astana-view

Кәсіпкердің өмірін жеңілдету

2016 жылғы 26 Қаңтар
9267 просмотров

Кәсіпкерлік қызметті жақсарту мақсатында заңнамаға қандай түзетулер енгізілуде?

«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы қоғамдық мониторинг департаментінің директоры Ербол Өстеміров Қазақстанның заңнамасына жасалған бизнес үшін жағымды бірнеше түзетуді көрсетіп берді. Аталмыш түзетулерге Палата қол жеткізген еді әрі олармен жұмыс әлі де жалғасуда. Оның айтуынша, жер мәселесі өзекті болып қала береді.

«Жер телімін алу процедурасы созылыңқы әрі түйткілге толы. Кәсіпкер жер телімін сұратады да, оған: «Біз саған оны бере алмаймыз, себебі нысан егжей-тегжейлі жоспарлау жобасында көзделмеген», - деп жауап береді. Жоба 5 жыл бұрын жасалуы мүмкін. Онда қандай да бір коммерциялық нысандарды қарастыруды ұмытып кеткен де шығар. Қазірде прокуратруа органдарымен тығыз әрекеттестіктеміз. Жекелеген өңірлер бойынша тексерістер жүргіздік. Мәселен, Қарағанды облысы бойынша шамамен 120 учаскі ұсынылған делік, оның ішінде 95 ЕЖЖ бұза отырып беріледі. Демек алатындар бар, ал адал ниетті кәсіпкер келгенде оған берілмейді. Сыбайлас жемқорлыққа жол берілген деп болжауға болады», - деп атады Ербол Өстеміров.

ҰКП өкілі Ұлттық палатаның түйткілді заң жүзінде шешкенін хабарлады. Ендігі жерде мемлекеттік органдар жер телімдерін ұсынуда егжей-тегжейлі жоспарлау жобасын желеурете алмайды.

«Ең негізгі түйткіл мемлекеттік органның бос жатқан телімдер бойынша мәліметтер бермейтіндігінде болып отыр. Кәсіпкер өзі жүріп іздеуге тиіс. Бірыңғай база жоқ. Мемлекеттік орган бос телімдер тізбесін өздері анықтап, бизнесмен не шетелдік инвесторлар сайтқа кіре отырып, бос жатқан телімдерді көріп, таңдай алуы жайлы идеяны алға тартып отырмыз», - деп мәлімдеді ол.

Ербол Өстеміров сонымен қатар кәсіпкерлердің жер телімдерін әкімдіктер өткізетін аукциондар арқылы алатынын атады. «Алайда аукцион өткізу – олардың міндеті емес, құқығы. Түйткіл болып тұрған да осы. Әкімдіктер аукционды жылдар бойы өткізбеуі мүмкін – бұл олардың құқығы. Бұл жүйені кәсіпкер жер телімін сұрап келгенде әкімдік бір немесе екі ай ішінде аукцион өткізетіндей етіп өзгерткіміз келеді. Аталмыш түйткілді Ұлттық экономика министрлігімен айтып жүрміз, олар тұжырымдамалық тұрғыдан келісті. Биыл шешілеріне сенеміз», - деді ол.

ҰКП Қоғамдық мониторинг департаментінің директоры жермен бірге рұқсат беру құаттарының қысқаруы мәселесін де қозғады. Оның айтуынша, сәйкес заң жобасы Сенатта жатыр және таяу арада қабылданады. «Мәселен, дүкен немесе салон ашып жатқан кәсіпкерге электр желісіне, су құбырына немесе кәріз жүйесіне қосылу керек делік. Монополист бұл жағдайда жағдайын үнемі теріс қолданады және: «Бір шақырым жерден қосыл» деуі мүмкін. Кәсіпкер бір шақырым жерде жатқан желіге қосылуға мәжбүр болады, әйткенмен 10 метр аумақта қуат болуы да мүмкін. Осы түйткілді біз шешіп жатырмыз. Енді заң бойынша барлық монополистер бос қуаттар туралы электронды база жүргізуге міндетті болады. Кәсіпкер нысанына жақынырақ жатқан желіге қосылу мүмкіндігі бар-жоғын көре алады», - деді Ұлттық палата өкілі.

Ербол Өстеміров сонымен қатар ауыр салмақты және ірі габаритті көліктерге рұқсат алу туралы мәселенің қандай сатыда жатқанын жеткізді. «Бұл жемқорлық жайлаған сала. Аталмыш мәселені бір жарым жылдан астам уақыт бұрын көтерген едік. Мемлекеттік орган бұл норманы алып тастамас үшін тырмысуда. Километраж бойынша Шымкенттен шыққан үлкен автокранды Ақтөбеге апаруға шамамен  5 млн теңге кететінін есептеп шықтық. Кәсіпкерлер үшін осындай түйткілдер жасалуда. Мәжілісте аталмыш мәселе төңірегінде қызу даулар да туындап жатты. Қазірде ірі габаритті бөлінбейтін жүктер үшін рұқсат қала береді деген келісім бар. Ал жүк бөлінетін болса, онда кәсіпкерге рұқсат алудың қажет болмайды. Толығымен күшін жойғымыз келген еді. Бізде мұндай көлік жүре алатын барлық жолдардың ортақ сызбасы жасалады деген идея болды. Жүргізушілер осы сайтқа кіріп, сондай жолды таңдайды да, сонымен жүріп өтеді. Ал негізінде, кәсіпкерлердің 5 млн теңге төлегенше, көлік бақылау инспекторына 10% бере салғаны оңай. Бұл жүйе бұрынғыша жұмыс жасап жатыр. Олар үшін өзінше бір бейресми табыс», - деп хабарлады ол.


Ұқсас жаңалықтар:

Еншілес ұйымдар

Серіктестер