astana-view

Экономист болу міндетті емес, токарьлықты таңдауға да болады

2015 жылғы 27 Қазан
15515 просмотров

Жұмысшы кәсіптерді дәріптеу «көк жағалылардың» мәртебесін көтеруге мүмкіндік береді

2014 жылы Қазақстан WorldSkills қауымдастығының 70 мүшесі атанды. Бұл негізгі миссиясы күллі әлем бойынша техникалық мамандықтарды дәріптеу және олардың мәртебесін көтеру болып табылатын, әлемнің 70-тен астам елінде таралған халықаралық қозғалыс. Кәсіптік шеберлік байқауларын өткізу барысында түрлі елдердің индустриясы өкілдерінің арасында тәжірибе алмасуға арналған бірегей алаң жасақталады.

Адами капиталды дамыту департаменті директорының орынбасары Олжас Ордабаев айтып өткендей, WorldSkills Kazakhstan қозғалысының миссиясы – бұл жұмысшы мамандықтар бойынша WorldSkills халықаралық біріншіліктеріне қатысу арқылы ҚР Кәсіптік және техникалық білім беру (КжТБ) орындарының мәртебесі мен кәсіптік даярлық стандарттарын сапалы түрде көтеру.

«WorldSkills Kazakhstan қозғалысының мақсаты – жастардың кәсіптік даярлығының әлемдік үздік тәжірибелерін анықтау, инновациялық процестерді ынталандыру және ҚР КжТББ жүйесіне жаңа оқыту технологияларын енгізу, жастар арасында бәсекеге қабілеттілік менталитетін қалыптастыру, ҚР сараптама қоғамдастығын дамыту», - деп атады департамент директорының орынбасары.

Оның ойынша, WorldSkills Kazakhstan қозғалысы кадрларды даярлаудың инновациялық формаларына қолжетімділікті қамтамасыз етуге, ұлттық және халықаралық кәсіптік шеберлік байқауларына қатысу тәжірибесін кеңейтуге, ҚР КжТББ жүйесін мамандарды оқытудың жалпы мойындалған әлемдік стандарттарына шығаруға мүмкіндік береді.

Олжас Ордабаев айтып қеткендей, WorldSkills Kazakhstan қозғалысына қатысудан болатын тағы бір жағымды тұс – бұл кәсіп таңдаудың дербес те саналы түрде қалыптасуына жәрдемдесу, жастарды республика ішінде және одан тысқары жерлерде кәсіпқой болып қалыптасуға ынталандыру, еңбек нарығы тенденциялары мен қажеттіліктеріне уақытында баға беру, инновациялық процестерді ынталандыру және ҚР КжТББ жүйесіне оқытудың жаңа технологияларын енгізу, жалпы жұмысшы кәсіптер мәртебесі мен беделін көтеру.

Қозғалыстың Қазақстандағы ұлттық операторы «Холдинг «Кәсіпқор» Холдингі» Коммерциялық емес акционерлік қоғамы болып табылады.

«Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы қозғалыстың Қазақстандағы ұйымдастыру комитеті ретінде бекітілді. Ұйымдастыру комитетінің төрағасы - «Атамекен» ҚР ҰКП Әлеуметтік сала және әлеуметтік әріптестік комитетінің төрағасы Доскенов Талғат Қазкенұлы.

«ҰКП аталмыш жобаға неліктен қолдау көрсетіп отыр? Себебі бұл кәсіптік кадрларды даярлау мәселесі. Және де қозғалыс идеяологиясының өзі жұмысшылар біліктілігін көтеру арқылы кәсіпкерлер өмірін жеңілдетуде болып отыр. Әлемде бұл «Жұмысшы қолдар олимпиадасы» деп аталады. Ал бізде осы жұмыс қолдары жетіспей жатыр. Бұл «Атамекен» ҰКП Төралқа басшысының айтқан дүниесі, бұл елімізде «көк жағалылардың» жетіспеушілігі, олардың бәсекелестік деңгейіне жетпеуі. Бізде шетелдік жұмыс күшінің аса көп болуы да осы себептен. Бұл мәселелерді отандық жер қойнауын пайдаланушылар бірнеше мәрте көтерген болатын. Олар қарапайым деңгейдің өзінде жаңа жабдықпен жұмыс жасайтын әрі шетелдік әріптестерімен бәсекелесе алатын кадрлар жоқтығын мәлімдейді», - деп атады ҰКП департаменты директорының орынбасары.

Оның сөзінше, ҰКП о бастан аталмыш қозғалыстың Қазақстанда дамуы бастамасын іліп әкеткен.

«Аталмыш қозғалыс 1946 жылы екінші дүниежүзілік соғыстан кейін бірден Испанияда пайда болған. Оған себеп Еуропаның үйінділер арасында қалуы болды. Өнеркәсіп талқандалған. Жұмысшы кадрлардың тапшылығы орын алады, өйткені адамдардың көпшілігі майданда қаза тапқан еді – қатаң кадрлық дағдарыс сезілді. Осы дағдарыстан шығу мәселесі ерекше өткір болды. Өнеркәсіпті көтеру керек болды. Ал мұны тек адами капиталды дамыту есебінен ғана жасауға болатын еді. Бүгінде аталмыш қозғалысқа 70 мүше тіркелген, яғни жер тұрғындарының 80 %-дан астамы осы жобаға қалай да тартылған», - деді Олжас Ордабаев.

Ол мұның кәсіптік шеберлік байқауы екенін баса көрсетті. «Жұмысшы кадрлар өзара сайысқа түседі, жаңа технологияларды, жұмысқа деген жаңа ұстанымдарды көрсетеді. Бастапқыда сайысу форматы қосымша болды, себебі негізгі міндет – қандай да бір саладан хабардар сарапшыларды жинау, және де соғысқа дейін болған дүниелерді қайта тудыра бастау болған. Шын мәнісінде, бұл тәжірибе алмасуға арналған бірегей алаң сипатын алған, ал кейін келе сайысу пайда болады, себебі үздіктерді ынталандыру қажет болған еді», - деп жалғады сөзін Олжас Ордабаев.  

Оның айтуынша, қазірде WorldSkills біріншілігі 6 бағытта жүргізіледі: өндірістік (инженерлік) технологиялар; ақпараттық және коммуникациялық технологиялар; көлік және логистика; құрылыс және құрылыс технологиялары; өнер және стиль; әлеуметтік және дербес қызметтер.

ҰКП өкілінің сөзіне сүйенсек, қазақстандық топ РФ мен Бразилияда өткен біріншіліктерге қатысып, аталмыш жұмысшы мега-ивенттердің қалай өтетінін өз көздерімен көріп қайтқан. Бразилияда өткен біріншілік қорытындысы бойынша Алматы индустрия, туризм және қонақжайлық колледжінің студенті Сергей Белоносов өз құзыретіндегі жоғары дағдылары мен біліктерін көрсетіп, «Best of Nation» номинациясында медаль жеңіп алады. Сонымен бірге, №2 Индустриялық-техникалық колледж студенті Әділет Төкежанов «Токарь ісі» құзыреті бойынша топтық есепте жеңіп шыққаны үшін WorldSkills Competition медалін иеленді.

Сонымен бірге, WSK Ұлттық құрамасының сарапшылары Қуаныш Айтжанов, Сәбит Сартбаев және Нұрлан Сүйірғұлов «WorldSkills Competition Expert» ресми атағын алып, WorldSkills International Сараптау қоғамдастығының толық құқылы мүшелері атанып, сарапшы төс белгісімен марапатталды.

WSK техникалық делегаты Ұлан Жармұхамедов «Шаштараз ісі» құзыреті бойынша қазылар алқасының төрағасы ретінде қосқан үлесі үшін WorldSkills Jury President алтын медаліне ие болды.

Бір айта кететіні, WorldSkills ұлттық біріншілігін өткізу қорытындысы бойынша барлық жүлдегерлер өз салаларындағы еліміздің ірі компанияларына жұмысқа шақырылды.

Олжас Ордабаевтың ойынша, WorldSkills қозғалысы Қазақстанда кәсіптік бағдар берудің салмақты құралына айналуға тиіс.

«Мектеп оқушылары көбінесе мамандық таңдау туралы ойланбастан, жұмысшы кәсіптер жайлы қате түсінікте болады. Мәселен, токарь мамандығын алсақ, олар бұл май-май болған қол, төмен жалақы мен осындай төмен өмір деңгейі деп болжайды. Осындай біріншіліктерді өткізу бүгін токарь атанудың – негізінде компьютерді қолдана алатын, бағдарламалай алатын, 3D, 4D, 5D форматтарында үлгілей алатын адам болу екеніне, яғни осы мамандық құрамдастарын меңгеру екеніне көз жеткізеді. Бүгінде елімізде сандық бағдарламалық басқарудағы жабдықта жұмыс жасай алатын кадрлар жетіспеушілігі байқалады. Ал осы кәсіптік шеберлік байқаулары жастардың жұмысшы кәсібін дұрыс таңдауға бағдарлай алады. Оның үстіне, кәсіпқой токарьдың сауда өкілдерінен әлдеқайда көп табыс таба алатынын ескерер болсақ. Кейбір жоғары оқу орындарының түлектері мамандығы бойынша жұмыс таппай, осы салаға кетіп жататыны шын. Жұмысшы кадрлардың жұмысшы мамандықтарын дәріптеу – кең көлемді мәселе, және де оны түрлі қырлардан шешуге болады», - деді Олжас Ордабаев.

Оның ойынша, WorldSkills қозғалысын Қазақстанда ең жоғарғы деңгейге жеткізіп, оның барлық құралдарын барынша жан-жақты қолдану қажет. Қозғалыс мүмкіндіктерін, мысалы, WorldSkills стандарттарын білім беру бағдарламаларына енгізе отырып, кәсіптік білім беруді жүйелі модернизациялау үшін де қолдану, сондай-ақ ел жастарын ынтадандырудың нүктелік әсерін қолдану қажет.

Қарлығаш ЖҮСІПБЕКОВА


Еншілес ұйымдар

Серіктестер