astana-view

Сараптамалық қорытынды шығаруда кәсіпкерлердің мүддесі назарға алынады

2019 жылғы 14 Қаңтар
- Батыс Қазақстан облысы
5353 просмотров

Өңірлік кәсіпкерлер палаталары қызметінің басым бағыттарының бірі – Қазақстан Республикасының бірқатар заңдарымен қарастырылған бизнесті қорғауға бағытталған жеке кәсіпкерлік субъектілері мүддесін қамтитын жергілікті өкілетті және атқарушы органдардың нормативтік-құқықтық актілер жобаларына сараптамалық қорытындыны беруді жүзеге асыру.

2018 жыл ішінде БҚО кәсіпкерлер палатасынан сараптамалық қорытындыны алуға 235 нормативтік-құқықтық акті келіп түсті, оның ішінде әкімдіктер қаулыларының жобалары – 152, мәслихаттар шешімдерінің жобалары – 83.

 Жобалардың көрсетілген санының 27,7%-ы әлеуметтік-мәдени мәселелерге қатысты, 27,7% – мемлекеттік басқару мәселелері, 26,4% – АӨК, 8,5% – экология, 9,4% – салық, 0,4% – қаржы қатынастары және басқа да мәселелерге қатысты.

 Территориялық органдар-әзірлеушілер бойынша бөлу келесідей тәртіпте:

 Келіп түскен 235 нормативтік-құқықтық актіге жасалған талдау көрсеткендей, «Ескертпесіз» сараптамалық қорытынды 133 актіге берілді (56,6%), бизнестің мүддесін қамтымауына байланысты «Қарастырусыз» 30 акті қайтаралып берілді (1,3%), ал 75 нормативтік-құқықтық актіге (30,6%) «Ескертпелермен» сараптамалық қорытынды берліген.

Нормативтік-құқықтық актілерді қайтару себептеріне жасалған талдау негізінен әзірлеушілер нормативтік-құқықтық актіні енгізуге байланысты жеке кәсіпкерлік субъектілерінің шығындарын азайту және (немесе) ұлғайтуды растайтын есептеулердің нəтижелерінің түсіндірме жазбаларындағы заңнама талаптарын бұзады.

Бұдан басқа әзірлеушілер құрған түсіндірме жазбалардың сапасы енгізілген нормалардың салдарын білмеу салдарынан белгілі бір қиындықтар барын, сәйкес есептерді жүргізе алмауды дәлелдейді, нәтижесінде түсіндірме жазбаны формальді түрде толтырады. Тура осылай реттеушілік әсер талдауын жүргізуде де талдамалық формалар формальді толтырылады, онда «бизнес субъектісінің шығындары» параметрі «жоқ» деп белгіленеді.

 Мәселен, Бөрілі аудандық мәслихатының «Бөрілі ауданы Ақсай қаласында орналасқан уәкілетті ұйымның айырбастау пункттері үшін белгіленген бірыңғай салықтық ставкаларды белгілеу туралы» шешім жобасы ескертулермен екі рет қайтарылды.

  ҚР Салық кодексінде белгіленген ең жоғары шекті мән болып табылатын шешім жобасында айына бір салықтық бірлікке (50 АЕК) тіркелген салықтың бірыңғай базалық ставкаларының мөлшері белгіленуіне қарамастан, қоса берілетін түсіндірме жазба тура осындай мөлшерді қабылдау негізделген есептерді есепке алмады. Жоба қайта келіп түскенде БҚО кәсіпкерлер жасаған ескертпелер алынып тасталды.

Осы ретте қайтарудың тағы бір себебі ретінде құзыретті органдармен белгілі бір заңмен талап етілетін үйлестірудің болмауының фактілері орын алған.

 Осылайша 2018 жылдың 22 қарашасында облыс әкімдігінің «Субсидияланатын тыңайтқыштар түрі мен субсидиялар нормаларын бекіту туралы» қаулысының жобасы келіп түсті. Қарауға берілген материалдарда Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 6 сәуірдегі № 4-4/305 бұйрығымен бекітілген тыңайтқыштардың құнын субсидиялау ережелерінің 4 тармағына сәйкес талап етілетін субсидия нормаларын ҚР Ауыл шаруашылығы министрлінің мақұлдауы болмады.

Негізінен  әзірлеушілер нормативтік-құқықтық актілерді қабылдау кезінде  реттеушілік әсер талдауын жүргізу туралы заңнама талаптарын орындайды, актілер арқылы жаңа реттеушілік құрал енгізіледі немесе кәсіпкерлік субъектілеріне қатысты реттеу күшееді.

 Реттеушілік әсер талдауын жүргізу  үшін 2018 жылы 3 НҚА жобасы қайтарылды. Мысалға Шыңғырлау ауданы мәслихатының «2018-2019 жылдарға арналған Шыңғырлау ауданында жайылымдарды басқару жоспарын бекіту туралы» шешімін алуға болады.

 Әзірлеушілердің қорытындысы бойынша НҚА сараптамалық қорытындыларын алу үшін жіберілген жобалардың саны көрсеткіштері мынадай:

 Аудандар арасында қайтарылған жобалар саны бойынша Қаратөбе ауданы алда (46,2%), Ақжайық ауданы (42,9%), Орал қаласы (35,7%), Жәнібек ауданы мен Бәйтерек ауданы – 33,3%-дан. Ал төмендеу ескертпе алған аудандар арасында Теректі  (14,3%) және Жаңақала ауданы (20%) бар.

Айта кетелік, БҚО ӨКП құқықтық блогы жеке кәсіпкерлікке қатысты  НҚА жобалары бойынша сараптамалық қорытынды алу процедурасының алгоритмі әзірленген болатын.  Аталған алгоритм сәйкес заңнамалық актілердегі талаптарды толық орындау бойынша ұсыныстармен облыстық, қалалық және аудандық мәслихаттар мен әкімдіктерге жіберілді.

Жалпы алғанда, НҚА-ны әзірлеуде анықталған олқылықтар уақытында жойылады.

 Келіп түскен НҚА жобаларының барлығы БҚО кәсіпкерлер палатасының ресми сайтына жарияланады, сонымен қатар бизнес субъектілеріне ескертулер мен ұсыныстар жасау мақсатында жіберіледі.

 Кәсіпкерлердің заңнамалық бастамаларды қалыптастыру үдерісіне белсенді қатыстыру деңгейін арттыру бойынша жұмыс жүйелі түрде жүргізіледі.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер