astana-view

Қазақстандық кәсіпорындар онлайн тәртіпте сатуға келіп жатыр

2015 жылғы 07 Шілде
13336 просмотров

Онлайн саудаға деген сұраныс артып келеді, оның үстіне қазақстандық нарықта ұсыныстар да айтарлықтай көбейді. Бүгінде ішкі нарыққа басқа елдер өкілдері кіріп, өз тауашаларына нық орналасып алған. Соның ішінде, көршілес мемлекеттер бизнесмендері. Шетелдік ойыншылар Қазақстандағы электронды сауда нарығына қандай баға береді және қандай айырмашылықтар бар екенін порталымызға берген сұхбатында Украинадағы Allbiz интернет-сауда халықаралық орталығындағы СЕО Дмитрий Лисицкий айтып берді.

- Дмитрий, электронды сауда нарығын қалай бағалайсыз?

- Соңғы бірнеше жылдағы жалпы әлемдік тренд – электронды сауда нарығының жылына орташа алғанда 20-30% өсуі. Және де ол экономикалық жағдаятқа және жекелеген елдердегі рецессияға тәуелді емес – өсім барлық жерде де бар, бірақ қарқыны әртүрлі. Ол тұтынушылардың офлайннан онлайнға көшуі есебінен орын алады. Тауарды дүкеннен алуға үйренген тұтынушылар не болмаса В2В жағдайында – серіктестерді телефонмен, көрмелерде не анықтамадан серіктес табуға үйренген компаниялар – интернетке көшеді. Нарықтық бәсеке жағдайында компаниялар сатудың жаңа тиімді жолдарын іздейді – және де онлайн тәртіп оңтайлы нұсқаға айналуда. Интернетте қажет тауарды не жеткізушіні табу әлдеқайда жеңіл, ол туралы ақпарат көп, басқа компаниялардың ұқсас ұсыныстарымен бірден салыстыруға болады, мәміле жасау үшін байланыс анағұрлым жылдам жүреді.

Егер Қазақстан нарығы жайлы айтар болсақ, онда басқасынан бөлек электронды коммерция дамуы интернеттің енуінің арқасында жүреді – бірінші кезекте 100 мың халқы бар қалалар. Сонымен қатар онлайн тәртіп жастар есебінен ғана емес, 40-тан асқандар аудиториясы есебінен де өсуде, ал бұл біршама қызықты топтардың бірі – олар төлеуге қабілетті, бизнеске көңіл қойған және интернетті енді ғана игеруде.

- Allbiz компаниялардың сатуларын арттыруға қалай көмектесе алады?

- Тұтынушылық сараланымдағы компаниялар (В2С) онлайн-сауданың басымдылығына баяғыда баға беріп қойған, ал бизнес-сараланым (В2В компаниялар) – басқа бизнестер үшін тапсырыстар мен қызметтер жеткізетіндер инерциялылықты енді ғана бағындыруда, және де онлайнда сатуға келуде. Allbiz дәл осы бизнес-сараланым сатуларына көмектесу үшін құрылған. В2В және В2С саудаларындағы айырмашылық аса зор, сондықтан да сараланымдардың әрқайсысының қажеттіліктеріне қызмет көрсетуге бағытталатын мамандандырылған алаңдар қажет.

- В2В және В2С нарықтар айырмашылығы неде?

В2С – бұл жаппай сатылымдар, олар жеке ұстанымсыз бұқаралық коммуникацияны талап етеді. Клиенттер жүздеген мың болуы мүмкін, ал сатып алу туралы шешім қабылдау эмоционалдық деңгейде іске қосылады. Қамту коммуникациялары маңызды және де мұнда классикалық маркетинг жұмыс жасайды. В2В-де сату циклы ұзақ – мәміле жасау алдындағы келіссөз процесі айлап созылуы мүмкін. Сондықтан да тапсырыс берушімен дербес қатынас құру, тауар ұсыныстарын әрбір тапсырысшыға шақтап бейімдеу, сондай-ақ жеке баға саясаты ерекше маңызды. Өнімдерді немесе нарықтардың өзіндік ерекше болуы есебінен В2В-де тапсырыс берушілер өте аз болуы мүмкін – әрбір әлеуетті сатып алушымен байланыс орнату құндылығы аса жоғары.  Allbiz онлайндағы сауда алаңы ретінде – компаниялар мен тапсырыс берушілерді байланыстырады. Компания үшін біз ыңғайлы сату арнасы болып табыламыз. Клиенттеріміздің тәжірибесі бойынша, Allbiz 90% дейін тапсырыс әкелетін сатудың негізгі арнасы бола алады. Себебі алаңда ресурсқа қажет өнімді табу және сатып алу үшін кіретін дайын бизнес-аудитория бұрыннан бар. Біз тапсырыс берушілер үшін – Қазақстаннан да, басқа елдерден де түрлі компаниялардан ең пайдалы ұсынысты жылдам табу тәсіліміз.  Allbiz – халықаралық ресурс. Ол 90 нарықта жұмыс жасайды. Бізде 1,4 миллионнан астам компания тіркелген, ал кірушілер саны айына 20 миллионға жетеді – бұл осы арқылы өз өнімі мен қызметін ұсынуға болатын аса зор әлемдік аудитория.

Қазақстанда компания өкілдігі 2010 жылдан бері бар. Қазіргі сәтте ресурстың қазақстандық сараланымы платформасында шамамен 69 мың компания тіркелген. Айына түрлі нарықтар бойынша оларға шамамен 30 мың сұрау жіберіледі. Олар қазақстандық компаниялардан да, шетелден де келеді. Отандық кәсіпкерлердің каталогтағы тауарлары – шамамен 1,3 млн жайғасым. Таңдау бар екеніне келісетін шығарсыз. Егер ресурс аудиториясы жайлы айтар болсақ, онда бұл орташа алғанда ай сайын 1 миллион сеанс, ал парақтардың қаралуы айына 2,5-3 миллионға жетеді. Қазнеттегі аудитория жөнінен ірі ресурстардың бірі болып табыламыз. Allbiz интернет коммерция нарығын дамытуға белсене қатысады. Қазақстанның интернет-бизнес және мобильдік коммерция қауымдастығының (ҚИБҚ) мүшесі болып табыламыз. Компания ақпараттық тұрғыдан қолдау көрсетеді, сонымен қатар Астана экономикалық форумы, IMIX интернет конференциясы, СтартапФорум, Атырау Мұнай және Газ, InterFood Astana, Энергетика, электротехника және энергетикалық машина жасау, Мұнай және газ, Астана Өнеркәсіптік Құрылыс Индустриясы және басқа да көптеген ірі бейіндік іс-шаралар мен көрмелерде баяндама жасайды. Allbiz деректеріне қарай Қазақстан  ТМД-ның біршама серпінмен дамушы нарықтарының бірі. Қазақстандық және шетелдің тапсырыс беруші компаниялары жіберген өтінімдер саны 2015 жылдың I тоқсанында 2014 жылғы ІІ тоқсанмен салыстырғанда 2 есе дерлік өскен. Бұл тіпті дамушы нарық үшін де салмақты өсім. Сұраныстар саны жөнінен ең танымал нарықтар – ауыл шаруашылығы, өнімдер мен сусындар және құрылыс материалдары. Соңғыларының компанияның ерекше қызығушылығын тек соңғы бірнеше айда тудырғаны назар аудартады.

Қазақстандық кәсіпкерлерді аталған нарықтардан басқа денсаулық және сұлулық, медициналық техника, авто-мото-вело-техника және жиһаз бен интерьер нарықтары қызықтырады. Соңғысы құрылыс нарығының өсу трендіне ішінара енуде – құрылыс нысандары санының ұлғаюы жиһаз, декор құрамдастары мен элементтерін әзірлеуші немесе сатушы кәсіпкерлердің сұраныстарын арттырады. Allbiz статистикасы бойынша, ел ішіндегі сауда алаңындағы күллі сұраулардың шамамен 85%-ын алады. Allbiz отандық қатысушыларына әрбір бесінші сұрау шетелден келеді. Оның 40%-дан астамы – Ресейден. Бұл Еуропа мен Азияны бірге алғандағыдан 1,5 есе көп. Қазақстанның негізгі халықаралық әріптесі – Ресей. Бірақ соңғы жарты жылда басқа елдерге әртараптану трендін көріп отырмыз. Сонымен, Украина және Өзбекстанмен сауда айналым алуда. Беларусь, Қырғызстан, Тәжікстан және Әзербайжанмен сауда белсенділігі бұдан сәл төмен.

Ресурс компаниялардың сатуына көмектесетін функционалды енгізе отырып, үнемі дамып отырады. Қазақстан – Allbiz үшін басымдылықты нарықтардың бірі, сондықтан да барлық жаңа енгізілімдер қазақстандық ресурста бірінші кезекте пайда болады. Соңғы қызықты жаңалықтардың бірі – Өтінімдер ПЛЮС сервисі, әлеуетті сатып алушының нақты сұрауын көру мүмкіндігі. В2В бизнес үшін ол жұмыстың нәтижелілігін бірнеше есе көтере алады. ТМД елдеріндегі электронды коммерция нарығында біз мұндай функционалды іске қосқан жалғы компания боламыз. 2015 жылы халықаралық сауда үшін мүмкіндіктерді кеңейттік. Халықаралық түріндегі қызмет компания тауарларын оның ұлттық тауарларымен тең орналастыруға мүмкіндік береді.

Allbiz-де мінез-құлық жарнамасын баптау оңай – оның үстіне бұны біздің сертификатталған мамандарымыз жасайды. Компания өкілдерінің интернет-маркетинг қыр-сырына үңілуінің немесе қымбат тұратын мамандандырылған агенттікті жалдауының қажеті жоқ. Сонымен қатар ретаргетинг – сайтыңызда болған клиентті қайтаруға мүмкіндік беретін механизм жұмыс жасайды. Мінез-құлық жарнамасы жарнамаға кететін қаражатты үнемдеуге және сонымен бірге мақсаттық аудиторияға дөп тию арқасында оның тиімділігін көтеруге мүмкіндік береді.

- Егжей-тегжейлі талдауыңызға рахмет


Еншілес ұйымдар

Серіктестер