«АҚБӨБЕКТЕН» – ЭКСПОҒА
Облыстық Іскер әйелдер кеңесінің төрайымы бір топ балаға «Экспо-2017» көрмесіне баруға сертификат табыс етті
Еліміз тарихында сақталатын «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесін тамашалауға жер-жерден үлкен де, кіші де ағылып жатқаны белгілі. Көптеген кәсіпорын, мекеме басшылары балаларға сый ретінде билет табыстап, олардың көрмені тамашалауына жағдай жасап отыр.
«Ақбөбек» білім беру орталығы да бұл шарадан тыс қалған жоқ. Осы жылдың наурыз айында ұйымдастырылған «Ақбөбек IV» халықаралық өнер фестивалінде бас жүлдеге ие болған 40 балаға «Экспо–2017» көрмесіне баруға сертификат табыс етілген болатын. Олардың қатарында Ақтөбе, Атырау, Маңғыстау облысының өнерлі балалары да бар.
Жақында осы оқушылар ұстаздарымен бірге Астанаға жол тартты. Олар «Экспо–2017» көрмесін тамашалап, ондағы ең қызықты жайттарға куә болмақ. Сондай-ақ, балалар Астананың көрікті жерлерін аралап, қуанышты, шаттық сезімге бөленіп қайтары сөзсіз.
– Елімізде болып жатқан осы тарихи іс-шараны әр бала көруі тиіс. Олар ондағы әрбір қойылған жұмыстардан ой түйіп, болашақта өздері де еліміздің дамуына үлес қосуға ұмтылады, – дейді балаларға демеушілік көрсетіп отырған «Ақбөбек» компаниясының бас директоры, Ақтөбе облыстық Іскер әйелдер кеңесінің төрайымы Күлпаршын Айдарханова.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: