astana-view

Кәсіпкер алғысы – ең керемет марапат

2016 жылғы 29 Қаңтар
- Жетісу облысы
12316 просмотров

Палатаның жедел әрекеті кәсіпкердің жеке ісін сақтап қалуына, жұмысшысының жұмыс орнында қалуына көмектесті.

«Атамекен» ҚР ҰКП Басқарма Төрағасының атына Алматы облысы Қарасай ауданындағы кәсіпкер Қарлығаш Меттібаевадан алғыс хат келіп жетті. Бизнес-вумен Алматы облысы Кәсіпкерлер палатасына түйткілін шешудегі жеделдігі үшін алғысын білдіріпті.

Қарлығаш Меттібаева бизнеспен он шақты жылдан бері айналысып келеді. Аудандағы бес мектепті қоғамдық тамақтанумен қамтамасыз етуге тендер ұтып алып, оқушылар тамағының дәмді әрі сапалы болуына күш салады. Осы уақыт ішінде тұтынушылар құқығын қорғау бөлімімен де, мектептер директорлары тарапынан да, ата-аналардан да еш шағым болмайды. Қызметкерлер штаты 20 адамды құрайды. Олар жалақысын тұрақты түрде алып отырады.

30 желтоқсанда, еліміз Жаңа жылға дайындалып жатқанда кәсіпкер шенеуніктерден қызметін қажет етпейтіндері және шартын ұзартпайтындары жайлы хабар алады.

«Мектептер директорлары мен жоқта, тамақ дәмсіз және т.б. жайлы СЭС қорытындысынсыз бір жақты тәртіпте акт жасаған. Әрі адамдарымды алып кетуіме өкім жасайды. Аудандық білім беру бастығының қабыладуына келіп едім, мұнда да ешкім құлақ аспады. Өзімді қорғап қалу үшін, әкімдік қызметкерлеріне жүгіндім. Олар да көмектесе алмады», - деп жазыпты Қарлығаш Нұрғазықызы.

Бизнесмен жаңа жылдан кейін жиырма қызметкерінің жұмыссыз қалатынына алаңдайды. Олардың әрқайсысының отбасы, балалары, кредиттері бар дегендей. Содан Қарлығаш Нұрғазықызының ұлы Астанадағы ҰКП-ның байланыс орталығына қоңырау шалуға кеңес береді.

«Он минут өтпей жатып, Кәсіпкерлер палатасы Қарасай ауданындағы филиалының директоры Қонысбай Юсупалиевпін деп амандасқан адам қоңырау шалды. Ол сөзіме мұқият құлақ асып, толығымен қолдайтынын, барлық әкімшілік кедергілерді жойып беретінін айтты. 2-3 күн ішінде оқиғалар желісін 180 градусқа менің пайдама бұрып, сауатты түрде, заң жүзінде мәселемді шешіп берді. Әрі қарай жұмыс жасайтынымыз шешілді. Алғыс айтпақшы болғанымда, мұның Мемлекет басшысының тапсырмасы екенін, Алматы облысы ӨКП директоры Ләззат Шыңғысбаеваның нақты қойылған жұмысы екенін айтып, алғысымды қабыл алды».

Кәсіпкер түйткілін шешудегі жеделдікке ерекше таңқалды.

«Құрметті Абылай Исабекұлы! Қызметін сөзбен емес, іспен дәлелдеп жүрген ұйымыңызға рахмет. Алматы облысы ӨКП басшылығының нақты да жөнге салынған жұмысы үшін тағы да алғысымды айтқым келеді», - дейді кәсіпкер.


Ұқсас жаңалықтар:

Еншілес ұйымдар

Серіктестер