ЭКСПО-ға билетті әлемнің кез-келген түкпірінен сатып алуға болады
Дегенмен, қазақстандық қонақ үйлер мен театрлар халықаралық қызмет көрсету компанияларына 25% жеңілдік жасаса ғана бұл мүмкін болмақ
Осылайша отандық қонақ үйлер мен театрлардың халықаралық деңгейге шығуына жол ашылмақ. Бұл Астанада өткізілетін «ЭКСПО-2017» көрмесі мен Алматыда өтетін Универсиада қарсаңында аса бір өзекті тақырып болып отыр. Өйткені, дүниежүзінің туристерінің Қазақстанға келуге қызығушылығы оянады.
Жуырда «Атамекен» ҚР ҰКП өкілдері мен Carmel компаниясының өкілдері палатада кездесіп, халықаралық туристік нарықта елімізді танытудың бірнеше тұжырымын ұсынған болатын. Олар қазақстандық кәсіпкерлерге туристік және өзгеде қызметтің керегесін кеңейту үшін халықаралық бронь жасау мен қызмет сатып алу сервистеріне аяқ басу керектігін айтуда. Мәселен, Carmel компаниясының өзі Expedia.com, Kayak.com, Travelocity.com, Orbitz.com және Hotwire.com сынды бірқатар сайттардың қызметіне жүгінеді екен. Олар әлемнің 80-нен аса еліне қызмет көрсетеді. Skift.com сайтының мәліметі бойынша, 2013 жылы қазан айында бұл сайттар әлемдегі осы тектес сайттар арасында 4-ші, 9-шы, 17-ші, 18-ші орында болатын. Expedia.com сайтына кірушілер саны 2013 жылдың қазан айында 24,3 миллионды құраған. Негізгі кірушілер АҚШ-тан (79,4%) болған.
Carmel компаниясы жолаушылар тасымалы жүйесін реттеуді ұйымдастыратын жобаларды жүзеге асырады. Олар жолаушыларды әуежай, вокзал, қонақ үй, өзге де тұрғындар көңіл көтеретін жерлерге жеткізіп отырады. 1980 жылдан бері АҚШ-тағы ең ірі тасымал компаниясы. Әлемдегі 20-дан астам елде өкілдігі бар.
«Біз қазақстандық компаниялардың халықаралық деңгейге шығуына көмектесеміз. Қазақстанның туристік компанияларының қызметін ұсынатын боламыз. Астана мен Алматының әдемі жерлерін туристер назарына ұсынамыз. Олар осы вебсайттардан билет, авиабилет, қонақ үйге орын, жерүсті көлігіне тапсырыс бере алатын болады. Билет сатылатын жерлерде Қазақстанның қонақжайлылығы туралы ақпарат таратамыз. ЭКСПО-ның билеттерін сатуға көмектесеміз», – деді Carmel компаниясының өкілі Яков Елизаров.
Оның айтуынша, қазақстандық компаниялар шетелдік клиенттерді тек Астанада ЭКСПО-ны өткізу немесе Алматыдағы Универсиада кезінде ғана емес, одан кейін де табатын болады. Ол үшін қазақстандық компанияларға осы сервистермен лайықты келісімге келу керек. Отандық ойыншыларға Қазақстанға қанша турға тапсырыс берілгені көрінеді, соларды күтіп алуға дайындық жасауға мүмкіндік болады.
Есесіне Carmel қазақстандық компаниялардан билет сатқаннан түсетін ақыдан 25% жеңілдік сұрап отыр. Ол билеттерді қазір олар тікелей сатып отыр. Себебі, шетелдік сайттардағы маркетингтік алаңды кеңейтіп алғысы келеді.
Елизаров атап өткендей, шетелдік сервистерді қазақстандық қонақ үйлер, экскурсиялық турлар, автокөлік жалдау, велосипед жалдау, такси, театр, кинотеатр, аквапарк, океанариум және т.б. қызықтырады. Қазақстандық компаниялар халықаралық сервистерге шығу үшін отандық ойыншылар қазіргі тарифтен 25% жеңілдік жасауы керек. Бұл сома тек халықаралық сервистердің табысы ғана емес, клиенттерге авиакомпаниялар атынан жасалар бонустар мен мильдарға жұмсалмақ.
«Жартысы (25% жеңілдіктің) турпакетке кетеді, жартысы – біздің әуе жолынан сатып алатын points-ке жұмсалады. Оларды біз клиенттерге бонус ретінде, яғни туристік пакет сатып алуына, әлде қонақ үйде нөмір броньдауына қосамыз.
Мәселен, егер сіз Marriot-та тоқтасаңыз, онда Marriot – United sky miles дегенді білдіреді, онда бұл бағдарламаға кіретін миллиондаған әуе жолдары бар», – деп түснідірді Яков Елизаров.
Оның пікірінше, бұл жеңілдік қазақстандық кәсіпкерлердің дәл осындай шетелдік компаниялар арасында танымал болуына әсер етеді.
Оның есебінше, қазіргі таңда халықаралық сервистер Қырғызстанмен, Өзбекстанмен, Грузия мен Моңғолияда да жұмыс жасап жатыр. Яғни, шетелдік туристер өз елінен шықпай тұрып Қырғызстаннан көлікті жалдай алады немесе Грузиядағы театр билетін броньдай алады.
Дегенмен, Carmel компаниясының өкілі АҚШ-тан Қазақстанға келуі мүмкін туристер санын айтуға қиналды.
«Астана Опера» өкілдері мемлекеттік мекеме болғандықтан, нақты бағадан жеңілдік жасай алмайтындығын бірден айтты. Сондықтан олар халықаралық сервистермен ғана емес, отандық жеңілдік сұрайтын сайттармен де жұмыс жасай алмайды. «Астана Опера» сатылымдағы билеттердің 30% шетелдік азаматтар сатып алатынын хабарлады.
Пікір қалдыру:
Пікірлер:
Жумашева Айзат Табалдиевна
Администратор
Вы можете купить билет на ЭКСПО, пройдя по ссылке: https://tickets.expo2017astana.com/
Также по вопросам покупки билетов можете обратиться в Call-center: +7 717 272 71 09