astana-view

Зияткерлік меншік саласындағы заңнамада өзгерді: елеулі өзгеріс көп

2018 жылғы 01 Тамыз
5973 просмотров

2018 жылдың 3 шілдесінен бастап «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне зияткерлік меншік саласындағы заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» заң күшіне енді. Аталған Заң Азаматтық кодекс, Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекс, Салық кодексі, Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заң, Селекциялық жетістікті қорғау туралы заң, Патенттік заң, Тауар белгілері туралы заң, Интегралды микросызбалар топологиясын құқықтық қорғау туралы заң, сондай-ақ басқа да кейбір актілерге өзгертулер енгізеді.

2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап зияткерлік меншікке қатысты кейбір мәселелерді қозғаған жаңа Салық кодексі күшіне енген.

Заңнамадағы маңызды өзгерістер мен тауар белгілерін сақтау және қорғау саласына ғана тоқталайық: көпшілікке танымал тауар белгілерімен байланысты новеллалар жеке хабарламада сипатталған, ол туралы алғыларыңыз келсе, хабарлаңыз. Жалпы, олар жағымды, бірақ құқық қорғаудың кейбір аспектілері, біздің ойымызша, даулы әрі пысықтауды қажет етеді:

1. Тауар белгісін тіркеу жүйесі өзгерді – екі деңгейлі жүйе (бүған дейін ҰЗМИ сараптама жүргізілді, ал шешімді бекіту және белгіні тіркеу ҚР Әділет министрлігі Зияткерлік меншік жөніндегі департаментте іске асырылды) бір деңгейліге ауыстырылды және тауар белгісін тіркеудің өтінім бергеннен тіркеуге дейінгі бүкіл процесін «Ұлттық зияткерлік меншік институты» РММ ғана іске асырыады.  

2. Тауар белгісінің өтініміне сараптама жүргізу мерзімі қысқартылды – алдын ала сараптама 1 айдың орнына 10 жұмыс күні ішінде жүргізілуі тиіс және толық сараптама 9 айдың орнына 7 ай ішінде атқарылады. Сараптама мерзімінің қысқаруымен тауар белгісінің тіркеудің жалпы мерзімі 12 айдан 9 айға азаяды деп болжанады.

3.  Берілген өтінім туралы мәліметтер енді жарияланады. Бұл өте маңызды саналады, себебі аталған жаңашылдық тауар белгілерінің иелеріне қандай өтінім берілгенін бақылауға әрі ұқсас белгілерді тіркеуге жол бермей туралы өтінімді уақытылы жасауға мүмкіндік береді, сондай-ақ өтінім берушілерге үшінші тұлғалардың ұқсас немесе бірдей белгіні пайдалануын болдыртпас үшін берілген өтінімнің басымдығы туралы ресми жарияланымға сілтемемен хабарлауға мүмкіндік береді.

4. Құқық беруді тіркеу мерзімі қысқартылды (жол беру, лицензия беру), құқық кепілдігі 2 айдың орнына – 10 жұмыс күні.

Лицензияның қолданылу мерзімі анықталды, егер келісімшартта көрсетілмесе, бірден 5 жылға тең деп бекітіледі, мұнымен тауар белгісінің жарамдылық мерзімінен аса алмайды.

Заңнамамен сот шешімінің негізінде келісімшартты тоқтату немесе күшін жою бойынша өтінімді қарау мерзімі анықталды және ол енді бір күн ішінде жүреді.

5. Қолданылмауына байланысты тауар белгісін алып тастау бойынша түзету енгізілді. Егер бұған дейін тіркелген күннен 3 жыл ішінде қолданылмауға немесе келесі қарсылық беру күнінен бастап белгіні алып тастау мүмкіндігі қарастырылған, қазіргі таңда мүдделі тұлға қарсылық берудің келесі күнінен бастап 3 жыл ішінде ғана белгінің қолданылмау себебі бойынша тіркеуге қарсы келе алады.

Оның үстіне тауар белгісін қолданылмағаны бойынша дау сотта қарауға жатады, ал бұған дейін ҚР әділет министрлігінің жанындағы апелляциялық кеңесте қаралып келген.

6. Тауар белгісінің тіркелуін жарамсыз деп тануға арналған негіздеме толықтырылды, атап айтқанда:

(1) егер тіркеу Өнеркәсіптік меншікті қорғау өніндегі Париж конвенциясына қатысушы мемлекеттердің бірінен араластыру деңгейіне дейін ұқсас немесе бірдей тауар  белгісінің иесі болып табылатынның рұқсатынсыз оның өкілінің атына жүргізілсе;

(2) егер тауар белгісі Қазақстан Республикасында тауар белгісі басымдығының бұрынғы датасында айрықша құқық берілген тұлғаның фирмалық атауымен біртектес тауар немесе қызметке қатысты айырмайтындай деңгейде ұқсас немесе бірдей болса.

Мұндай даулар міндетті түрде сотқа дейінгі тәртіпті апелляциялық кеңесте алдын ала қарауға жатады.

7. Лицензиялық/сублизенциялық келісімшартты бекіту және тіркеу тауар шығынның қозғалысымен байланысты шегерімге жатқызуға мүмкіндік береді.

Тіркелген лицензиялық/сублицензиялық келісімшарт негізінде қолданылатын тауар белгісі бар тауарды өндіруге және (немесе) жүзеге асыруға құқығы бар салық төлеуші оған меншік құқығының бар екеніне қарамастан осындай тауардың сату көлемін ұстап тұру және (немесе) арттыруға бағытталған қызмет бойынша шығынды шегеруге жатқызады.

Бұл, мысалы, лицензиялық келісімшарт бойынша қолданылатын тауар белгісі бар тауарлардың маркетингтік және жарнамалық қызметіне кеткен шығындар сондай тауарларды өткізумен байланысты қызмет атқарылған болса, салық салынатын табысты анықтағанда шегерімге жатқызылуы мүмкін.

Лицензия алушы тауарды сатып алмай тұрып, тек тауарды сатып алуға ниет білдірсе, шығынды шегерімге жатқызуды жоспарлай алады, сондай-ақ сол тауарларды өзінің дистрибютерлеріне сатқаннан кейін осы тауарлардың жарнамасын жалғастырумен байланысты шығын шегеріміне жатқызады.

8. «Контрафактілік тауарлар және оның қаптамасы» термині анықталды. Құқық иеленушінің келісімінсіз тауар белгісі немесе оның белгілемесі шатасатындай деңгейде қойылған тауарлар мен оның қаптамасы контрафактілі деп танылады.

Контрафактілі тауарлар және олардың қаптамалары, сондай-ақ оны дайындауға қолданылған құрал, жабдық немесе басқа да заттар мен материалдар сот шешімінің заңдық күшіне ену негізінде заң бұзушының есебінен  айналымнан шығарылуға және жойылуға жатады.

Сонымен қатар ерекшелік те қаралады: егер контрафактілік тауарларды енгізу қоғамдық мүдде тұрғысынан қажет болса және Қазақстан Республикасы тұтынушылар құқығын қорғау туралы заңнамасының талаптарын бұзбаса,  тауарды және заңсыз қолданылатын тауар белгісінің немесе айыра алмайтын деңгейге дейін оның мен ұқсас қаптамасын жою талабында.

9. Тауар белгісі иесінің шығынын өтеудің бір шарасы ретінде өтемақы енгізілді. Тауар белгісінің иесі шығынды өтетудің орнына заң бұзушыдан өтемақы талап етуге құқылы. Өтемақы көлемі анықталмаған және бұзу сипаты, иесінің келісімімен шатастыратындай деңгейде ұқсастырып орналастырлған тауар белгісі немесе белгілемесі бар тауарларды тауарлардың нарықтағы құнына қарай соттың анықтауына жатады.

Ең төменгі және ең жоғары өтемақыны анықтайтын шектеудің жоқтығы сотқа өтемақының көлемін анықтауға икемділік береді, сонымен қатар шығынды өтеумен өтемақы төлеу құны түсінігін жақындастырады, себебі тауар белгісінің иесі өтемақы көлемін егжей-тегжейлі негіздеп, шығынға ұшыраған жағдайда есебін жүргізуі керек болады.

10. Параллельді импорт және параллелді импортталған тауарларды сатқаны үшін әкімшілік жауапкершілік қысқартылды.

Кеден органдары паралелльді импортты тоқтатқан жағдайда, құқық иеленуші бұған дейін әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғау үшін кеден органына жүгінеіп келсе, енді құқығын қорғау үшін азаматтық тәртіпте сотқа жүгінуі тиіс.

Паралелльді импортталған тауарларды өткізумен байланысты даулар ішкі нарықта да азаматтық тәртіпте қаралады. Осыған байланысты азаматтық соттың жүктемесі артады деп болжанады, ал сосындай дауларды қарау процесіне уақыт пен ақшаның шығыны да көп болмақ.

11. Сотта қаралудың даулылығы. Тауар белгісін заңсыз қолданғаны үшін заңнамада әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке  тарту қарастырылғанына қарамастан, Азаматтық кодекс және Тауар белгілері туралы заң тауар белгісін немесе айыра алмайтын деңгейге дейінгі ұқсас белгілемені, қоғамға белгілі тауар белгісін қолданудың орындылығын анықтаумен байланысты даулар  азаматтық процесте ғана қаралуға жатады деп бекітеді.

Жоғарыда аталған негізгі өзгертулерден бөлек, біздің көзқарасымыз бойынша болмашы саналатын, бірақ айтарлықтай рөл атқаратын өзгертулер де енгізілді. Тауар белгісіне берілетін айрықша құқық туындайтын кезең заңнамамен бекітілді, уәкілетті органның апелляциялық кеңесінде істі сотқа дейін қарау процедурасы егжей-тегжейлі анықталды.


Ұқсас жаңалықтар:

Еншілес ұйымдар

Серіктестер