astana-view

Ауыл шаруашылығын дамыту саласында Қазақстан Украинадан алға шығуы мүмкін

2017 жылғы 30 Қазан
5367 просмотров

«Атамекен» ҚР ҰКП Құзырет орталығы шетелдік сарапшыларды шақыру арқылы агроөнеркәсіп кешені саласының субьектілеріне кеңе беруді тұрақты түрде жүргізеді

Құзырет орталығының мамандары негізгі шаруашылықтарда ғылыми-тәжірибелік семинарлар өткізу мен жекелеген кеңес беру арқылы агроөнеркәсіп кешені субьектілерінің ақпараттандырылу деңгейін жоғарылатады.

Украинаның Сүт өндірушілер қауымдастығының Вице-президенті Любомир Дукин Қазақстанмен 4 жыл ынтымақтастық қарым-қатынаста. Қауымдастыққа өндіру көлемдері бойынша сүттің 40 пайызы жоғары класс өнімін өңдеуге бағытталып, алдыңғы қатарлы заводтардың барлығына дерлік сүтті қамтитын 200-ге жуық шаруа кіреді.

«Сүттің сапасы жоғары, өнеркәсіп орындары ауқымды әрі заманауи жабдықталған. Әр шаруашылықтың мал басы саны 620 ірі қара малдан асады»,- деді Любомир Дукин.

Сарапшының айтуынша Украинада 1991 жылдан бері ауыл шаруашылық саласына басым көңіл бөлінеді. Ол уақытта Қазақстан металлургия, газ және теміржол сынды салаларды дамып жатты.

«Алғаш келгеннен алдағы үлкен мүмкіндіктер мен ауыл шаруашылық саласын дамытуға бағытталған мемлекет тарапынан қолдауды байқадық. Украинаның бұл мәселеде 10-15 жыл алға шыққанына қарамастан Қазақстан дәл сол жолды 5-7 жылда өтуге шамасы жетеді»,- деп ойымен бөлісті Любомир Дукин.

Сонымен қатар, шетелдік маман субсидиялаудың қазақстандық жүйесін жоғары бағалады.

«Шаруалар үшін несиенің қаржы тетіктері Укрианада жоқ өте маңызды жоба. «ҚазАгро»  агроөнеркәсіп кешенін индустриалды дамытуды ынталандыруға бағытталған мемлекет саясатын жүзеге асыратын қаржы құралы. Украинада қаржыландыру банк жүйесі арқылы жүргізіледі», - деп баяндады Сүт өндірушілер қауымдастығының Вице-президенті.

Украинадағы агроөнеркәсіп кешенінде көрсетілетін негізгі көмек – салықтан босату.

Любомир Дукин тәжірибемен алмасудың маңызды екендігін айта кетті.

«Атамекен» - қайталанбас жүйе, бізге сіздерден үйрену қажет. Жүйе экономика мен бизнесті жұмылдырып, барлық білім мен инновацияларды қолдануға мүмкіндік береді. Қазақстанның өңірлерінде бірнеше рет іс-шаралар өткіздік, жасалып жатырған үлкен жұмысты баяндап берген мал шаруашылығымен айналысатын кәсіпкерлермен кездестік»,- деді спикер.

Барлық салаларға үлес қосқан «Атамекен» ҚР ҰКП үлкен күшке ие екендігі әңгіме барысында айтылып өтті.

«Бізге нарықтық механизмдер жақсы дамыған. Құзырет орталығы білім беруге көп көңіл бөліп, халықаралық сауда мен әлемдік бағаны ескере тиімді жұмыс жасау қажеттігін көрсетеді»,- деді шетелдік маман.

Любомир Дукинның айтуынша Қазақстан мен Украина шамалас деңгейде, себебі мемлекеттердің бастапқы негіздері, шарттары мен жүйелері ұқсас. Сонымен қатар, сарапшы Украина сүт өнімдерінің экспор жағдайына тоқтала кетті.

«Біз үнемі тек Ресейге бағдарландық. Қазір өнім өткізудің жаңа нарықтарын іздеудеміз. Әзірге Қытай, Африка, Таяу Шығысқа өнімдерімізді жеткіземіз. Орталық Азия мемлекеттерінде жұмысымызды жандандырып жатырмыз. Жұмыс процессін жеделдету мақсатында еліміздің ішінде экспорт кеңесін құрдық. Екі апта аралығында сауда миссияларын жүзеге асырамыз. 2014-2015 жылдар аралығында дүниежүзі бойынша бірнеше сауда жеткізулер жүзеге асты. Вьетнам мен Сингапурдан басталып, Конго Республикасы, Чад сынды африканың бірнеше мемлекеттерімен аяқталды. Экспорт кеңесінің жұмысы нәтижесінде бір жыл көлемінде бірнеше жаңа нарық ашылды», - деді Сүт өндірушілер қауымдастығының Вице-президенті.

Нарықтардың жетел ашылуына заңнаманың реттелуі негіз болды.

«Еуропалық  одақпен бірлесе заңнаманы ретеуге ерекше көңіл бөлдік. Нәтижесінде Еуропалық одақтың нарығы қолжетімді болып, автоматтық түрде әлемнің 60-тан астам елдерінің нарығына жол ашылды», - деді Любомир Дукин.

Сонымен қатар, Украина Қазақстанға да сүт өнімдерін жеткізеді. Негізінен өнімдер «Молочный Альянс» ЖШС пен «Милкиленд - Украина» компанияларынан жеткізіледі.

«Павлодар, Петропавл, Шымкен пен Алматының бірқатар кәсіпорындарымен серіктестік қатынас орнатылған. Украинада мамандарға арналған оқыту курсын өткіземіз. Кеңес дәуірінен қалған ветеринариялық тарихи маңызы бар 12 университет бар», - деді сарапшы.

Украина үшін Қазақстан өнім өткізу нарығы емес, Шығыс аймақтарға шығуға арналған ауылшарушылық платформасы мен салалық серіктес.

«Қазақстанда сүт өнімдерін өңдеу заводтарының құрылысы жайында келіссөздер жүргізіліп жатыр. Сондай-ақ, сүт фермаларының құрылысына көмек көрсетілуде», - деп мәлімдеді Сүт өндірушілер қауымдастығының Вице-президенті.

Өз кезегінде «Атамекен» ҚР ҰКП Құзырет орталығы сарапшыларының Украинадағы өткен туры жайында Dairy Global Experts үйлестірушісі Алена Гудзовская баяндады.

Dairy Global Experts – заманауи өнеркәсіп пен кеңес беруші практиктердің алдыңғы қатарлы тәжірибесін біріктірген сүт өндіру бизнесі мамандарының инновациялық одағы.

«Біздің компаниямыз Сүт өндірушілер қауымдастығының халықаралық бөлімі. Бөлім шаруалардың сырқы серіктестермен қарым-қатынасын реттейді. «Атамекен» ҚР ҰКП Құзырет орталығы мамандарына 7-13 қазан аралығында тур ұйымдастырылды»,- деді Алена Гудзовская.

Турға одақтың қызметкерлері, мал шаруашылығы, өсімдік шаруашылығы саласының мамандары сынды әртүрлі саладағы қазақстандық мамандар шақырылды.

«Тур аясында мамандар сүт фермаларын, шетелге үлкен көлемде тауар экспорттайтын Украинаның бал өңдеу орталықтарына барды. Тур аясынсда Житомир, Чернигов, Киев, Черкас және Одесса облыстары қамтылды»,- деді Dairy Global Experts үйлестірушісі.

Құзырет орталығы мамандары Қазақстанда қолдануға болатын Украинаның ауыл шаруашылығын жүргізу тәжірибесімен танысты.


Ұқсас жаңалықтар:

Еншілес ұйымдар

Серіктестер