astana-view

Қазақстанда жаңа кәсіпорындар саны артты

2016 жылғы 03 Мамыр
22071 просмотров

«Атамекен» ҚР ҰКП Жиынтық талдау департаменті Қазақстан кәсіпорындары статистикасын ұсынады

2016 жылдың 1 маусымында да былтырғы жылдың осыған ұқсас кезеңіндегі сияқты жаңа 7,5 мың кәсіпорын тіркелген. Алайда жабылған кәсіпорындардың айтарлықтай көп саны есебінен абсолюттік өсім 5,9 мың кәсіпорынға артып немесе былтырғы жылдың 1-маусымымен салыстырғанда 178,8%-дық өсім байқалған (1-сурет).

Описание: C:\Users\User.M000000577\Desktop\Безымянный.png

 

2016 жылдың 1 сәуіріндегі көрсеткішке сәйкес Қазақстанда 366,2 мың заңды тұлға тіркелген, бұл 2015 жылдың 1 сәуіріндегі жағдаймен салыстырғанда 1,6%-ға артық. Тіркелген кәсіпорындардың  62,2%-ы ғана іске қосылған болса, 34,9%-ы ғана белсенді әрекет етуде, яғни тұрақты операциялық қызмет етіп, статистикалық органдарға есеп өткізіп тұрады. Осылайша, 238 мың кәсіпорын (тіркелген барлық кәсіпорындардың 65,1%-ы) белсенді қызмет атқармайды. 

Описание: C:\Users\User.M000000577\Desktop\1.png

Біздің елдегі заңды тұлғалардың барлық ұйымдастырушылық-құқықтық формалары қатарында қызметі заңды тұлғалардың 80%-ын құрайтын шаруа серіктестіктері (ЖШС) анағұрлым танымал, мемлекеттік кәсіпорындардың үлесі 2,8%, акционерлік қоғам үлесі аз – 0,5% (2-сурет). Былтырғы жылдың осы кезеңімен салыстырғанда ЖШС – 16,8%-ға, мемлекеттік кәсіпорындар – 0,7%-ға, АҚ – 7,1%-ға, өзге де ұйымдастырушылық-құқықтық формалар  – 7,5%-ға өскен.

Іске қосылған кәсіпорындардың құрылымдық бөлінісі 2015 жылмен салыстырғанда айтарлықтай өзгермеген (3-сурет). Былтырғы жылға қарағанда шағын кәсіпорындар саны 15,1%-ға, орта кәсіпорындар – 4,6%-ға және ірі кәсіпорындар – 0,4%-ға өскен.

 

Описание: C:\Users\User.M000000577\Desktop\2.png

2016 жылдың 1 сәуіріндегі деректерге сәйкес шағын кәсіпкерліктегі басым салалар мыналар болды: сауда – 55,8 мың кәсіпорын (25,5%) мен құрылыс – 32,0 мың кәсіпорын (14,6%), орта және ірі кәсіпорындар мына салалар бойынша шоғырланған: білім беру, денсаулық сақтау – 3,5 мың кәсіпорын (72,9%) және өңдеу өнеркәсібі  – 0,8 мың кәсіпорын (19,5%) (4-сурет).

2016 жылдың 1 сәуірі күнгі есеп бойынша қолданыстағы кәсіпорындар  саны Алматы (жалпы санының 27,4%-ы) және Астана (13,6%) қалаларында шоғырланған, Қарағанды облысында болса 7,7%-ға тең болған. Қолданыстағы кәсіпорындардың ең аз саны Солтүстік Қазақстан  және Жамбыл облысында болып шықты ( 2,8%-дан).

Шағын кәсіпорындар құрылымында заңды тұлғалардың анағұрлым көп бөлігі Алматы (шағын кәсіпорындардың жалпы санының 27,7%-ы), Астана (13,8%) қалалары және Қарағанды облысында (7,7%) шоғырланып отыр. Ірі кәсіпорындар құрылымында заңды тұлғалар көбінесе Алматыда (ірі және шағын кәсіпорындардың жалпы санының 24,2%-ы), Астанада (11,5%), сонымен бірге Оңтүстік Қазақстанда (8,4%) орналасқан екен (5-сурет).

        

Сауда, көлік, туризм, қаржылық қызмет, байланыс, кәсіптік және ғылыми қызмет салаларында қызмет көрсетумен айналысатын кәсіпорындардың көп бөлігі (40-60%) Алматы және Астана қалаларына тиесілі. Өңдеу өнеркәсібі кәсіпорындарының 43%-ы Алматы және Қарағанды қалаларында тіркелген. Ауыл шаруашылығы саласындағы кәсіпорындар негізінен Оңтүстік Қазақстан (26,9%) және Ақмола облыстарында  (13,7%) шоғырланған.

Описание: C:\Users\User.M000000577\Desktop\Новая папка\1.png


Еншілес ұйымдар

Серіктестер