astana-view

Шоттарды кім төлейді?

2015 жылғы 07 Қыркүйек
- Жетісу облысы
7684 просмотров

«Қазақстан Республикасының атымен»… Осындай сөздерден кейін кәсіпкерлер жеке мәселесінің әділ де объективті шешілуін қаншалықты жиі күтеді

Палата заңгерлеріне кәсіпкерлер өз мүддесін қорғауды сұрап күнде-күнде жүгінеді десек, артық айтпаймыз. Түйткілдерімен, күйінішімен келеді. Осындай бизнесмендердің бірі – Алматы облысы бойынша Экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмыспен күрес департаментімен тұтқындалған мүлікті сақтау үшін қойма жайларын жалға беруге шарт жасасқан Сара Ибрагимова.

Шарт мерзімі болып 2014 жылғы 31 желтоқсан белгіленеді. Екі тарап та шарт талаптарын тиісті түрде орындайды. Бірақ 2015 жылғы қаңтар айынан бастап қаржы полициясы қысқартылып, тұтқындалған мүлік кәсіпкердің қоймасында жата береді.

Кәсіпкер жаңа шарт жасасуды немесе қоймаларды босатуды сұрап құқық қорғау органдарына бірнеше мәрте жүгінеді. Бірақ оған еш жауап берілген жоқ. Алматы облысы бойынша жаңа Мемлекеттік табыс департаменті де, Алматы облысы бойынша Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті де кәсіпкермен шарт жасасуға асығар емес. Олар сонымен бірге тұтқындалған мүлікті беруді немесе қайтаруды талап етпейді, осылайша сақтауды жалғастыруға келісімдерін білдіргендей.

Уақыт өтіп барады – қыстың артынан көктем келді, одан соң жаз да түсті. Адал кәсіпкер ешкім талап етпейтін мүліктерді жауапкершілікпен сақтауды жалғастыруда, бірақ оған бір тиын төлеп жатқан да ешкім жоқ. «Бұл үшін кім төлеуге тиіс?» деген орынды сұрақ туындайды.

Дәл осы кезде ұзақ күттірген «Қазақстан Республикасының атымен...» деген тіркестер де естілді. Шындығында, шешім кәсіпкердің пайдасына шешілмеді: соттың шешімінде «Ибрагимова Жеке кәсіпкерлігінің «Алматы облысы бойынша Мемлекеттік табыс департаменті» РММ және «Алматы облысы бойынша Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті» РММ-нен қарызын өндіру туралы талап арызынан... бас тарту» деп анық жазылған.

Алматы облысы Кәсіпкерлер палатасының заңгерлері сот шешімімен келіспейді. Және де Ибрагимова ЖК мүддесін келесі инстанция соттарында алға тартпақшы. Олар аталмыш түйткілді «Атамекен» ҰКП ҚР Парламенті Сенатындағы Өкілі Ғани Қасымовтың қатысуымен көшпелі Кәсіпкерлер құқығын қорғау жөніндегі кеңесте қарауға шығаруды жоспарлап отыр. 


Ұқсас жаңалықтар:

Еншілес ұйымдар

Серіктестер