astana-view

Виктор Ямбаев: «Бұл – табиғилыққа қарсы монополиялар!»

2015 жылғы 22 Шілде
9151 просмотров

Алматы Кәсіпкерлер қауымдастығының Президенті Виктор Ямбаев – Алматы қаласы Кәсіпкерлер палатасы жанындағы Өңірлік кеңестің мүшесі монополист коммуналдық кәсіпорындар экономикасының байыбына баратын кез келді деп есептейді

Сарапшының пікіріне сүйенсек, мемлекеттің табиғи монополиялар қызметін тексеруді түпкілікті қолға алуы қажет. Ол бұл туралы palata.kz-ке берген сұхбатында мәлімдеді.

«Инфрақұрылымды модернизациялау үшін», яғни тозған желілерді айырбастау үшін тарифтерді көтеру қажет деп үнемі айтып жатады. Бірақ соңғы жылдары бірде-бір құқық қорғау органы судың бағасының өзі 6 есе өскеніне көз жүгіртпепті! Бизнес үшін электр жарығы мен газ жыл сайын кем дегенде 10-15% қымбаттап тұрады. Монополистердің айтуынша: «Инфляцияның соңынан үлгеруіміз қажет». Бәлкім олардың экономикасына үңіліп, олардың жұмысын оңтайландыруды ойластыратын кез келген шығар?»

Сарапшы мемлекеттің ақшасын «Универсиада немесе EXPO сияқты амбициялық жобаларға емес, азаматтар мен бизнес үшін тарифтерді төмендету мақсатында тіршілікті қамсыздандыратын инфрақұрылымды дамытуға» бағыттауды ұсынады. 

«Бізді тарифтер ылғи осылай өсіп тұрады деген ойға үнемі үйретіп отырады. Яғни, қарапайым тілмен айтқанда: «Дайындалыңдар – өмір үнемі нашарлай береді». Ал монополистердің осы жылдар бойы желілерді айырбастау үшін тарифтерді көтере отырып, осыны неге іске асырмағанын анықтайтын кез келген жоқ па? Монополистерден: «Табыстарың қайда кетіп жатыр?» деп сұрағанымызда, олар: «Барлық ақша акционерлерге дивидендке кетті», - дейді. Менің айтқаным: «Акционерлеріңе біздің аталарымыз бен әкелеріміз құрып кеткен жақсы мұра тегін қалыпты, ал енді олар азаматтардың тарифтерін бөлісіп отыр», - дейді Виктор Ямбаев.

Оның ойынша, тарифтердің көтерілуі Қазақстандағы әлеуметтік және экономикалық шиеленіске ұрындырушы фактор болып табылады. Алматы Кәсіпкерлер қауымдастығының Президенті мұның мезгілсіз жасалып отырғанын айтады: бизнес онсыз да валюта айырбастаудың кеңейтілген жаңа дәлізін белгілеу түріндегі қосымша жүктемені бастан кешіп отыр. Бизнесмен мәселенің радикалдық шешімін ұсынады: табиғи монополиялардың бір бөлігі мемлекетке қайтарылуға тиіс.

«Бұлар ешқандай да нарықтық жағдай емес! Бұл – табиғилыққа қарсы монополиялар. Оларды Кеңес күйреген соң бөліп алмай, өздері құрса, келісуге болар еді», - деп есептейді Виктор Ямбаев.

Алматы Кәсіпкерлер қауымдастығының төрағасы «монополистер жұмысын оңтайландырып қана қоймай, оны бақылау-қадағалау органдары үшін барынша ашық қылу қажеттігіне» сенімді.

«Коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындар (КМК) мен республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың (РМК) бүгінгі күнгі мәртебесі табиғи монополист-компанияларға өзінше бір қорғаныш береді. Осындай әккі мәртебенің арқасында олар Сыбайлас жемқорлық туралы заңға да, мемлекеттік қызмет туралы заңға да жатпайды. Сонымен бірге олар таза кәсіпкер болып табылмайды. Олар күн сайын елуге жуық бақылау-қадағалау органдары азапқа салатын кәсіпкерлер емес» - дейді бизнесмен.


Ұқсас жаңалықтар:

Еншілес ұйымдар

Серіктестер