astana-view

«Атамекен» өңірдегі туризмнің өзекті мәселесін анықтады

2018 жылғы 07 Мамыр
5162 просмотров

2 мамырда «Атамекен» ҚР ҰКП Басқарма Төрағасының орынбасары Юлия Якупбаева Ақмола облысына жұмыс сапарымен барып, туристік және медициналық нысандармен танысты.

Делегация құрамына ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Туризм индустриясы комитеті, «Қазақ туризм» ҰК» АҚ, сондай-ақ Ұлттық кәсіпкерлер палатасы құрылымдық бөлімдерінің өкілдері қатысты.

Ең алдымен таныстырылған нысан – «Family Garden» қонақүй кешені. Бұл нысан «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы бойынша несиеге және жеке қаражат есебінен салынған. Нысан әкімішілігінің өкілі жол бойына жарнамалық қалқан орнатуға рұқсат алу үшін қағазбастылық кедергілер орын алғанын хабарлады. Мұнымен қоса, негізгі автокөлік жолынан 400 метр қашықтықта орналасқан кешенге қарай арнайы жол салынбаған.

«Бұл мәселе негізгі автокөлік жолына жақын орналасқан көптеген нысандарда бар. Мұндай орындарды жол бойындағы сервис нысаны ретінде қарап, «ҚазАвтожол» ҰК бірге кірме жол салу мәселесін қарастыру керек. Кешен сондай нысанға қойылатын талапқа сай, тек санатын анықтау керек. Бұл «Астана-Щучинск» автожолының бойында жайлы сапарды қамтамасыз ету мәселесін де шешеді», – деп есептейді Юлия Якупбаева.

Делегацияға қатысушылар өңірде туризм нысандарына жетіспейтін инфрақұрылымды көрсете отырып төлқұжаттау жұмысын жүргізу қажет.

«ҚР Мәдениет және спорт министрлігі және «Қазақ Туризм» компаниясымен бірлесіп республикалық туристік карта дайындаудамыз. Өңірлерді тыңдағаннан соң, ел туризімін дамытуға айтарлықтай ықпал ететін 50 нысан іріктеліп алынды. Сонымен қатар инфрақұрылым жүргізуді талап ететін, сол аймаққа туристерді көптеп шақыруға мүмкіндік беретін өңірлік мәні бар нысандардың жеке картасын қарастыру керек деп ойлаймын.  Жақын арада бұл жұмысты да жүзеге асырамыз», – деп атап өтті Юлия Якупбаева.

Кешен өкілі аталған ұсыныспен келісіп, бұл мәселені көршілес тұрған қонақүй иесімен бірге талқылауға уәде берді. Делегация жұмысы Бурабай көпсалалы ауданаралық ауруханасында жалғасты, бұл аурухана үш ауданға жедел жәрдем қызметін де атқарып отыр. Аурухананы «Авиценна-Бурабай» ЖШС мемлекеттік-жекеменшік әріптестік негізде сенімді басқаруға алған. Аурухана басшылығы туристік кезеңге келушілер саны күрт артып кететіндігін айтты.

Бас дәрігердің айтуынша туристік маусымда Ресейден және Қазақстанның өзге де өңірлерінен келушілер көмекке жүгінеді. Алайда нысанды қаржыландыру өңір тұрғындарының келісімшартпен тіркелген санына негізделген, басқа қаланың тұрғындары мен шетелдік туристерді қабылдау қарастырылмаған.

Сонымен қатар «Дискавери Боровое» емдік-сауықтық орталығы өңірде балалар туризмін дамытуда ерекше рөл атқарады. Бұл нысан жыл бойы жұмыс істейді: жазда балалар топтарын қабылдаса, қыста жас ерекшеліктеріне қарай қызмет көрсетеді.

ҚР Салық кодексіне сәйкес, ұлттық табиғи парктерге келушілер ерекше қорғаудағы аймаққа кіргендері үшін 0,1 АЕК төлейді, Өз кезегінде балалар лагері «Бурабай» ұлттық паркінің аумағында орналасқан, жыл сайын өз кешеніне келушілер мен қызметкерлері үшін 500 мың теңгеден астам сома төлейді.

«Балдәурен» балалар лагері ұлттық паркке жылына 17 млн теңге аударады, бұл төленіп отырған ең үлкен сома. Осындай нысандарға айтарлықтай ауыр. Өз кезегінде «Туристік қызмет туралы» заңда мемлекеттік туристік қызметті реттеудегі басым бағыт балалар, жастар және мүгедектер мен әлеуметтік жағдайы төмен тұрғындарға туристік және экскурсиялық қызметті ұйымдастыруда жеңілдіктер енгізу болып саналады. Өкініштісі, бұл норма жүзеге асып отырған жоқ», – деді Ақмола облысы кәсіпкерлер палатасының директоры Қайрат Сұлтанов.

Делегация «Алмаз» шипажайына да барды. Бұл емдік-курорттық қызмет көрсететін, тыныс алу, жүрек-қан тамыр, гинекология және жүйке жүйесі ауруларына шалдыққан жандарға шипалық қызмет көрсететін нысан. Ресейден келушілер көп жағдайда Қазақстан шекарасыннан өтуде қиындықтарға тап болады.

«Үш күн бұрын ғана Ресейдегі серіктестермен бірге ресейлік 150 туристік фирманың өкілдеріне Ақмола облысындағы нысандарда ақпараттық тур ұйымдастырылды. Екатеринбург пен Төменгі Тагиладан келген қонақтар Қазақстан шекарасында 8 сағат тұрды. Бұдан соң бағдарламаны өзгертуге мәжбүр болдық әрі Қазақстанның имиджіне кері әсер етті. Олар қайта айналып келетініне күмәнданам, тіпті турист жібермейді деп ойлаймын», – деді «Алмаз» шипажайының өкілі Гүлдана Дәулетова.

Бұл тақырыпты «Круиз» туристік фирмасының өкілдері де қолдады, олардың айтуынша ресейлік номері бар автокөліктерге жол полициялары ерекше назар аударады. Бұл көршілес елден келетін туристерге кедергі келтіреді. Ресейде туристік сала қарқынды дамып жатқанына қарамастан Бурабайға келетін туристердің дені ресейліктер.

Делегация барған соңғы нысан «Terrassa Park» емдік-сауықтыру кешені болды. Бұл нысан энергия үнемдейтін технологиямен ерекшеленеді: күн панельдері, орынжайды жылыту үшін газ орнатылған, суды 8 деңгейлі тазарту жүйесі қойылған, жарық пен жылуды үнемдейтін жабдықтар да қолданылады. Бұл ең алдымен орталық коммуникациялар желісіне қосылу мүмкіндігінің жоқтығымен байланысты.

«Terrassa Park» өкілінің айтуынша, Үлкен Чебачье көліндегі судың азаю мәселесі алаңдататынын айтты. Шипажай дәл осы көлде орналасқан.

«Біз су қоймасыз қалып, бизнесіміз тоқтайды деп алаңдамаймыз. Бизнесті дамытудың жолын табамыз – бүгінде жабық бассейн салып жатырмыз. Алайда, соңғы жылдары көл тартылып, қамыс өсіп жатқанын байқап отырмыз. Мамандарды шақырып, зерттеу жүргіздік. Барлық себеп – қоқыс. Щучинск-Бурабай үшін көл ең маңызды», – дейді басқарушы директоры Илья Мировой.

Сонымен қатар кәсіпкер жергілікті биліктің заңсыз әрекетіне шағымданды. Пайдаланылмай отыр деген шешіммен жер учаскесін тартып алған. Алайда ол жерде арнайы демалатын орындықтар салынған, сәулет мүсіндері қойылып, арық ағып жатқан екен. Өңірлік палата басшысы бұл мәселені шешуде көмек көрсетуге уәде берді.

Жұмыс соңы туристік саладағы бизнес-қоғамдастық өкілдерімен кездесуге ұласты.

«Бурабайды Швейцарияға теңеу тек жақын өңірлерге таныс. Отандастарымыздың көбі осы курорт жайлы хабарсыз. Бүгінгі міндет осы орындардың тартымдылығын арттыру. Танымалдылық үшін 2-3 туристік өнім дайындау керек. Логистика, инфрақұрылыммен көмектесуге тырысамыз. Сіздердің тараптарыңыздан толықтыру мен көрсетілетін қызмет сапасын арттыру керек», – деді Юлия Якупбаева.

«Kazakh Tourism» ҰК» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Қайрат Сәдуақасов та өңірлік туризмді дамытуға қатысты пікір білдірді.

«Туризм бойынша ұлттық компания ретінде «4E: ecotourism, ethno-tourism, entertainment, events» тұдырымдамасына негізделген бағытты анықтадыү Біз нарықтың жекелеген қатысушыларын дамытуға емес, тұтас елді дамытуға күш салып отырмыз. Шетелдік туристерді қабылдауда Астана мен Алматы қалаларына басымдық беріп отырмыз. Алайда бұл мегаполистерді өңірлерде жекелеп қарауға болмайды. Ақмола облысы Астана қонақтарын 4Е-нің кемінде 3-еуі бойынша қабылдай алады: эко, этно және entertainment, осыған басымдық беріліп отыр».

Кездесуге қатысушылар Қазақстанға келетін Ресей автокөліктерін сақтандыру, шекарадағы кезек және валюталық операцияларға қатысты мәселе көтерді. Сонымен қатар өңірдегі жылыту маусымында коммуналдық қызмет тарифі де кәсіпкерлерді толғандыратыны анықталды.

«Эдем» базасы өкілінің айтуынша, өңірде орталық жылуды жыл сайын 15 сәуірде өшіреді, бұл қолайсыздық тудырады.

«Мамыр айының мейрамдарында Ақмола облысында қар жауатынын көріп отырмыз. Біз орталық жылуға қосылғанбыз, ал мамыр айына дейін оны ажыратып тастайды. Нысан жылытылмағандықтан, туристер салқын орында жатқылары келмейді. Сәуір-маусым айлары аралығында клиентті жоғалтып келеміз. Күн жылығанға дейін жағдай осылай», - дейді Ольга Классен.

Кәсіпкерлердің сөзін Бурабай ауданы әкімінің орынбасары Ерлан Мұратов та растады. Әкімдік қызметкерлері көктем мезгілінің суықтығын есепке алмай, бюджет тапсырысына енгізбеген. Келесі жылыту маусымына дейін мәселені бақылауға алуға уәде берді.

Жиынға қатысушылар балаларды автобуспен тасымалдау, туристік аймақты пайдаланудағы ұлттық парктердің қызметін төлеу, көлікпен жету, мамандарды оқыту, ұялы байланыс желісімен қамту секілді көптеген мәселелерге тоқталды.

Жиын қорытындысы бойынша «Атамекен» ҚР ҰКП Қызмет көрсету саласы департаменті өңірлік палатамен бірлесіп төлқұжаттандыру жұмысын олға алып, қажетті инфрақұрылымның тізімін дайындауға шешім қабылдады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер