astana-view

Бизнес - қорғауда

2015 жылғы 08 Желтоқсан
9582 просмотров

2015 жылғы 10 ай ішінде Палата қолдауымен жалпы сомасы 1,6 миллиард теңгеге кәсіпкерлер құқығын қорғап қала алдық

Жамбыл облысы Кәсіпкерлер палатасы қызметіндегі негізгі бағыттардың бірі бизнес құқығын қорғау болып табыладыӘрі бұл түсінікті де, себебі мемлекет аралық интеграциялық процестердің күшею жағдайында кәсіпкерлеріміздің мүддесін Қазақстан аумағында ғана емес, Еуразиялық экономикалық одақ кеңістігінде де қорғауымыз қажет.

«Қазфосфат» ЖШС бас директоры, Жамбыл облысы Кәсіпкерлер палатасы Өңірлік кеңесінің төрағасы Мұқаш ЕСКЕНДІРОВ осындай ой айтты.

«ЕАЭО жайлы айтар болсақ, облысымыз үшін қырғыздық әріптестермен ынтымақтастық мәселесі өзекті. Бірақ өңірдің өз ішінде де бизнеске ұшырасып жататын түйткілдер жетіп артылады. Оған ӨКП жанынан құрылған, көптеген бизнес-құрылымдарға көмектесіп үлгерген Кәсіпкерлер құқығын қорғау жөніндегі кеңес қызметі дәлел болып табылады», - деді Өңірлік кеңес басшысы.  

Кеңес жұмысының нәтижелері өңірлік кәсіпкерлер палатасының 2015 жылғы 10 ай ішіндегі қызметінің қорытындылары жайлы есеп берген жиналыста талқыланды. Палата біршама тиімді жұмыс үшін облыс прокуратурасымен тығыз байланыста жұмыс жасайды, ынтымақтастық туралы меморандум және бірлескен іс-шаралар жоспары әрекет етеді.

Кәсіпкерлік субъектілерінен келіп түскен 240 өтініш ішінен 59 кәсіпкерлер құқығын қорғауға қатысты болып, ақырында оның ішінде 28 оң шешімін тапты.

«Кәсіпорнымыз – еліміздегі химия саласының флагманы болып табылатын «Қазфосфат» ЖШС да «Атамекен» ҰКП қолдауын сезініп отыр. Жақында «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының Басқарма төрағасы Абылай Мырзахметовтың атына Қазақстан Республикасы мен Қырғыз Республикасы арасындағы сыртқы саудада электр энергиясын алмасу тәсіліне қатысу салдарынан «Қазфосфат» ЖШС келтірілген қосымша шығынды толығымен түзету мәселесін шешуде көрсеткен жәрдемі үшін алғыс хат жолдаған едім. Аталмыш түйткілдің шешілуі құрамында фосфор кездесетін өнімнің өзіндік құнының өсуіне жол бермеуге және оның сыртқы нарықтағы бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік берді», - деді Мұқаш Ескендіров.  

Оның айтуынша, көптеген түйткілдер жүйелік сипатқа ие, еліміздің өзге де өңірлері үшін өзекті. Мәселен, салық органдарымен қарым-қатынас. Сонымен, мемлекеттік табыс басқармасының қызметкерлері кәсіпкер Абзал Исаков мұнай өнімдерінің ішкі қозғалысын жүзеге асыру кезінде салық органына ілеспе жүкқұжат ұсынбады деген айып таққан. Ақырында Абзал Исаковқа 26,8 миллион теңге мөлшеріндегі табысын тәркілеумен айыппұл салынады. Өңірлік кәсіпкерлер палатасының араласуынан кейін ғана табысты тәркілеу түріндегі қосымша жазаның күшін жоюға қол жеткізіп, кәсіпкер едәуір сомасын айналымда сақтап қалды.

Кәсіпкер А. Шыныбековты 1,5 миллиард теңгеден астам мөлшердегі айыппұл төлеуден босатуға қол жеткіздік. Жуалы ауданындағы «Бейбітшілік» шаруа қожалығындағы 400 бас қойдың өліміне әкелген жағдайда ветеринарлық қызмет әрекетсіздігіне келер болсақ, ӨКП ұсынысымен кінәлі тұлғаларға қатысты қылмыстық іс қозғалды.

«Кеңес әрекетімен Тараз қаласы әкімдігінен жылжымалы, жабдықталған автодүкенмен фастфуд өнімдерін сатуға рұқсат ала алмай қойған кәсіпкер Николай Кимнің құқығы қалпына келтірілді. Кінәлі лауазымды тұлғалар жауапкершілікке тартылып, көшпелі сауданың орналасатын жерлерін анықтау үшін жұмыс тобы құрылды. Жамбыл кәсіпкерлерінің ӨКП-ден нақты көмек алған деректерін көптеп келтіруге болады. Бұл туралы мына сандар анық жеткізеді: 2015 жылғы 10 ай ішінде Палата қолдауымен жалпы сомасы 1,6 миллиард теңгеге кәсіпкерлер құқығын қорғап қала алдық», - деп қорытты Кәсіпкерлер палатасы Өңірлік кеңесінің төрағасы Мұқаш Ескендіров.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер