astana-view

Қазақстанда патентті қалай алуға болады?

2018 жылғы 24 Сәуір
29638 просмотров

Патенттеу ойлап тапқан дүниеңізді бөтен біреудің қолдануына тыйым салу құқығын береді. Патент оны қорғайды және патент иесіне белгілі бір уақыт аралығында оны пайдаланудың айрықша құқығын береді.

Патент түрі мен оны қорғаудың мерзімі

Қазақстанда түрлі өнеркәсіптік үлгі мен нысандар қорғалады және патенттің бірнеше түрі беріледі. Егер сіздің зерттемеңізде техникалық шешім болса, ол өнертабыс немесе пайдалы үлгі ретінде қорғалуы мүмкін. Егер зерттеме сыртқы көрініс бұйымына жатса, онда өнеркәсіптік үлгі ретінде қорғалады.

Өнертабыс патенті өтінім берген күннен бастап 20 жылға жарамды. Қолданылуына Қазақстан Республикасында рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамада бекітілген рұқсат алу тәртібі талап етілетін дәрілік затқа, пестицид (улы химикатқа) жататын өнертабысқа келер болсақ, патент құқығын растайтын және айрықша құқық беру мерзімі патент иесінің өтінішхатымен ең көп дегенде 5 жылға ұзартылуы мүмкін.

Өнертабыс үшін патент қағаз түрінде сараптама және «өнеркәсіптік қолданылуы», «әлемдік жаңалық» және «өнертабыс деңгейі» патенттік қабілетінің шарттараына сәйкестігіне қатысты өтінім сараптамасын жүргізгеннен кейін беріледі.

Өнертабыс ретінде кез келген саладағы өнімге (құрал, зат, микроағза штаммасы, өсімдіктер немесе жануарлар жасушасының өсіріндісі), тәсіл (материалдық құралдардың көмегімен материалдық нысанға әрекет жасау процестер), сондай-ақ танымал өнімдерді немесе тәсілдерді жаңа мақсатта немесе жаңа өнімді белгілі бір бекітуде қолдануға жататын техникалық шешімдер қорғалады.

Қазақстан Республикасында пайдалы үлгіге берілетін патент 5 жылға жарамды және патент күшін сақтау үшін төлем беру шартымен 3 жыл мерзімін ұзартуға болады (барлығы 8 жыл). Пайдалы үлгіге патент «әлемдік жаңалық», «өнеркәсіптік қолданылу» паттенттік қабілеті шартына сәйкестігі тексерілместен, көрсетілген талаптарға қатысты өтінім берушінің тәуекелі мен жауапкершілігі жүктеліп беріледі.

Пайдалы үлгі ретінде адамдар мен жануарларды емдеудің диагностикалық, терапиялық  және хирургиялық тәсілдерінен өзге өнімге (құрал, зат, микроағза штаммасы, өсімдіктер немесе жануарлар жасушасының өсіріндісі), тәсіл (материалдық құралдардың көмегімен материалдық нысанға әрекет жасау процесстер), сондай-ақ танымал өнімдерді немесе тәсілдерді жаңа мақсатта немесе жаңа өнімді белгілі бір бекітуде қолдануға жататын техникалық шешімдер қорғалады.

Өнертабыс және пайдалы үлгіге патентті бірыңғай өнертабыс ойымен өзара байланыстырылған техникалық шешімнің бірнеше нұсқасына алуға болады. Кез келген зерттемені өнетабыс немесе пайдалы үлгі ретінде патенттей алмайтындығын түсіну керек.

Өнертабыс және пайдалы үлгі ретінде танылмайтындар:

  1. ашылым, ғылыми теориялар мен математикалық әдістер;
  2. шаруашылықты ұйымдастыру және басқару әдістері;
  3. шартты белгілер, кесте, ереже;
  4. ақыл-ой перациясын орындау, ойын өткізу ережесі мен әдістері;
  5. есептеу машиналарына арналған бағдарламалар және сол сияқты алгоритмдер;
  6. құрылыс, ғимарат,  аумақты жоспарлаудың жобасы мен сызбанұсқасы;
  7. бұйымның сыртқы келбетіне ғана қатысты ұсыныстар;
  8. қоғамдық тәртіпке, адамгершілік пен моральдың қағидатқа қарсы келетін ұсыныстар.

Өнеркәсіптік үлгіге берілген патент өтінім берген күннен бастап 15 жыл бойы жарамды және 5 жылға ұзартуға болады (барлығы 20 жыл). Өнеркәсіптік үлгіге қағаз жүзінде сараптама және «әлемдік жаңалық», «түпнұсқалық» патенттік қабілеттілігі шарттарына сәйкестігі өтінімі бойынша сараптама жасалғаннан кейін патент беріледі. Өнеркәсіптік үлгі патенті өзара шығармашылық оймен байланысқан үшін көркемдік-конструкторлық шешімнің бірнеше нұсқасына берілуі мүмкін. Мұнымен қоса, кез келген дизайнерлік шешімді өнеркәсіптік үлгі ретінде патенттей алмайтындығын ұғыну керек.

Өнеркәсіптік үлгі ретінде танылмайтындар:

  1. бұйымның тек техникалық функциясымен шартталған;
  2. сәулет (шағын сәулет формаларынан басқа), өнеркәсіп, гидротехникалық және басқа да стационарлық құрылыс нысандары;
  3. сұйық, газ тәрізді, сусымалы немесе соған ұқсас заттардан жасалған тұрақсыз үлгі нысандары;
  4. қоғамдық тәртіпке, адамгершілік пен моральдың қағидатқа қарсы келетін бұйымдар.

Патент алу үшін берілетін өтінімге қажет құжаттарды дайындау

Қажетті және қалайтын қорғау түрін анықтағаннан кейін өтінім беру үшін келесі ақпарат пен құжат жинақтап, өткізу керек:

Өнертабыс/пайдалы үлгіге өтінім беру үшін:

  1. Өтінім беруші туралы ақпарат:

а) мекемелік-құқықтық форманы көрсете отырып өтінім берушінің толық атауы;

ә) өтінім берушінің заңды мекенжайы; жеке тұлға үшін – тұрақты орналасқан жері;

б) өтінім берушінің мемлекеттік (қайта) тіркеу туралы куәлігінің (заңды тұлға үшін) көшірмесі;

  1. Авторлар туралы ақпарат:

а) толық тегі, аты, әкесінің аты;

ә) тұрақты орналасқан мекенжайы;

  1. Өнертабыс/пайдалы үлгінің сипаттамасы;
  2. Өнертабыс/пайдалы үлгінің формуласы;
  3. Сызба және басқа да графикалық материалдар (бар болса);
  4. Реферат.

Өнеркәсіптік үлгіге патент алу үшін өтінім беруге қажетті құжаттар:

  1. Өтінім беруші туралы ақпарат: а) мекемелік-құқықтық форманы көрсете отырып өтінім берушінің толық атауы;
  2. Авторлар туралы ақпарат:  толық тегі, аты, әкесінің аты; тұрақты орналасқан мекенжайы;
  3. Өнеркәсіптік үлгі суретінің жинағы, атап айтқанда: а) өнеркәсіптік үлгінің  ¾ жалпы көрінісі (8 дана); ә) басқа да көріністері (алды, арты, оң, сол) – әр түрі 4 данадан.
  4. Өнеркәсіптік үлгінің ерекше белгілерін атай отырып сипаттау;
  5. Өнеркәсіптік үлгі прототипінің суреті (бар болса).

Төлем жүргізіп, құжаттарды өткізу

Өтінім бергені үшін төленетін міндетті жарнаны төлеп, түбіртекті бірге өткізу қажет. Өнертабысқа да және өнеркәсіптік үлгі үшін де Ұлттық зияткерлік меншік институтынының сараптама жүргізгені үшін қызмет көрсету ақысын төлеу керек. Төлем мөлшері бір өтінімде көрсетілген өнертабыс формуласының тәуелсіз пунктерінің саны мен өнеркәсіптік үлгі санына байланысты болатынын ескерген абзал.

Қажетті құжатты жинаған соң өтінімді толтыру керек (бланкіні Ұлттық зияткерлік меншік институты береді) және сол институтта өткізеді. Одан кейін патент беріледі.

Тәжірибеде көрсеткендей, патент алу процедурасының өз мерзімі бар. Өнертабыс үшін берілетін патент: Ұлттық зияткерлік меншік институтына өтінім бергеннен кейін қағаз жүзіндегі сараптаманы сәтті өткен жағдайда 2 айдан соң өтінім берушіге процедураның аяқталғаны туралы хабарлама жолданады. Одан кейін, мәні бойынша сараптама ақысы төленген күннен бастап шамамен 12-14 айдан соң сәтті аяқталған жағдайда, сарапшылар өнертабысқа патент берілу туралы шешімді жолдайды. Бұл процестен соң патент алу үшін төлем жүргізу керек. Патент төлеген күннен кейін 2-3 айдан соң өтінім берген күннен бастап 20 жылға жарамды патент беріледі, жыл сайын күшін сақтау үшін төлем жүргізілуі қажет.

Пайдалы үлгілер үшін: Ұлттық зияткерлік меншік институтына өтінім бергеннен кейін сараптама сәтті өткен жағдайда 10-12 айдан соң өтінім берушіге пайдалы үлгіге патент алу туралы сараптамалық шешім жолданады. Төлем жасалған күннен бастап 2-3 ай ішінде патент беріледі, өтінім берген күннен бастап 5 жылға жарамды, осы мерзім ішінде жыл сайын патент күшін сақтау үшін төлем жүргізілуі керек. Патент иесі пайдалы үлгі патентінің жарамдылық мерзімін өтінішхат арқылы тағы 3 жылға ұзарта алады.

Өнеркәсіптік үлгіге берілетін патент: Ұлттық зияткерлік меншік институтына өтінім бергеннен кейін қағаз жүзіндегі сараптама сәтті өткен жағдайда 2 айдан соң өтінім берушіге сараптама аяқталғаны туралы хабарлама жолданады. Шамамен 12 айдан кейін мәні бойынша сараптама сәтті аяқталғанда өнеркәсіптік үлгіге патент беру шешімі жолданады. Одан кейін өтінім иесі патент төлемін жүргізіп, төлеген күннен бастап 2-3 ай ішінде өнеркәсіптік үлгіге патент алады. Патент 15 жылға жарамды, осы мерзім ішінде патент күшін сақтау үшін жыл сайын төлем жүргізу керек. Патент иесі өтінішхат арқылы өнеркәсіптік үлгіге берілетін патент мерзімін тағы 5 жылға ұзарта алады.

Авторы: Наталья Пенькова, «Болотов и Партнеры» ЖШС, патенттеуге қатысты сауалдарды info@BolotovIP.com адресіне жолдауға және телефону +7 727 357 23 80.  Телефонына хабарласуға болады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер