astana-view

Мал бордақылауға – мол сома

2016 жылғы 08 Тамыз
26472 просмотров

Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры («ҚазАгро» құрылымдық мекемесі) мал бордақылау алаңдарын құру үшін 11 млрд теңге бөледі

Қордың баспасөз қызметінің хабарлауынша, биылғы жылы Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры жеке шаруа қожалықтар негізінде 55 мың бас малы бар 7 мың шағын мал бордақылау алаңдарына 10, 9 млрд теңге бөлмек.

«Осылайша, жеке мал бордақылау шаруашылығы жеке кәсіпкерлікке айналып, ай сайынғы айлық табыспен қамтамасыз етіледі. Сондай-ақ тұрақты жұмыс орындары құрылады, бағдарлама жергілікті бюджет есебіне жыл сайын салық төлеп отыруды қамтамасыз ететін болады», – делінген еншілес «КазАгро» ұйымының баспасөз хабарламасында.

Осы тапсырманы орындауға арналған қаражат ««Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» бағдарламасы бойынша бөлінген. Сондай-ақ «Береке» несие беру бағдарламасы жасалған. Жыл басында Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры аталған бағдарлама бойынша 3,7 мың несие алушыны 9,2 млрд теңгемен қаржыландырған. Қаржыландырудың дені мал шаруашылығын дамытуға жұмсалмақ.

Ақша ірі қара мал, ұсақ мал, жылқы және т.б. үй жануарлары мен үй құстарын, сондай-ақ жем-шөп сатып алуға бөлінеді екен. Несиенің ең жоғарғы сомасы – 3 млн теңге. Бұрынғы несиесін алдын ала төлеген қатысушыларға – 5 млн теңге. Қайтару мерзімі – 4 жылға дейін. 500 мың теңгеге дейінгі несиенің пайыздық сыйақы мөлшерлемесі – жылына 4,8%, 500 мың теңгеден жоғары болған жағдайда – жылына 6%. Жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі, жылына 5%-дан 6,7%-ға дейін.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер