astana-view

Ұлан Байжанов: «Өзін-өзі реттеу ауқымды жұмысты талап етеді»

2019 жылғы 06 Тамыз
7739 просмотров

Қазақстанда Өзін-өзі реттеу институты қалай жұмыс істейді және бұл механизм толық деңгейде іске қосылуы үшін не істеу керек?

Осы сұрақтарға atameken.kz порталына «Атамекен» ҚР ҰКП Төралқасы Өзін-өзі реттеу мәселелері жөніндегі комитетінің төрағасы Ұлан Байжанов жауап берді

 – Ұлан Сапарұлы, өзін-өзі реттеу институты деген не және Сіз басқарып отырған комитеттің міндеті қандай?

– Сіздің терминологияңызды пайдаланайын. Өзін-өзі реттеу институты бизнес-қоғамдастық пен мемлекеттік билік органдарының тиімді өзара әрекеттесуі үшін құрылған. 2016 жылы күшіне енген «Өзін-өзі реттеу туралы» заңда аталған күрделі процестің базалық қағидалары жазылған. Өзін-өзі реттеу деген не? Бірінші кезекте, бизнестің салалық ережелерді және бизнесті жүргізудің стандарттарын өз бетінше енгізуі. Бұл шара тауарлар, жұмыс және қызмет түрлерінің сапасын арттыруды қамтамасыз етеді. Өзі-өзі реттеу ұйымы мүшелерінің мүлікті жауапкершілігін кепілдендіру институты түпкі тұтынушыларды қорғайтын болады. Басқаша айтқанда, тиімсіз және ауыртпалықты мемлекеттік реттеуден, бизнеске әкімшілік қысымнан, сондай-ақ,  мемлекеттік құрылымдардың кәсіпкерлік қызметке заңсыз араласуынан бас тарту. Біздің комитет өз жұмысын 2018 жылдың қыркүйегінен бастады. Комитет мүшелері қоғамдық бастамаларда жұмыс істейді. Алдымызда өзін-өзі реттеуді дамыту мәселелерінде тұжырымды әдістерді әзірлеу, сонымен қатар осы саладағы мәселелерді шешу бойынша тапсырмалар қойылған. 

     – Әрине, ауқымды нәтижелер туралы айту әлі ерте. Осы уақыт аралығында қандай жұмыс атқарылды?

 – Осы уақыт аралығында ҰКП алаңында біз түрлі саладағы бизнес өкілдерімен 20-ға жуық жұмыс кездесулері мен комитеттер отырыстарын өткіздік. Олардың нәтижесі бойынша мәселелердің нүктелі картасын әзірледік, оларды жою бойынша қызу жұмыс басталды. Өзін-өзі реттеуге өтуге дайын салаларды анықтауға тырыстық. Мәселен, банкроттық, экологиялық және экономикалық аудит. Сонымен қатар өзін-өзі реттеуге әлі дайын емес салаларды анықтадық. Бұл өнеркәсіптік қауіпсіздік, жолаушылар тасымалдары, букмекерлік қызмет, теміржол билеттерін сату, қара металл сынықтар сату және т.б. Комитет ұсынысымен бизнес қауымдастық бағалау, қаржылық және экологиялық аудит, банкроттық салаларында шоғырландырылды және тиісті келісімдерге қол жеткізілді. Былтыр елордалық әкімдік, ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі, Лифтішілер қауымдастығымен бірге лифт шаруашылығы саласында ерікті өзін-өзі реттеуді дамыту бойынша пилоттық жоба іске қосылды. Нәтижесінде нарықта жұмыс істеп жатқан субъектілердің тізілімін өзектендіруге қол жеткізілді. 2400 лифтіге куәландыру жүргізілді, оларды жаңарту және ауыстыру бойынша ұсыныстар әзірленді. Әкімдіктің ақпараты бойынша, жобаны жүзеге асыру кезеңнен бастап шағымдар мен апаттар саны 40%-ға азайған. Елордада жүргізілген оң тәжірибені ел аумағына тарату ұсынылуда.

  – Бүгінде қандай салаларда өзін-өзі реттеу енгізілген? Және олардың қаншасы Комитетте аккредиттелген?

 –Түсіндіріп өтейін, өзін-өзі реттеу екі түрлі болады: міндетіт және ерікті. Олардың айырмашылығы қандай? Міндетті өзін-өзі реттеу барлық артықшылықтар мен шығындарды талдағаннан кейін тек заңдармен енгізіледі, әдетте, мемлекеттік реттеудің орнына. Қазақстанда міндетті өзін-өзі реттеу бағалау қызметі және заңгерлік кеңесшілер қызметіне енгізілген, тиісті заңдар былтыр қабылданған.

«Өзін-өзі реттеу туралы» Заң күшіне енгеннен бастап ерікті өзін-өзі реттеу ұйымдарының мәртебесін шамамен 30 ұйым алды. Ерікті өзін-өзі реттеу мемлекеттік өзін-өзі реттеумен қатар жұмыс істейді, бұл жерде мемлекеттік қызметтер берілмейді. Осы ретте ерікті өзін-өзі реттеуде мемлекеттік талаптардан жоғары стандарттар мен ережелер болуы керек, сондай-ақ мен айтып өткенімдей, ерікті өзін-өзі реттеу ұйымдарында мүліктік жауапкершілігі жоғары.

Бір сөзбен айтқанда, мемлекет өнім (тауар), өндіріс және өткізу  процестеріне талап қойған салалар, сонымен қатар халықтың қауіпсіздігі мен денсаулығымен байланысты салаларда міндетті өзін-өзі реттеу механимзін енгізу мүмкін емесе. Бұл – мемлекет құзіретіндегі қызметтер. Елімізде өзін-өзі реттеудің бірығңғай тізілімі жоқ. Мемлекеттік органдардың мәліметтері бойынша, ерікті өзін-өзі реттеуге денсаулық сақтау, өрт қауіпсіздігі, экологиялық аудит, өнеркәсіпктік қауіпсіздік және техникалық реттеу, оңалту және банкроттық салалары ауысқан.

  – «Өзін-өзі реттеу туралы» заң 2016 жылы енігзілді деп айттыңыз. Алайда елде өзін-өзі реттеу ұйымдарыны саны көп емес. Оған не кедергі?

–  Бұл институттың дамуына кедергі келтіретін жүйелі мәселелер бар.  Бірінші кезекте, мемлекеттік органдардың мемлекеттік функцияларды беруге  мүдделілік танытуы төмен. Олар ұйым қызметіне бақылауды жоғалтып аламыз деп қорқатын шығар. Нарықтың өзі де мемлекеттік функцияларды орындауға дайын болмай жатады. Көп жағдайда бұл жайт  мұндай қызметтің артықшылықтарын түсінбеуден орын алады.  Өзін-өзі реттеуге көшу үшін ынталандыру шараларының болмауы тежеуші фактор болып отыр. Ал қалыптасқан жағдай Өзін-өзі реттеу ұсынылған заңнамалық түрде белгіленген белгілердің формальдылығы да процесті қиындатуда.

Әлеуетті бейінді ұйымдарға талаптарға сәйкес келу қиын, өйткені құрылымдылық жоқ, ал мемлекеттік салалық органдарға – талаптарды орындауды қабылау қиындық туғызады. Өзін-өзі реттеудің беліглерінің бірі – стандарттау, талаптар қою және «ойын ережелерінің» болуы.

 Алайда, өзін-өзі реттеуге наразылығы бар ережелер мен қызметтің стандарттары жоқ ұйымдар пайда болғанын байқаудамыз. Мәселен, теміржол билеттерін сататын бизнес субъектілері қоғамдық ұйымдарға бірігуде. Ресми немесе қалдық принципінде бірқатар қауымдастықтарда сақталатын үшінші тараптардың алдындағы мүліктік жауапкершілікті қамтамасыз ету талаптары іс жүзінде жұмыс істемейді.

–  Сіздің ойыңызша, Қазақстанда өзін-өзі реттеу жұмыс істеуі үшін  не істеу керек?

–  Бұл тақырыпты талқылай аламыз, өйткені, біздің қоғамдық қызметіміз ұсынылмалы сипатқа ие. Біздің ойымызша, өзін-өзі реттеуге кезең-кезеңмен өту керек. Бастапқыдан нарық субъектілерін шоғырландыру керек, анағұрлым жауапты кезең – міндетті өзін-өзі реттеуге өту үшін жан-жақты дайындық жұмысын жүргізу керек.

 Нарық субъектілері қауымдастықтарының өзін-өзі реттеу белгілеріне сәйкес келуінің нақты өлшемдерін белгілеу маңызды. Осы ретте салалық коммерциялық емес ұйымдардың өзін-өзі реттеу белшілеріне сәйкес келуды алдын ала бағалауды жүргізу жұмысын ҰКП-ға беру дұрыс деп санаймыз,  осылайша өзін-өзі реттейтін ұйымдардың сапалы құрамын қалыптастырудағы шашыраңқылық орын алмайды. Бұдан бөлек, Кәсіпкерлік қызметті мемлекеттік реттеу тұжырымдамасының 2020 жылға дейінгі ережелері орындалып қойғанын ескеретін болсақ, жаңа бағдарламалық құжат – Қазақстанда өзін-өзі реттеуді дамыту тұжырымдамасын әзірлеу мақсатты деп топшылаймыз. Бұл бағытта жұмысты бастап кеттік – Шығыс Еуропа, Грузия және Ресейдің халықаралық тәжірибесі зерттелді.

 – Нәтижелер қандай, үлгі аларлық оң тәжірибе бар ма?

– Бұрынғы Кеңес одағы елдерінен гөрі еуропалық елдерде өзін-өзі реттеу туралы базалық заң жоқ. Өзін-өзі реттеу мәселелері әр салада бүтін нормативтік акті болып, жекелей қаралады. Еуропалық елдердің басым бөлігінде өзін-өзі реттеу саласы кәсіби салаларда кездеседі. Мәселен, Польша, Чехия, Словакия, Молдовада бухгалтерлік есеп және аудит саласында өзін-өзі реттейтін ұйымдар бар (Польша міндетті аудиторлар палатасы, Чехия Республикасының аудиторлар палатасы, Словакия аудиторлар палатасы, Молдова Республикасының кәсіби бухгалтерлер және адиторлардың қауымдастығы). Еуропалық континентте өзін-өзі реттеу ұйымдары жақсы дамып жатқанына қарамастан оларға қатысушылардың жеке және қоғамдық жауапкершілігіне қатысты түйткілдер бар. Шығыс Еуропадағы өзін-өзі реттейтін ұйымдардың көпшілігінің өзіндік ерекшелігі – бұл кәсіби мінез-құлық ережелерінің, этика кодексінің және мамандықтың өзіне қойылатын біліктілік талаптарының белгіленуі. Ресей мен Қазақстанда өзін-өзі реттеу туралы базалық заң бар. Мұндай ұйымдар бағалы қағаздар нарығы және инвестициялық қорларында, тұрғын үй жинақ кооперативтер, бағалау қызметі және мемлекеттік емес зейнетақылық қорларда, сондай-ақ арбитраждық басқарушылар және кадастрлық инженерлер саласында құрылды. Өткен жылдың желтоқсан айына сәйкес жағдайда Ресейде 505 ерікті өзін-өзі реттеу ұйымы тіркелген, соның ішінде 80 ұйым өзін-өзі реттейтін ұйым мәртебесінен айырылған, қалған 425 жұмыс істеп жатқан бірлестік 19 729 адамды қамтиды.

Заңнама жарнама, патенттік тіркеу, медиация саласында ерікті түрде мүшелік ететін өзін-өзі реттейтін ұйымдарды құру мүмкіндігін белгілейді. Тұтастай алғанда, әзірге өзін-өзі реттеудің және мемлекет тарапынан реттеудің «салауатты теңгерімі» орындалған жоқ. Халықаралық тәжірибені ескере отырып, Қазақстанда кәсіби белгі бойынша өзін-өзі реттеуді кәсіпке қойылатын біліктілік талаптарын және олардың мүшелерінің жүріс-тұрысы мен этикасы ережелерін міндетті түрде белгілеумен енгізу қажет деп санаймыз. Осы ретте, халықаралық тәжірибе көрсеткендей, Өзін-өзі реттеу «бір сала – бір өзін-өзі реттеу» қағидатымен енгізілуі керек.

  Ағымдағы жылға жоспарлар қандай?

–  Биыл бірқатар басым бағыттар бойынша жұмыс істейтін боламыз. Біріншіден, ерікті өзін-өзі реттеуді дамыту. Түрлі салада ерікті өзін-өзі реттеуге өтуде бизнес мүддесін ескеру керек. Лифтілерді басқару, денсаулық сақтау, қалдықтарды басқару, техникалық реттеу және т.б. салаларға назар аударылады. Ерікті формадан кейін кезең-кезеңмен міндетті өзін-өзі реттеуге өтуді жоспарлап отырмыз. Мысалы, экологиялық және энергетикалық аудиторлардың қызметі,  сонымен қатар құрылыс жобаларын, банкроттық пен оңалту рәсімдеріндегі әкімшілердің қызметін кешенді ведомстволық емес сараптама саласында міндетті өзін-өзі реттеуді енгізу бойынша жұмыс.

– Мемлекеттік қызметті бәсекелік ортаға тиімді  беру үшін не істелді?

– Ұлттық жоспардың 97-қадамын жүзеге асыруға мақсатында биыл заң қабылданды, бәсекелес ортаға мемлекеттік функцияларды берудің негізгі тәсілдерін біріктіреді. Заң шеңберінде ҰКП-ның мемлекеттік функцияларды беру бойынша шаруашылық жүргізуші субъектілер мен олардың бірлестіктерінің жұмысын үйлестіру жөніндегі құзыреті кеңеюде. Заң қабылданған соң мемлекеттік қызметті бәсекелік ортаға беру процесі белсенді жүреді деп күтілуде. Осыған дейін бұл процесс жүйелі сипатта болған жоқ. 2000-2014 аралығында бәсекелік ортаға мемлекеттік органдардың тек тауарлар мен қызметтерді сертификаттау, техникалық байқауды ұйымдастыру функциялары берілді. Сонымен қатар «Алтын сапа» және «Қазақстанның үздік тауары» байқауларын өткізу құқығын да берді.

Сонымен бірге, мемлекеттік органдарға жүктелген функциялардың жалпы саны әлі де 15 мыңға жуық, оның ішінде үш топты бәсекелік ортаға тапсыру жоспарланған. Мәселен, бірінші топқа нотариалдық, адоакаттық, аудиторлық қызметтерді реттейтін фукнкциялар кіреді. Олар бойынша ведомстволық жол карталары әзірленген. Екінші топ бойынша энергоаудиторлар, банкроттық және оңалту басқарушыларды тапсыру жоспарланған. Осы екі топ бойынша жұмыстар аяқталған соң келесі жылы үшінші топты қарастырамыз.

– Осылайша,өзін-өзі реттеудің басты мақсаты – мемлекет, бизнес және тұтынушы арасында мүдделер теңгерімін сақтау. Бұл өте жауапты емес пе?

 –Иә, мемлекеттік бақылау төмендетілгенде Өзін-өзі реттеу институттары тауар, жұмыс, қызметтің сапасын жоғарылатуға қатысты жауапкершілікті өздеріне алулары керек. Міндетті өзін-өзі реттеу жағдайында мемлекеттік функциялар Өзін-өзін реттеу ұйымына өтеді, оған нарықтың барлық қатысушылары кіруі керек. Қатысушылар белгіленген стандарттарды ұстанып, мүліктік жауапкершілікті алып жүріп, өнім сапасы


Еншілес ұйымдар

Серіктестер