astana-view

Дінмұхамед Әбсаттаров: «modern trade» базарларды ығыстырып тастайды

2019 жылғы 18 Ақпан
8320 просмотров

Ескі де үйреншікті сауда базары. Неге базарлар әлі күнге дейін сауда объектілерінің негізгі түрі болып отыр?

Қазақстан заңнамасына сәйкес барлық сауда объектілерін стационарлық (ғимараттар, іргелі нысандар) стационарлы емес (дүңгіршектер, павильондар және басқа) және сауда базарлары деп үшке бөлуге болады.

Былтыр «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы елдегі барлық базарға паспорттауды жүргізді. Айта кетелік, қорытынды сандар ресми статистикаға ұқсас шықты. Нәтиже мынадай: республика бойынша барлығы 787 базар бар, оның ішінде 699 базар жұмыс істейді, 71-і – жұмыс істемейді, сауда үйі болып құрылғандар саны – 17.

 699 базардың жалпы ауданы – 8 225 923 шаршы метрді құрады, осы ретте сауда ауданы – 4 379 788 шаршы метрге тең, ал сауда орындарының саны –152 026 бірлік. Тауарлардың орташа айналымы – 1 052 млрд теңгені құрады.

 Базарлар экономикасы елдегі әлеуметтік-экономикалық ситуацияның тікелей барометрі іспеттес. Ресми деректерге сүйенсек, ҚР базарларындағы тауар айналымы 2017 жылдан 2018 жыл аралығында – небәрі бір жыл ішінде 400 млрд теңгеге артқан. Осы ретте халық табысы  инфляция, ұлттық валютаның әлсіреуі салдарынан төмендемесе, өсіп жатқан жоқ. Осыдан шығатын қорытынды – қиын экономикалық жағдайда сатып алушылар орта- және ірі форматтағы сауда үйлері және сауда-ойын-сауық орталықтарынан базарларға қарай ауысып жатыр.

 Алайда арзаншылдық – бұл тұтынушылардың алдамшы түйсігі. Базарда көп жағдайда желілік ритейлден гөрі бағалар арзан емес. Бүгінде заманауи бөлшек саудадан бағалық ауқымда болсын, сапасы жағынан болсын, жақсы ұсыныстар түсуде. Бұл азық-түлік сегментте де, азық-түліктік емес сегментте де байқалып отыр. Food-retail тұтынушыларға сапалы әрі бағасы жағынан қолжетімді өнімнің кең ассортиментін ұсынуда. Осы ретте базарлар қызметін реттеу бойынша түрлі шаралардың тиімділігі төмен, өйткені заманауи форматтарға өту – қашып құтылмас тренд. Оған дәлел орташа бағалық ауқымдарды алу және ашық нарықтардан сатып алушы легін тартудағы сауда үйлері мен сауда – ойын-сауық орталықтарының бизнес модельдері болып отыр. Қазіргі таңда көп тауарлардың бағалары арасындағы айырмашылық шамалы немесе мүлдем жоқ.

 Ары қарай саралайық. Поспарттауға сәйкес, жұмыс істеп тұрған 699 базардың ішінен 660-сы – жекеше және 39-ы – коммуналдық. Базарларда жұмыс істейтіндердің саны 239 977 адамды құраған, соның ішінде 76 013 адам – бутиктердің иелері (ЖК) 151 255 адам  – жалданбалы сатушылар, 3 185 адам – жүк тасушылар, 9 524 адам – басқа да жұмысшылар (оның ішінде базар әкімшіліктері). Бұл жай ғана сандар емес, «ішкі» жағын қарастырып көрейік. Сатушылардың 70%-на базарлар ұзақ уақыт аралығында тұрақты жұмыс орнына айналған және олардың 50%-ына – базардағы сауда орындары жеке бизнес болып табылады.

 Келтірілген деректерден сауда экономикадағы ғана емес, сонымен қатар әлеуметтік тұрғыда да маңызды екенін байқауға болады.  Көп адамдар үшін сауда нарықтары қиын замандар кезеңін, «тәуелсіздік бастауын» елестетеді, осы ретте кейбір адамдарға – тұрақты табыстың көзі іспетті. Бірақ ХХІ ғасыр – технологиялар мен сауданың замануи форматтарының дәуірі.

 Euromonitor және  McKinsey&Company деректері бойынша Қазақстандағы заманауи бөлшек сауданың үлесі жалпы көлемнен 23%-ды құрайды (былтыр 17% болған).  Осы ретте Түркияда бұл көрсеткіш – 40%, Ресей мен Қытайда – 66%-дан, ал айтарлықтай дамыған елдерде, мәселен АҚШ-та – 85%-ды құрайды.  Біз заманауи форматтар тиімсіз базар алаңдарын басып келе жатқанына бара жатырмыз. Мәселе бұл үдеріс қашан болады және біз қалай жетемізде болып тұр. Уақыт өте келе «modern trade» деп аталатын қозғалыс толық болмаса да, дегенмен дәстүрлі базарларды ығыстырып тастайды. Алайда, дискаунтерлер, food пен nonfood retail және басқа да ағындардың келуі өте баяу, оларды жеделдетуде ешқандай шара қолданып жатқан жоқ. Әзірге– «контейнерді алып тастау», «орындарды қоршап алу» сынды әкімшілік әдістерді байқап отырмыз. Ал ынталандырудың жұрнағы да жоқ.

 Базардағы сатушылар мен сатып алушыларды қандай мәселе көбірек алаңдатанын білген жөн. Сатушылардың жартысы және шамамен сатып алушылардың 67%-ы паркинг орындарының болмауына көңілі толмайды. Шамамен базарға келушілердің 57%-ы тауарлардың төмен сапасын айтқан, халықтың 44%-ы базарлардан керек тауарын таппайды екен. Осы ретте базарлардың санитарлық жағдайы, қолма-қолсыз төлеу мүмкіндігінің болмауы, өртке қарсы жағдайы сынды өзекті мәселелер тұрғындарды азырақ алаңдатады.

   Иә, Үкімет сауда базарларын жаңғырту бойынша дұрыс шешім қабылдаған сияқты. Бірақ жаңғыртуды қалай жүргізу керек, неге сүйену қажет және ол не береді деген орынды сұрақтар туындайды. «Атамекен» жүргізген паспорттауға сәйкес, бүгінде 110 базар модернизациялауды қажет етеді. Әрі қаржылық құралдарға деген қажеттілік шамамен 85 млрлд теңгені құрап отыр.

 Өкінішке қарай, сауда басымдыққа ие қызмет түріне жатпайды, және оған мемлекеттік қолдау шаралары қарастырылмаған. Осы ретте сауда ел экономикасында елеулі орынға ие, бұл дегеніміз ЖІӨ-нің 15-18%-ы, ала сауда саласында жұмыспен қамтылғандардың үлесі 1,3 млн адам немесе жұмыспен қамтылғандардың жалпы санының 16%-ын құрайды. Сандар айтарлықтай, сондықтан сауданы дамытуда сәйкес шараларды қолданудың уақыты келді.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер