astana-view

Үкімет жер қойнауын пайланушыларға арналған жеңілдіктерді қолдады

2015 жылғы 07 Қазан
12271 просмотров

Бірақ ол Қазақстан мемлекеттік индустриалды-инновациялық даму бағдарламасына қатысушылар үшін ғана қарастырылған. 

Бұл туралы palata.kz сайтына берген ерекше сұхбатында Парламент Мәжілісінің қаржы және бюджет бойынша Комитетінің мүшесі Оспанов Серік әңгімелеп берді..

-  Серік Жамекұлы, «Қазақстан Республикасының салық төлеу және кедендік әкімшілік ету мәселелері бойынша кейбір заң актілеріне толықтырулар мен өзгертулер енгізу туралы» заң жобасының екініші оқылымына дейін мәжілісмендер ҚР Үкіметіне заңнамалық сараптамаға құжаттың салыстырмалы кесте пакеті ұсынысын жіберген болатын. Нәтижесінде Үкімет қанша норманы қолдады?

-  Қорытындылауға біз 30-дан  артық норма жібердік. Оның 21-і қабылданды. Бұл жақсы көрсеткіш.

-  Заңжобасының жекелеген нормалары жер қойнауын пайдаланушылар үшін кейбір салық төлемдерін азайтуды қарастырады. Сол туралы айтып берсеңіз...

-  Заң жобасында суды қолдануда біршама жеңілдіктер қарастырылған. Айталық, жер қойнауын пайдаланушылар үшін ауыз суын қолдану бойынша мөлшерлемені  НДПИ бойынша 1 АКЕ-не дейін көтеру ұсынылған болатын. Біз, депутаттар, бұл саланы бәсекеге қабілетті болып қалу үшін мөлшерлемені 1 АКЕ-нен 25% көлемінде бекітуді ұсындық. Сонымен қатар бізбен ұсынылған басқа бастамаларды айтатын болсақ, оның ішінде газды қолану туралы норма бар. Біз мемлекеттік индустриалды-инновациялық даму бағдарламасына  қатысушы кәсіпорындар үшін арнайы жеңілдіктерді қарастыруды ұсындық. Мысалға, газ сату үшін емес, қолдану үшін қажет кәсіпорындарға химиялық компоненттерді өндіру мақсатында.

-  Мәжілісте қолдау тапқан заң жобасындағы ілеспе немесе табиғи газ шырағынан шыққан зиянды заттар қалдығын тастаған үшін төлемақы мөлшерін қайта қарастыру не үшін қажет?

-  Бұрын бұл төлем мөлшерін қоюға шешімді мәслихат өзі қабылдайтын, ол өзгеріп отыратын да, шындаққа жанаспайтын. Ал  біз заң жобасында эмиссия үшін мөлшерлемесін 20 есе өсіруді ұсындық. Оның көлемі барлық жерде бірдей болуы мен өсу болмау үшін заң жобасы бойынша жергілікті деңгейде емес, орталық деңгейде бекітілетін болады. Газ шырағын жағу қабылданбайды.Экологияны былғаудың орнына газды қолдану керек.

 

Жанар Сердалина 


Ұқсас жаңалықтар:

Еншілес ұйымдар

Серіктестер