astana-view

Кәсіпкерлердің жүгін жеңілдетті

2018 жылғы 01 Маусым
3473 просмотров

Дереккөз: egemen.kz

Болат ПАЛЫМБЕТОВ, Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл

Елбасының кәсіпкерлік қызметті реттеуді жетілдіру мәселелері бойынша заңға жариялы түрде қол қойғаны кәсіпкер қауымын бір желпінтіп тастады. Енді тексеру саны азайып, мемлекет тарапынан көрсетілетін қызмет түрі мейлінше жеңілдейді.

Əрине бұл кəсіпкерлер үшін үлкен қуаныш екені сөзсіз. Оның үстіне Елбасы заңға енгізілген өзгерістерді кəсіпкерлікпен шұғылданатындарға жан-жақты түсіндіруді тапсырды. Ендігі уақытта кез келген кəсіпкер енгізіліп жатқан өзгерістерден хабардар болуы тиіс.

Жаңадан енгізілген өзгерістер бойынша айыппұлдардың, үстеме пайыздардың орнына кəсіпкерлерге алдымен ескертулер жасалады. Бұл біраз қиындықтарды шешетіні анық. Осы мақсатта еліміздегі кəсіпкерлік қызметті реттеу жүйесі қайта қаралды. Сөйтіп, 14 кодекс пен 109 заңға шамамен 1000-ға тарта түзету енгізілмек.

Мысалы, бизнес үшін əлі күнге дейін ең өзекті мəселелердің бірі коммерциялық мақсатта жер алу мəселесі болып табылады. Бұл жайында кəсіпкерлердің өздері кездесулерде неше мəрте айтқан болатын. Енді жер учаскелерін беру үдерісінің ашықтығы заңнамалық деңгейде қамтамасыз етіледі. Жергілікті атқарушы органдар жер телімінің орналасқан тұсы, онда салынып жатқан құрылыс объектісі жəне сатып алушы туралы ақпаратты өздерінің интернет-ресурстары мен БАҚ- тарда жариялауға міндетті.

Мұндай ақпарат жерді қандай мақсатпен сатып алғанын білуге мүмкіндік береді. Шынымен шағын немесе орта бизнес объектісін салу үшін бе? Əлде қайта сату үшін бе? Осы тектес сауалдардың басы ашылады. Бұл өзгеріс осы саладағы көптеген мəселелерді шешері сөзсіз.

Аукциондар өткізу бойынша əкімдіктердің міндеті заңды түрде бекітілді. Шара мерзімінің қысқа болуы жемқорлық тəуекелдерді барынша азайтады. Менің ойымша, бұл жер учаскесін алудың əділ тəсілдерінің бірі.

Дүниежүзілікбанктің «Doing Business» рейтингінде Қазақ станның позициясын жақсарту да заңға енгізілген.

Қабыл данған заң кəсіпкерлік белсенділікті арттырудың қуатты құралы болатынына сенімдімін. Жаңа заңда іріктеп тексеруді профилактикалық бақылауға ауыстыру, бақылау функцияларын 30%-ға қысқарту бастамасы қабылданды. Бұл бизнес қауымдастық үшін маңызды мəселелердің бірі болғанын ескерсек, өте үлкен маңызға ие. Əйтпесе бітпейтін тексерулер кəсіпкерлердің ығырын шығарып жібереді. Ал профилактикалық бақылау оларға көптеген мəселелердің алдын алуға мүмкіндік береді.

Нəтижесінде 114 бақылаудың 20-сы алынып тасталады. Кəсіпкерлерді тексеру кезінде қойылатын 30 497 талаптың 17 654-і қысқартылатын болды. Бұл ретте тек санитарлық- эпидемиологиялық талаптар 85%-ға, өрт қауіпсіздігі саласындағы талаптар 72%-ға азайды. Сондай-ақ кəсіпкерлік субъектісіне барып, арнайы тəртіп пен жəне кəсіптік бақылау арқылы өткізілетін тексеру уақыты 30 жұмыс күнінен 15 жұмыс күніне дейін, ал жоспардан тыс тексеру уақыты 30-дан 10 жұмыс күніне дейін қысқартылды.

Жалпы, 2016-2017 жылдары бизнеске салынатын əкімшілік жүктемені азайту бойынша ауқымды жұмыс жүргізілді.

2017 жылғы желтоқсанда Əкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске өзгерістер енгізілді, бизнеске қатысты ережелердің 78%-ы қайта қаралды. Бұл елімізде кəсіпкерлікті өркендетуге жасалып отырған тамаша мүмкіндік.


 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер