astana-view

ҚР кәсіпорындары: табыс пен төмен нәтиже

2016 жылғы 05 Мамыр
17268 просмотров

2015 жылы шағын кәсіпорындар пайда табудың теріс деңгейін көрсетті

2016 жылдың 1 қаңтарына қарай жұмысы жүріп тұрған заңды тұлғалардың жалпы санындағы шағын кәсіпорындардың үлесі 96%-ды құрады.

Статистика комитетінің алдын ала мәліметтері бойынша, 2015 жылы шағын кәсіпорындардың табысы өткен жылдың осы кезеңіне қарағанда 6%-ға өсті және 13 541 млрд теңгені құрады. Сатып өткізудің өзіндік құны да жыл басынан бері 3,9%-ға өскен (1-сурет). Шағын кәсіпорындардың айналымындағы өзіндік құнның орташа үлесі, 2015 жылы төмендегеніне қарамастан, жоғары болып қалып отыр – 68,7% (2014 жылғы 70,1%-ға қарағанда).

Шағын кәсіпорындар түсімінің жалпы өсіміне қарамастан, «өзге шығындардың» едәуір өсуі соңғы 6 жылдың ішінде бірінші рет пайданың теріс көрсеткішіне әкеп соқты. 2015 жылдың қорытындысы бойынша шағын бизнестің шығыны 582,4 млрд теңгені құрады. Шағын кәсіпорындар өндірісінің таза пайда бойынша орташа рентабельділігі 2015 жылы 1,1%-ға дейін төмендеп, теріс нәтиже көрсетті(2-сурет).

Описание: C:\Users\User.M000000577\Desktop\Безымянный.png

Салалар бойынша шағын кәсіпорындар пайдасының түзілу құрылымы түбегейлі өзгерді. Бұл бірқатар салалар өндірісінің күрт азаюына және олардың экономикалық тиімділігінің төмендеуіне байланысты. 2014 жылы бүкіл пайданың негізгі үлесін тау-кен өндіру өнеркәсібі (57%) мен құрылыс секторы (25%) берді. 2015 жыл түйінінде тау-кен өндіру секторының кірісі 6 есеге азайды, құрылыс секторы 240 млрд теңгеге теріс бағытта құлдилады. Есесіне қаржы және сақтандыру қызметіндегі шағын кәсіпорындардың пайдасы күрт өсті. 2015 жылы, егер аталған сектор 10% берген болса, ал қазір экономиканың бүкіл пайдасының үштен бірінен астамын беріп отыр (1-кесте).

 

Кесте 1. Экономиканың негізгі салалары бойынша шағын кәсіпорындардың қаржылық нәтижесі

2015 жылы, өткен жылмен салыстырғанда, шағын кәсіпорындардың өндірістік залалдары 10%-ға, өндірістік емес залалдары–70%-ға өсті. Шығындардың жалпы құрылымында өндірістік емес залалдар да 2014 жылғы 53%-дан 2015 жылы 64%-ға өсті (3-сурет).

Өндірістік шығындардың 50%-дан астамы материалдық шығындарға тиесілі, олардың үлесі 56%-дан 50%-ға төмендеген. Материалдық шығындардың құрамында 2015 жылы, өткен жылмен салыстырғанда, «отын» мен «шикізат материалдары шығындары» сәйкесінше 9% және 11%-ға қысқарды. Осы ретте «сатып алынатын жартылай фабрикаттар мен толымдаушы бұйымдарға кететін шығындар» (76%) және «өзге де материалдық шығындар»  (33%) ұлғайды (4-сурет).

Өндірістік емес шығындардың құрылымы үлкен өзгерістерге түсті. Өзге шығындар 2 400 млрд теңгеге немесе 90%-дан астам ұлғайды. Олардың жалпы көлемдегі үлесі 71%-дан 79%-ға өсті. Өзге шығындардың құрамында «банк қарыздары жөніндегі сыйақылар» 86 млрд теңгеден 321 млрд теңгеге дейін ұлғайды. «Өзге шығындар» екі еседен астам өсті және енді кәсіпорындардың өндірістік емес шығындарының жалпы көлемінде 71%-ды алады (2014 жылғы 60%-ға қарағанда). Материалдық шығындар нөлдік өсімді көрсетті, алайда олардың өндірістік емес шығындардың жалпы көлеміндегі үлесі 9,5-дан  5,5%-ға төмендеді (5-сурет).

Описание: C:\Users\User.M000000577\Desktop\2.png

2015 жылдың қорытындысында, өңірлердің көпшілігінде шағын кәсіпорындар шығындарының өсімі тіркелді. Ең үлкен өсім Алматы қаласында және Атырау облысында байқалды, мұнда шығындар 2 есеге өскен (6-сурет). Сәйкесінше, шығынның жоғарылауы еліміздің 10 өңірінде 860 млрд теңгеден астам залал шегуге әкеп соқты: Қарағанды, Ақмола, Атырау, Алматы, Ақтөбе, Қызылорда, Солтүстік Қазақстан, Қостанай облыстарында, сондай-ақ, Алматы және Астана қалаларында.

Қалған 6 өңірде шағын кәсіпорындар қызметінің таза пайдасы 281,5 млрд теңгені құрады: Батыс Қазақстан, Маңғыстау, Оңтүстік Қазақстан, Павлодар, Шығыс Қазақстан және Жамбыл облыстарында (7-сурет). 

Описание: C:\Users\User.M000000577\Desktop\3.png

Дереккөз: ҚР ҰЭМ Статистика комитеті мәліметтерінің негізінде әзірленді.

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер