astana-view

Кәсіпкерлік университет деген қандай оқу орны?

2017 жылғы 18 Сәуір
8139 просмотров

Отандық жоғары оқу орындарының жұмысын жетілдіру, сапалы мамандар қатарын көбейту, университеттерді нарыққа бейімдеу – адам капиталын жақсартудың бірден бір жолы. «Enterpreneurial Universitу»  ұғымы, яғни кәсіпкерлік білім беру тәжірибесі әлемнің жетекші мемлекеттерінде кеңінен таралған

Дүние жүзі бойынша кәсіпкерлік білім беру бағытында  жоғары оқу орындар жүйесі құрылған, олар әдетте мемлекет қолдауынсыз, дербес жұмыс істеп отырған университеттер. Көп мемлекеттер жоғары оқу орындарын қаржыландыруды азайтып жатыр. Бұл тенденция оқу орындардың тәуелсіздігін ғана қамтамасыз етіп қана қоймай, қоғамға қажетті, нарықта сұранысы бар білікті мамандар дайындауда таптырмас формула. Білікті мамандар сапалы адам капиталын қалыптастырады, ал білікті жастар ұлт болашағы.  

Кәсіпкерлік университеті дегенде экономика саласында қызмет ететін, кәсіпкерлік негіздерін оқытатын, болашақ бизнесмендерді қалыптастыратын оқу орны деген түсінік қалыптасатыны рас. Ендеше бұл университеттің экономикалық факультеттер мен университеттерден айырмашылығы қандай болуы мүмкін деу де орынды. Алайда кәсіпкерлік университтетің атауына байланысты атқарар функциясы терең әрі бағыты да басқа.

Кәсіпкерлік университет дегеніміз не? 

Кәсіпкерлік университет дегініміз не деген сұраққа жауап бермес бұрын  жаңа бағытқа жалпылама түсінік берейік. Қоғам дамыған сайын адамдар негізгі институттарды да өзгерткіс келеді. Әр оқу орны әр түрлі даму жолын өткеріп жатыр, олардың жаңашылдықты сіңіру жылдамдығы да әр түрлі. Осы көштің ішінде анағұрлым тез дамып жатқан – бизнес институттары. Осы инститтутар ішінде білім беру жүйесі (университеттер) ескі қалыпта, консервативті жағдайда қалып қойғандай.

Ал өскелең ұрпақтың саналы өмірі, маман болып қалыптасуы кезең білім ордалары өтеді. Демек инновациялық технологияларды дайындайтын болашақ атқамінерлер мен ғалымдар, білікті инженерлер мен бизнесмендер ескірген, өзектілігі жоғалған оқу үдерісімен білім алады. Сонда жастар қайдан және қалай замануи технологиялар мен әдістерді сусындау керек?

Кәсіпкерлік университеттер дегеніміз – зияткерлік пен дербес қаржылық қуаты жоғары заманауи білім ордасы.

Кәсіпкерлік университет студенттерді сауда-саттыққа, кәсіпкерлікті қалай бастауға  үйрететін  мектеп деп  тар түсінікте қабылданбауы керек. Кәсіпкерлік университет  коммерциялық әлемнің әдістері мен құндылықтарын жапппай енгізуді де көздемейді. 

Кәсіпкерлік университет жаңа компанияларды құратын конвейер. Айталық, өзекті мәселелерді шешу жолында  тиімділігі жоғары зерттеулер келешегі зор кәсіпорындардың пайда болуына әкеледі. Дегенмен, жұмыстың  басым бөлігі академиялық сағаттарда емес, стартаптарды жетілдіруге жұмсалады. Сонымен қатар кәсіпкерлік университеттер экономикалық дамудың органы болып табылмайды. Өйткені, академиктер дамудың жаңа саласын табу, ескі саланы жандандыру, технологиялық орталықтарды құрумен айналыспайды.

Кәсіпкерлік университтетер сызбасындағы «үш деңгейлі спираль» әдісі

Кәсіпкерлік білім беруде үш деңгейлі спирал әдісін ХХІ ғасыр басында   Г.Ицковиц пен Л. Лейдесдорф ғалымдары ойлап тапқан. Бұл модель үш институт – ғылым (яғни, университет)- мемлекет-бизнестің  инновациялық технологяиаларды дамытудағы ұйымаралық өзара әрекеттесуін сипаттайды.  

Аталмыш әдіс жекелеген мемлекеттер мен Ресей Федерациясы білім беру жүйесінде сыналып жатыр. Алайда бұл мемлекет те кәсіпкерлік университеттерді енгізуді енді қолға алып отыр. Қандай да бір нәтиже мен ресейлік тәжірибе туралы айтуға әлі ерте.

Америкалықтардың ұстанған бағыты

АҚШ гуманитарлық білім беру жүйесі америкалық инновацияларды қалыптастыруға азық беріп отыр. Халықараралық университеттер  мен америкалық университеттер айырмашылығы білім берудің сан алуандығында. Дүние жүзінің білім ордалары АҚШ-тың либералды өнері моделін пайдалануға талпынады. Бүгінде инновациялық технологиялар әлемнің ең өзекті мәселелерін шешіп отыр. Осы бағытта даму – заман талабы.

Осы ретте адам жанын түсіну, адам капиталын арттыру маңызды. АҚШ оқу орындарында гуминарлық, әлеуметтік ғылымдарды зерттей келе өмір мәнін түсіну, адам қажеттілігін сезінуді қолға алған. Осы әдіс кез келген салада еңбектеніп жатқан табысты кәсіпкерлерге арналады. Көп сарапшылар бұл әдістің ЖОО-дың  коммерциялық белсенділігін түсіріп, тез дамитын кәсіпорындардың легін азайтады деп топшылайды. Ал америкалық мамандар либералдық өнерлерді дамыта отырып институттық келешекті бекемдейді.

Қазақстанның білім беруіндегі ахуал

 Қазақстанда университтерге бөлінетін мемлекеттік қолдау жыл өте келе қысқаратын болады. Осыдан бірнеше жыл бұрын министрлік ЖОО-лардың автономды режимге көшу мәселесін көтерген болатын. Ол кезде бұл үдеріс қалай жүзеге асады, нобайы қандай болатыны жайлы нақтылық болмады.  Ал қазір білім ордалардың дербестігін іске асыратын жол бар – ол кәсіпкерлік білім беру бағыты. Сондықтан отандық білім ордалары өзін-өзі «баға алатын» бәсекеге төзімді болуы қажет. Бизнес-қоғамдастыққа кәсіпкерлер легін дайындайтын әрі өзі кәсіпкерлік бағытта дамитын жоғары оқу орны қалыптасуы жөн.

Білім берудің жаңа бағыты Қазақстанға да жетті. Мамандар мен ғалымдар инновациялық технологияларды замануи ғылыми база керек екенін айтады. Осы бағытта 2017 жылдың наурыз айында «Атамекен» ҰКП алаңында Қазақстанның кәсіпкерлік білім беру қауымдастығы құрылды. Қауымдастық кәсіпкерлік білім беруді дамытуға, кәсіпкерлік университеттерді қолдауға ықпал етеді. 

 Қазақстанның кәсіпкерлік білім беру қауымдастығының бастамасымен алдымен экономикалық, техникалық университеттер сыналатын болады. ҚР Білім және ғылым министрлігімен бірлесіп Қауымдастық кәсіпкерлік білім беру Тұжырымдамасын әзірледі. 

«Дәстүрлі университеттің кәсіпкерлік университетке трансформациясына   қазақстандық экономика инновациялық даму моделіне өту қажеттілігі; білім берудегі мемлекеттік қаржыландырудың азайтылуы; ғылым жіне білім беру қызметінің ішкі және халықаралық нарықтарда бәсекені артуы; Бизнес-қоғамдастықтың отандық әрі шетел нарығында бәсекеге қабілетті мамандарды дайындауды талап етуі себеп болып отыр», –дейді Қазақстанның кәсіпкерлік білім беру қауымдастығының төрайымы Алмагүл Қанағатова.

Алмагүл Қанағатованың айтуынша университеттің трансформациясына кәсіпкерліктің эко жүйесі қалыптаспауы, білім ордалардың автономиялық тәуелсіздігінің, академиялық бостандығының жоқтығы, заңнамалардың дамымауы, инновациялық инфрақұрылымның жоқтығы, технологиялар трансферы бойынша білікті мамандардың тапшылығы кедергі болып отыр.

Қазақстан білім кеңістігінде қандай оқу орны кәсіпкерлік бағытта жұмыс істеуге дайын?

Отандық білім беру жүйесіне енгізілмек дамудың жаңа бағыты бір күннің жұмысы емес. Бұл бағыт, тұжырымдама қалыптасып, сіңу үшін уақыт керек. Дегенмен, кәсіпкерлік бағытта жұмыс істеуге дайын бірнеше жоғары оқу орны бар. Олар өз базаларын сынауға дайын. ҚР Білім және ғылым министрлігімен бірлесіп әзірге экономикалық, техникалық, технологиялық оқу орындары негізінде тәжірибелік оқу процессін енгізуді жоспарлап отырмыз. Қандай университеттер кәсіпкерлік білім беруге дайын деген сауалға келсек, бұл критерийлерге Назарбаев университет пен алматылық AlmаU университеті базасы толығымен дайын. Университеттер экономика негіздерін, маркетинг пен менеджентті оқытады әрі дербес жұмыс істейді, яғни білім ордалар кәсіпкерлік білім беру концепциясына сай жұмыс істеуге дайын.

«Сонымен қатар Қазақстанның кәсіпкерлік білім беру қауымдастығына мүше С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті, Павлодар Инновациялық Еуразиялық университеті, Қарағанды экономикалық университеті, Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті, М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті, Тараз инновациялық-гуманитарлық университеті жаңа  трансформациялау процесіне қатысады», – деді қауымдастық төрайымы.  

Алайда кез келген жекеменшік университетті кәсіпкерлік университет деп қабылдау қате пікір. Коммерциялық бағыт кәсіпкерлік білім берудің мазмұнын ашпайды.

Кәсіпкерлік университеттер біріншіден ғылыми негізделген инновациялық өндірісті құратын болады. Демек, кәсіпкерлік университеттер қаржылық жағынан пайда әкеліп қана қоймай, қоғамдға маңызды – әлеуметтік-экономикалық даму, инновацияларды әзірлеу мен енгізуді қамтамасыз ететін болады. Экономикасы негізінен шикізат есебінен дамып жатқан Қазақстан үшін инновациялық дамудың жаңа жолдары қажет. Ал инновация ең алдымен ғылымнан бастау алатыны белгілі.

Сонымен...

Дүниежүзі білім беру кеңістігінде кәсіпкерлік білім беру жүйесі қалыптасып келеді. Бұл көште біреу алдында, бірі енді ілесіп келеді. Бүгінде кәсіпкерлік білім берудің нақты жүйесі мен әдісі бар деу – қателік. Қазақстан өзінің бірегей білім жүйесі секілді кәсіпкерлік білім берудің де өзіндік әдісін қалыптастырады.

Әлия Кемелбекова  


Еншілес ұйымдар

Серіктестер