astana-view

Ішкі су жолдарында кеме қатынастарын дамыту мәселелеріне қатысты жиын өтті

2019 жылғы 26 Наурыз
3386 просмотров

15 наурыз күні Семей қаласында «Қазақстан су жолдары» РҚММ филиалында ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Көлік комитеті төрағасының орынбасары К.Нұркеновтың  жетекшілігімен  жиын өтті

Іс-шараға мемлекеттік органдар, әкімдіктердің өкілдері, сонымен қатар Павлодар облысы, Шығыс Қазақстан облысы және Қытай Халық Республикасының кәсіпкерлік субъектілері қатысты.

Аталған жиынның шеңберінде «Қазақстан су жолдары» РҚММ Бас директорының орынбасары Р.Сигалиев «Кеме жүзетін су жолдарында кеме қатынастары қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша қабылданған шаралар және Ертіс бассейнінде жүктерді тасымалдаудың ағымдағы жағдайын талдау» тақырыбында баяндама жасады.

 Спикердің хабарлауынша, «Қазақстан су жолдары» РҚММ жыл сайын «Су көлігі және су инфрақұрылымын дамыту мен қалпында ұстау» 092 бюджеттік бағдарлама шеңберінде су жолдарын кеме қатынастары қалпында ұстау және шлюздарды қалпында ұстау бойынша бірқатар шаралар жүзеге асырылуда. Сонымен қатар Қазақстанда 32 өзен кемесі-иесі және 3 кеме жөндеу зауыты тіркелен.

 «Халықаралық ресурстар және Шыңжаң ИэР дамуы» ЖШҚ Бас директоры Цзяо Синь-Шэннің Қытаймен су-көліктік қатынастың даму келешектігі туралы баяндамасын атап өткен жөн.  

 Цзяо баяндамасына сәйкес, олардың компаниясы 2019 жыл мамыр айында Ресейдің өзен порттарынан Ертіс өзені бойынша Қазақстан арқылы транзитпен Қытайға және кері бағытта жүктерді тасымалдауды ұйымдастыру бойынша жұмысты бастауды жоспарлап отыр. Жүктерді тасымалдаудың болжамды көлемі шамамен 3 млн тоннаны құрайды.

 Анықтама үшін:  Қытайдан Ресейге халық тұтынатын тауарлар, ал Ресейден Қытайға – мұнай өнімдері, ағаш тасымалдау жоспарланған.

 Сондай-ақ, Цзяо жеке компаниясының филиалын Қазақстанда ашуды көздеп отырғанын хабарлады, ол мемлекеттік органдарды кедендік әкімшіліктендіру бойынша консультациялар, компания қызметкерлеріне визаларды әзірлеу, кіруге рұқсат беруде көмек көрсетуді сұрады.

 Түйткілді мәселелер жайында «Ертіс Транс» ЖШС директоры П.А.Әмірханова есеп берді. Атап айтқанда, өзен кемелерінің қауіпсіздігін қамтамасы ету мақсатында Зайсан көліндегі бөгетке жөндеу жұмыстары (20 жыл жөндеу көрмеген) қажет екенін хабарлады. Бұған қоса, жергілікті әкімдік кемелерге дизель отынын құйма әдіспен толтыруға тыйым салды, осыған байланысты кейбір кемелер апталап жанармайсыз тұр. Сонымен қатар П.А.Әмірханова Шүлбе су қоймасының сабалық  кезеңінде  судың кепілді тереңдігінің төмен деңгейіне байланысты су қашыртудың қажеттілігі туралы хабарлады.

 Шүлбе ГЭС-і суын қашырту қажеттілігі туралы «Павлодар өзен порты» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Т.М. Құлжанов та атап өтіп, қазіргі таңда Қазақстан мен Ресей арасында 3000 тоннаға дейін баржалармен жүк тасымалдауда әлеует барын айтты. Аталған тасымал кеме түбіндегі су қорын есепке ала отырып, кепілдендірілген 260 см тереңдікте ғана мүмкін. Алайда сабалық кезеңде Павлодар облысында өзеннің тереңдігі 135-тен 160 см-ге дейін құрайды, осыған байланысты баржалар өздерінің техникалық мүмкіндіктерінен 50-70% ғана жүктелуде.

 Осы ретте Павлодар портының өкілі тасымалдардың 1,3 млн тоннаға дейін артқанын айтты. Мұндай көрсеткіш порттың инфрақұрылымдық мүмкіндіктері, сондай-ақ екі ел арасындағы өзен арқылы жүк тасымалдауға қызығушылық артқанымен байланысты.

 «Атамекен» ҚР ҰКП өкілі Д.Б.Мұратханов «Жеке кәсіпкерлік субъектілерін мемлекеттік қолдау шаралары туралы» баяндама оқыды. Бұл баяндама шеңберінде спикер ҰКП міндеттері мен функцияларына тоқталды, сонымен қатар өңірлік кәсіпкерлік пен бәсекелестіктің дамуына бағытталған «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасына тоқталды. Қолданыстағы өңірлік бағдарламалар жайында («Даму» қорының өңірлері, «Ақ ниет-2», «Сарыарқа») ақпарат берілді, бұл бағдарламалар бойынша экономиканың басым бағыттары, оның ішінде көлік саласындағы жобаларды қаржыландыру қарстырылған.

 Бұдан бөлек, оқу курстары, шетелдік тағылымдама, білікті шетелдік мамандарты тарту, сонымен қатар 18 өңірдегі Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталықтары арқылы кәсіпкерлер қолдау бойынша қызметті жүзеге асыру түрінде ҰКП арқылы шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерін қаржылай емес мемлекеттік қолдау жайында айтылды.

 Сөз соңында Д.Б.Мұратханов ШҚО кәсіпкерлері уылдырық шашу кезеңінде балық аулауға тыйым салынған уақытта кеме қатынастары режимін мақұлдау мәселелері бойынша Өңірлік кәсіпкерлер палатасы арқылы өтінім жасады. Аталмыш мәселе ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің мемлекеттік қызметі шеңберінде жүргізіліп жатыр.

Атап айтқанда, балық аулауға тыйым салынған уылдырық шашу кезеңінде су көлігі қозғалысы ережесінде олқылықтар бар (ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің 16.10.2013 жылғы №313 бұйрығы) кемелерді жеке тұлғалар қолдануында кемелер моторларының қуаттылығын 20 ат күшіне дейін шектеуді бекіту, сонымен қатар заңды тұлғаларға деген қандай да бір шектеудің болмауына қатысты олқылықтар бар, бұл жайт 450-ден астам ат күші бар паромдар арқылы жолаушылар тасымалы үшін кедергі болып отыр.

Кезедсуде ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі өкілдерінің болмауы себепті Ұлттық кәсіпкерлер палатасына мәселені егжей-тегжейлі сипаттап, шешу жолдарын жазып, ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі мен ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне хат жолдау ұсынылды.

 Кездесу соңында «Қазақстан ішкі су көлігінің қауымдастығы» ЗТБ төрағысының орынбасары В.Б.Кузьмин қауымдастықтың қызметі туралы ақпаратпен бөлісті.

 Кузьминнің айтуынша, қауымдастық 2018 жылы құрылып, ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінде аккредиттелген, сонымен қатар ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Қоғамдық кеңесіне қосылған. Қауымдастық құрамына ШҚО және Павлодар облысының бірқатар кеме иесі енген.

 Осыған байланысты аталған қауымдастықпен байланысты нығайту, сонымен қатар қауымдастықты ҰКП Төралқасы Логистика және тасымалдау комитетінің Су көлігі жөніндегі қосалқы комитетіне қосу туралы мәселені жолға қою орынды.

 ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Көлік комитеті төрағысының орынбасары К.К.Нұркенов жиынды қорытындылай келе жиын барысында айтылған ұсыныстар бойынша тиісті талдау жүргізілетіні жеткізді. Нәтижесінде бірқатар іс-шара 2020-2025 жылдарға арналған «Нұрлы жол» инфрақұрылымдық даму мемлекеттік бағдарламасы жобасының тұжырымдамасына енгізілмек.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер