astana-view

Шымкент – Қазақстанның кәсіпкерлік өңірі

2018 жылғы 08 Сәуір
- Шымкент қаласы
9969 просмотров

Шымкенттің мегаполиске айналуы – бизнеске берілген үлкен мүмкіндік, мұны пайдалану керек

МЕМЛЕКЕТТІҢ ҮШІНШІ ҚАЛАСЫ

Шымкентті мемлекеттің үшінші қаласына, кәсіпкерлік, сауда орталығына, тұрғындарға жайлы әрі қонақтарға ең қызықты заманауи мегаполиске айналдыру міндеті қойылған. Оңтүстік Қазақстан облысы кәсіпкерлер палатасының директоры Асқар Әбубәкіров бұл міндет оңай болмаса да, жүзеге асыруға болатын тапсырма екеніне сенімді. Бұл үдеден шығу үшін Шымкент қаласы тұрғындарының көп мүмкіндігі бар: кәсіпкерлік даму үстінде, шағын және орта кәсіпкерлік саны артып келеді, тұрғындардың жартысына жуығы жеке меншік секторда қызмет етеді.

Оңтүстік Қазақстан облысы – Қазақстадағы экономикасы дамыған өңірлердің бірі. Халқы 3 миллионнан астам, инфрақұрылым дамыған, табиғат және еңбек ресурстары бай. Облыс аумағында ел экономикасына әсер ететін жүздеген кәсіпорын табысты жұмыс істейді. Облыста алдағы дамуда атқарылатын жұмыс көлемі анықталған, ірі бизнес-серіктестерге ұсыныс та бар. Оңтүстік Қазақстан облысының аумағында шетелдік қаржы салынған 150 кәсіпорын жұмыс істейді. Бұл облыс республикадағы агро индустрияның қуатты орталығының бірі. Мұнда адамның өмір сүруіне қажетті азық түліктің барлық түрі өсіріледі.

Экономистер өңірдің инвестициялық ахуалы экономикалық көрсеткіштер бойынша үздіктер қатарында болуға мүмкіндік береді деп есептейді. Инвесторларды табиғат климаты ерекше қызықтырады. Маусымда күннің жылы болуы жаңартылатын энергия көздерімен байланысты түрлі жобаларды жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Мұнымен қоса, шетелдік инвесторлар фармацевтика саласына, тоқыма, жеңіл өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы мен қайта өңдеу салаларына қызығушылық танытады.

Сонымен қатар Оңтүстік Қазақстан облысы кәсіпкерлікті қолдауда өзгеше тәсілдерді қолданумен ерекшеленеді. Бұл салада ноу-хау кем емес. Мысалы, Қазақстанда алғаш болып «бір терезе» қағидасымен жұмыс істейтін Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы ашылды. Бизнес жоспар дайныдаудан бастап жобаны пайдалануға бергенге дейін қаржыландыруға кеңес беру, рұқсат құжаттарын рәсімдеу жұмыстары толықтай атқарылады.

БИЗНЕСКЕ ЖАСАЛҒАН ЖАҒДАЙ

Өңірлік кәсіпкерлер палатасы бизнестің жұмыс істеуіне оң жағдай тудыру үшін барынша күш салып келеді. Ең алдымен бизнес-ортаға түсетін әкімшілік қысымды азайтуға ерекше көңіл бөлінді. Мемлекеттік органдармен бірлесіп жұмыс істеу арқылы бизнестің құқығы мен заңды мүддесін қорғау, тексеруді азайту, бақылау және қадағалау жүйесін жетілдіруге қол жетті. 2017 жылы Өңірлік кәсіпкерлер палатасы арқылы кәсіпкерлердің қорғалған құқығы мен  заңды мүддесінің жалпы сомасы 4,5 млрд теңгеге жетті. Бүгінде Өңірлік кәсіпкерлер палатасы энергиямен қамтамасыз ететін мекемелер, мемлекеттік кірістер департаменті, жер комитеті, сәулет және қала құрылысы бөлімімен мббильді байланыс тобы арқылы әкімшілік кедергілермен  күрес жұмысын қолға алған.

Палатаның негізгі жетістіктерінің қатарында бизнестің жер учаскелері мен инженерлік-коммуникациялық желілерге қосылу, сондай-ақ бос энергиялық қуат туралы ақпаратты онлайн алу қызметін көрсетуді атауға болады. Бұрындары осы ақпарат бизнеске жетпейтін, бизнес маңызды әрі дұрыс мәліметтен хабарсыз болып келген.

Кәсіпкерлерге қолайлы орта қалыптастыруда өңірлік палата кеңес беру, оқыту, құқық қорғау, жобаларды сүймелдеу, жүзеге асыру жұмыстарын атқарудан бастайды. Былтыр 5598 кәсіпкерге кеңес беру көмегі көрсетілді, 655 бизнес-жоба дайындалды. Бизнес-мектеп оқыту курсынан Оңтүстік Қазақстан облысының 1786 тұрғыны өтті.

АУЫЛДАҒЫ КӘСІПКЕРЛІК

Ұлттық палата еліміздің барлық өңірінде «Бастау» бизнес негіздеріне оқыту жобасын іске қосқаны белгілі. Бұл жобаның басты мақсаты – жұмыссыз және өзін өзі жұмыспен қамтыған ауыл тұрғындарын кәсіпкерлікке баулу. 2017 жылы Оңтүстік Қазақстан облысының 8 ауданында 1500 тұрғын білім алып, 419 қатысушы қаржыландыруға қол жеткізді, 321 азамат жеке кәсібін енді бастап, 98 кәсіпкер бизнестерін ұлғайта алды. Бұл өңірлер арасындағы ең жақсы көрсеткіш.

ЕРКІН ЭКОНОМИКАЛЫҚ АЙМАҚ БОЙЫНША КӨШБАСШЫ

Оңтүстік Қазақстан облысы республика бойынша жұмыс істейтін еркін экономикалық аймақ санымен де көш басында. Бұл өңірде «Оңтүстік» еркін экономикалық аймағы бар. Облыста 9 индустриялық аймақ жұмыс істейді, онда 68 кәсіпорын орналасқан, таяу уақытта олардың саны 93-ке жетеді. Өңірлік кәсіпкерлер палатасы «Атамекен­–Ордабасы» индустриялық парк жобасын сәтті жүзеге асырып отыр, оның жалпы ауданы 700 мың шаршы метр, инфрақұрылымы дамыған, жаңа нысандардың құрылысы үшін жер учаскелері де бар.

Кәсіпкерлер палатасы мемлекетітк сатып алуларға жергілікті қамту үлесін арттыру шараларын қабылдап, осылайша отандық өндірушілерге қолдау көрсетіп отыр.

БАСЫМДЫҚ АГРОӨНЕРКӘСІП КЕШЕНІНДЕ

Өңір экономикасының драйвері – агроөнрекәсіп саласы. Оңтүстік Қазақстан облысында жылыжай саны көп, онда Қазақстанның барлық өңірі мен шет елге жөнелтілетін көкөніс өсіріледі. Агроөнеркәсіп кешенінің жобаларына да сұраныс жоғары. Палата сарапшылары былтыр ауылдың жерде 1 млрд 100 млн теңгеге жүзеге асырылатын 108 жобаны сүйемелдеп, мақұлдатты. Өңірлік кәсіпкерлер палатасы 2017 жылы құрылған 640 ауыл шаруашылығы кооперативінің 121 жобасын сүймелдеу, құру, тіркеу, қаржыландыру алы жұмыстарына көмектесті. Аталған кооперативтерге 1742 шаруашылық субъектісі қатысты. Негізгі шаруашылық қызметін атқаратын әрі өндірістік процес пен қаржы алуды ұйымдастыру процесін жеңілдететін брендтік өндірістерден соң қосалқы шаруашылықтардың кооперация құруға деген қызығушылықтары артты,  

Инвестиция тарту және шетелдік инвесторлармен жұмысты ұйымдастыру үшін облыста «KAZAKH INVEST» ұлттық компанияның өңірлік өкілдігі ашылды. Отандық тауар өндірушілердің экспортын қолдау және дамыту үшін KazakhExport қаржылық-сақтандыру өнімдері және Қазақстанның сыртқы сауда палатасының сауда миссиясы, салалық көрме және отандық  тауар белгісін шетелдік нарыққа қатысу желісі бойынша жұмыс күшейтілген.

ЭКОНОМИКАНЫҢ ЖАҢА ДРАЙВЕРІ

Шымкент пен Оңтүстік Қазақстан облысын дамытуда жаңа экономикалық драйверге туризм айналуы мүмкін. Оңтүстік Қазақстан облысында туристік индустрия тұрақты дамып, «Оңтүстік Қазақстан облысы Туризм индустриясын дамыту орталығы» ҚБ Туристік қауымдастығы сәтті жұмыс атқарып отыр. Өңірде туристік нысан саны 195-ке жетті. Палата Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігімен және Қауымдастықпен бірлесіп, «Заманауи Жібек жолы» бірыңғай бағытын дайындады. Оған Түркітілдес мемлекеттер ынтымақтастығы атсалысты. Оңтүстік Қазақстан облысы енгізіліп, оңтүстік өңірлердің (Жамбыл, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан облыстары) бірыңғай бағыты жасалды. Оңтүстік Қазақстан облысындағы негізгі жобалар ретінде көне Түркістан, Сарығаш курорттық қаласы, Шардара курорты, Қасқасу тау шаңғысы курорты анықталды.  

Бүгінде Өңірлік кәсіпкерлер палатасы ішкі нарықты зерттеп, бизнестің жаңа бағытына ден қоюды қолға алды.

Шымкенттің мегаполиске айналуы – ең алдымен, бизнеске берілген үлкен мүмкіндік, бұл мүмкіндікті пайдалану керек деп септейтін Палата басшысы Асқар Әбубәкіров. Кәсіпкерлер палатасы бизнеспен айналысуға барынша оңталы жағдай жасауға күш салатынын да нықтап айтты. Тұжырымдай айтқанда, жақын арада Оңтүстік Қазақстан облысы еліміздің кәсіпкерлік орталығына айналады.

ОҢТҮСТІКТЕГІ БИЗНЕСКЕ НЕ КЕДЕРГІ?

Бизнестің мәселесі әлі де бар. 2018 жылдың 9 сәуірінде өңірдегі бизнесмендер «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Төралқа Төрағасы Тимур Құлыбаевтың Оңтүстік Қазақстан облысындағы жұмыс сапары аясында кездесіп, түйткілді мәселелерді ортаға салады.

Төралқа Төрағасы Оңтүстік Қазақстан облысы кәсіпкерлер палатасы Өңірлік кеңесінің кеңейтілген отырысын өткізеді. Басқосуға облыс әкімі Жансейіт Түймебаев арнайы қатысады, сонымен қатар Өңірлік палата, мемлекеттік органдардың өкілдері мен кәсіпкерлер шақырылған. Басталу уақыты – сағат: 11-00, мекенжайы: Шымкент қаласы, Астана даңғылы, Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігі, Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің үлкен залы.

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер