astana-view

Өнертапқыш кәсіпкерлер қар тазалайтын құрал ойлап тапты

2017 жылғы 03 Қараша
8212 просмотров

Тұрмысқа қажет шағын инновациялық құралдар еңбек өніміділігін арттырады

Инновациялық технологиялар ірі ғылыми жобаларда, адамзат келешегі үшін стратегиялық жоспарларда әзірленеді, және технологиялар дамыған мемлекеттерде, мамандандырылған ірі корпорациялар мен компаниялар іске асып жатыр. Ал басқа әлем мемлекеттері сол өнімдері пайдаланушы ғана.  Мәселен, соңғы үлгідегі брендті смартфондарды көпшілік асыға күтеді, бағасы шарықтап тұрған автомобильдердің жаңа модельдері де үнемі сұраныста.

Инновациялық технологиялар мен стартап жобалар мемлекет тарапынан қолдау тауып отыр. Аталған саладағы тың әзірлемелерге қайтарымсыз гранттар да қарастырылған. Идесы бар жастар мен өнертапқыштарға қолдау шаралар қолға алынып отыр. Бүгінгі сұхбатымыздың кейіпкері «Bumsistems» конструктор бюросының бас директоры Мәдина Жәнібек. Компания өнертапқыштары  адамның күнделікті кәдесіне жарайтын құралдарды ойлап тапқан.

Мәдина ханым, компанияңыздың мамандануы жайында айтып кетсеңіз.

–«Bumsistems» идеялар генераторы, бағытымыз – инновациялық технологияларды әзірлеу. Бастапқыда «Bumsistems»  өзінің алғашқы инновациялық жобасын Алматы қаласында қорғаған, кейін командамызды Астанаға шақырды.  Елордада біз грант иелері атандық, пилоты жоқ ұшатын аппараттарды әзірледік. Бұл ноу-хауды төтенше, апаттық жағжайларда, тасжолдардағы жүріс ағынын, ірі шараларда бұқараны бақылау үшін қолдануға болады. Құрылғы ауа райын қадағалап, атмосфередағы зиян қалдықтар мөлшерін өлшеу алады. Компаниямыз – зияткерлік конструкторлық бюро, инновациялық бағытта бұрыннан қызмет етеді. 

Жобалар қай салада сұранысқа ие? Соңғы өнертабыс түрі қандай?

–Ойлап тапқан құралдарымыз халық кәдесіне жарайтын, күнделікті тұрмыста қажетті заттар. Соңғы үш инновациялық жобаны атап өтсем болады. Біріншісі – ұшатын аппараттардың апаттық жағдайда қонуы бойынша инновациялық патент. Екіншісі атпен жүруде қауіпсіздікті сақтайтын құрылғы патенті. Үшінші халыққа маңызды жоба – аула, тротуар, жолдарды қар мен мүздан тазалауға арналған портативті құралдар. Олар жеке қолдануда да, ірі территорияларды тазалауда да ыңғайлы. Аппарат қуаты қатып қалған қар мен қалың мұзды тазалауға арналған, әрі тазалуыш бұрғылар мен шеткалар тротуар, асфальт қабатын зақымдамайды. Бүгінде бұл жобаға ҚР Әділет министрлігі берген патент пен авторлық құқығымыз, жобалық сметалық әзірлеміз де бар.

–       Бұл өнімнің ерекшелігі неде?

–       Басты ерекшелігі – біз қоршаған ортаға зиян келтіретін заттарды қолданбаймыз. Жоба барысында жасыл технологиялармен нанотехнологиялар пайдаланылды. Жобаны жалпы тоғыс адам әзірледі. ТМД бойынша жобаға тең келетін балама жоқ. Оны тіпті нәзік әйел де басқара алады. Бұл балта мен сүймен емес, біздің тазалау құралы тротуар бетін сырмайды. Құрал уақыт пен еңбек өніміділігін тиімді пайдалануға жол ашады. Аппарат әсіресе солтүстік өңірлерге таптырмас құрал. Демек құрал маусымдық, тек қыс мезгілдерінде ғана керек. 

–       Халық қашан тұтына алады? Жаппай сатылымға қашан шығады?

–       Құрылға барлық зертханалық сынақтардан өтті. Нәтижелер өте жақсы. Қазіргі таңда жекелеген бөлшектерді жасау мақсатында отандық зауытпен келісім-шарт жасалды. Аталған зауыт аппаратты құрастыратын болады. Алғашқы 100 даналық партия қараша айында шығады. Қыс айларында жоғары сұраныс болады деп күтілуде. Біздің әлеуетті тұтынушыларымыз: қала, облыс әкімдіктері, барлық коммуналдық қызметтер мен жеке шаруашылықтар. Ары қарай сұранысқа қарай өнімді шағарымз деп жоспарлап отырмыз. Әзірге Қазақстан нарығында ғана сатылады.

Бағасы қанша болады, шағын ұйымның қалтасы көтере ме?

–       Аппараттың өзіндік құны 340-350 мың теңге. Біз бағаға зияткерлік меншік пен қосымша шығындарды салып отырған жоқпыз.

–       Технологиялар жайын айтсақ, елімізде мұндай ғылыми жаңалықтар аз. Заманауи ғылымға қандай баға бересіз?

–       Отандық білім мен ғылым кеңістігінде жоғары математика, кибернетика институттарын құру қажет. Ел экономикасының дауына техникалық мамандар керек. Қазір екінің бірі заңгер мен экономист, ал нағыз технологияны меңгерген инноваторларды саусақпен санауға болады.Ал менің мамандығым – педагог.

–       Компанияның жақын арадағы жоспары қандай? Мәселен энергетика саласына қатысты жобалар бар ма? Қазақстан көмір генерациясынан жасыл энергетикаға қашан өтеді?

Қәзір қалаларды пластик шөлмектерден тазартушы құралды әзірлеп жатырмыз. Қоқыстан құтылу әлемдік проблема. Әзірге ірі технологияларға бармай, халыққа қажетті шағын аппаратарды қолға алып отырмыз, құралдардың сыртына «Qazaqstanda zhasalgan» деп жазылады.

–       «Атамекен» ҰКП жұмысы жайында не айтасыз?

–       Мен «Атамекенмен» бұрыннан доспын. Әр бастамамды бірден қолдап, іліп әкететін компанияның болғаны қандай жақсы. Ұлттық палатаның түрлі жобаларына қатысам, әсіресе оқыту бағдарламалары қызықтырады. «Іскерлік байланыстар» жобасына қатыстым, басқарушылық машықтарды үйрендім. Мұнда әркез кәсіби кеңес беріледі. Кәсіпкерлікті алып жүрген соң, әр мәселемді палата арқылы шешемін.

–       Сұхбатыңызға рахмет!

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер