жетілдіру кезінде мемлекеттік қолдаудың ортақ жүйесінде болуға тиіс. Бұл шығындарды төмендетуге, сату тиімділігін ұлғайтуға, баға саясатының тұрақтылығын сақтауға мүмкіндік береді.

Сонымен қатар «Атамекен» ҰКП бейіндік бөлімшесінің басшысы логистика және көлік түйткілдерін шешу үшін, қайта өңдеу, тоғанақтау, орамалау бойынша шағын технологиялармен қамтамасыз ету үшін ведомствоаралық байланыстарды дамыту қажет, және де бұл жұмыста жүйелілік керек.

ҰКП Сауда комитеті Хатшылығының басшысы сауда саласының түйткілдері, негізінде, мақсатты түрде осы саланы дамытумен айналысуға тиіс ҚР Ұлттық экономика министрлігі жұмысының әлсіздігінде деп есептейді. Бүгінде, әлемде өткізу нарығы үшін күрес жүріп жатқанда, шын мәнісінде, брендтер мен сауда таңбаларының соғысы жүргізіліп жатқанда, Үкімет сауданы мемлекеттік қолдау жағын салмақпен саралағаны дұрыс. Жібек Әжібаева айтып кеткендей, шетелдік брендтер жарнама, акциялар, БАҚ арқылы дәріптеу арқылы бейбіт құралдармен тұтынушылардың ықыласына әсер етіп, ұлттық экономиканың «тізесін бүктіруде».

«Егер біз брендтік тауарға артықшылық берер болсақ, онда отандық тауарлармен күресте импортталатындардың қалай да жеңіп шығатынын білуге тиіспіз. Сондықтан да отандық тауарларды жарнамалауға салмақты көңіл бөліп, сауда желілерімен қорқыту, жазалау, қысым жасау және т.б. әдісімен емес, тепе-тең негізде белсендірек жұмыс жүргізу қажет. Тауар өндірушілер мен сауда желілерінің тең құқылы одағы болуға тиіс, және де қазір тұтынушылар назарын бірлесе отырып аударту жағын ойластыру қажет», - дейді «Атамекен» ҰКП өкілі.  

Оның ойынша, бұл мәселеде 20 жылға артта қалып отырмыз, және де бүгінде, Дүниежүзілік сауда ұйымына кіру қарсаңында, түзейтін тұстар аз емес (ол туралы кезінде отандық бизнес те айтқан болатын). Ал Қырғызстанның ЕАЭО-ға кіруіне орай бәсекелес орта біршама күшеюде. Ал бұл жағдайда, Жібек Әжібаеваның айтуынша, бизнестің ұлттық экономика министрлігінің анық та түсінікті ұстанымын тыңдауы керек, себебі көп дүние дәл осы құрылым әрекетіне байланысты болып отыр.

«Бүгінгі таңда республикадағы сауда алаңдары қорының шамамен жартысы дерлік - 49% - базарларға тиесілі. Тұтынушылар тарапынан олардың атына айтылып жатқан әділетті сын да баршылық. Бірақ ұлттық экономика министрлігі мен жергілікті атқару органдарының тіке байланысының болмауы сәйкес бақылауды жүргізуге мүмкіндік бермейді. Қалалар мен облыстар әкімдіктерінде бөлімдер, не болмаса өңірде сауданың дамуына жетекшілік ететін мамандар көзделмеген. Сонымен бірге, халықтың көп бөлігі дәл осы салада жұмыс жасайды», - деп есептейді Жібек Әжібаева

Қазақстан үшін дәстүрлі, алайда қазіргі заман талаптарына жауап бермейтін «бұрыштағы дүкен»  сауда кәсіпорындары арасында негізгі формат болып қала береді. Орташа алғанда мұндай дүкендердің сауда кәсіпорындары арасындағы үлес салмағы 41% құрайды, ал сауда алаңдарының жалпы қорында  (яғни базарларды да қосқанда) - 21%.

Жібек Әжібаеваның ақпараты бойынша, республикадағы заманауи сауда кәсіпорындарының үлесі сауда алаңдарының жалпы қорында бар-жоғы 17%. Бөлшек сауда алаңдарының шоғырланым үлесі, яғни сауда нысандарының республикадағы сауда желілеріне тиесілілігі 10,6,% құрайды, бұл әлемдегі дамыған елдермен салыстырғанда аса төмен. Мысал үшін: Ресейде бұл көрсеткіш 35% құраса, Беларусьта - 30%.

Бөлшек сауда шоғырлану дәрежесі жөнінен әлемдік көшбасшы Норвегия болып табылады – сауда алаңдарының 95% қандай да бір желілерге кіреді. Англияда - 86%, Францияда - 85%, Германияда - 84%, Швейцарияда - 68%, АҚШ - 65%.

«Дамыған елдердегі ішкі сауда саласының ерекшелігі бөлшек сауданың 80%-85%-ы ішкі желілермен бақылануы болып табылады. Жалпы, Қазақстан Республикасының сауда инфрақұрылымы 1000 адамға бар-жоғы 412 шаршы метр, яғни ерекше төмен қамтылуымен сипатталады. Сауда алаңдарының тапшылығы өз кезегінде жалдаудың қымбаттығына алып келеді. Жалгерлер бұл шығындарды жоғары бөлшек ширату-бағалары есебінен соңғы сатып алушылар, яғни қарапайым халық мойнына жүктеуге мәжбүр», - деп атады Жібек Әжібаева.

Сарапшының ойынша, құрылыс көлемінің шағындығы түйткілі, сәйкесінше, жаңа сауда алаңдарын ұсыну көлемінің шағындығы, ең алдымен, қарыздық қаржыландыру қымбатшылығымен байланысты.

«Қазақстанда бөлшек сауда бизнесі үшін инфрақұрылымдық түйткілдерді шешу үшін кредиттік ресурстардың жылына 15%-18% мөлшерлемесі бойынша орташа құны тым артық болып табылады. Себебі банк 4,5 жыл ішінде қарызды екі есе дерлік мөлшерде қайтаруға міндеттейді (яғни 100% өсім). Сонымен бірге, инфрақұрылымдық сипаттағы инвестициялардың он жылдық ішінде орны толтырылуы тиіс екені белгілі», - деп түсінік беріп кетті ҰКП өкілі. Бөлшек сауданың тиімді де заманауи форматтарын дамыту қажеттігі олардағы сату тиімділігімен, салыстырмалы шығынының азырақ болуымен, төмен бағамен, сервис сапасының біршама жоғарылығымен және тауар сапасын бақылауда ұстауымен ерекшеленетіндігіне байланысты.

Жібек Әжібаева атап өткендей, Ұлттық палата  2015-2019 жылдарға арналған бөлшек сауданы мемлекеттік қолдаудың қаржылық шараларын енгізуді ұсынады. Оларға, атап айтқанда, қажет сауда жабдықтарын сатып алуға және қамтамасыз етуге арналған кредит бойынша пайыздық мөлшерлемені субсидиялау; жаңа сауда нысандарын салуға арналған кредит боцынша ішінара кепілдендіру (50 пайызға дейін); бөлшек сауда желілері франшизасын алуға және пайдалануға бағытталған бір реттік және тұрақты төлемдерді 50% субсидиялау жатады.

Сонымен қатар сауда нысандарының инженерлік және логистикалық инфрақұрылымын дамытуға, мемлекеттік резервтен өтеусіз пайдалануға немесе ұзақ мерзімді жалдауға және т.б. жер телімін бөлуге бағытталған шығынның 50 пайызын субсидиялау ұсынылуда.

«Жергілікті органдар, мемлекеттік органдар және тұтынушылардың саудаға деген қатынасының тең құқылы серіктес және жоғары экономикалық әсер беретін сала ретіндегі жаңа парадигмасын қалыптастыру қажет», - деп қорытты Жібек Әжібаева.

Қарлығаш ЖҮСІПБЕКОВА


Еншілес ұйымдар

Серіктестер